сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Осы құбылыстарды жою үшін қандай дәрумені (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атаулар) қолданған жөн?



бет50/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
1)Осы құбылыстарды жою үшін қандай дәрумені (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атаулар) қолданған жөн?
В6 витамині – химиялық атауы пиридоксин,биологиялық атауы адермин немесе антидерматиттік витамин.Классификациясы бойынша В6 витамині суда еритін витаминдер тобына жатады.Оның негізгі үш витамері белгілі – пиридоксол,пиридоксаль және пиридоксамин.В6 витаминінің молекуласы пиридин сақинасынан тұрады,онда сутегінің үш атомының әр орнын әр түрлі үш топ басқан.Олар – метильдік топ,гидроксильдік топ және гидроксиметильдік топ.Бұдан басқа азот атомының пара жағдайында пиридоксолда біріншілік спирт тобы,пиридоксальде альдегид тобы,ал пиридоксаминде амин тобы бар. В6 витаминін өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделеді. Жұмыртқа сарысында,бидайда,қара бидайда, ашытқыда көп.Оның тәуліктік дозасы ересектерде 1,5-2 мг,балаларда 0,4 мг.
2)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.
В6 витамині ферменттердің 2 түрлі класының құрамына кіреді.
1.Лиазалар класы,декарбоксилазалар тобы,амин қышқылдарының декарбоксилазалары топшасына кіреді.Амин қышқылдарының деакрбоксилазалары екі компоненттен тұрады,коферменті пиридоксальфосфат.Кофермент құрамына В6 витамині мен Н3РО4 кіреді.
2.Трансферазалар класы,аминотрансферазалар тобының құрамына кіреді.Аминотрансферазалардың коферменті де пиридоксальфосфат,оның құрамына В6 витамині мен Н3РО4 кіреді.
Биологиялық рөлі:
1.Аминотрасферазалардың өкілдері АЛТ пен АСТ құрамында олар трансаминденіп, алмастырылмайтын аминқышқылдарын түзуге қатысады.Қайта аминдену реакцияларын катализд.
2.АҚ деакрбоксилазалардың құрамында аминқышқылдарының декарбоксилдену реакцияларын катализдеп,биогенді аминдер түзілуіне қатысады.Биогенді аминдер - серотонин, гистамин, гамма-аминомай қышқылы.
3.ГАМҚ ОЖЖ-де медиатор тежеуші қызметін атқарады.
Реакциялары:
1)Триптофан = 5-гидрокситриптофан = серотонин + СО2 Триптофанның декарбоксилденуі
2)Гистидин = гистамин + СО2 гистидиннің декарбоксильденуі
3)Глутамин қышқылы = ГАМҚ + СО2
4)Аспарагин қышқылы = бетта-аланин + СО2
5)АЛТ қатысуымен : аланин + альфа-КГ = глутамин қышқылы + ПЖҚ
6)АСТ қатысуымен: аспарагин қышқылы + альфа-КГ = глутамин қышқылы + ҚСҚ
Авитаминозы:

  • Дерматит тері қабынуы, қызыл иек қабынуы стоматит,тілдің қабынуы глоссит

  • ОЖЖ зақымдануы,шеткі жүйкенің тырысып қалуы

  • Дененің ассиметриялы учаскелерінің зақымдануы

  • Жануар терісі түседі

  • Қан құрамындағы эритроциттер азаяды

  • ОЖЖ қозуы артады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет