1)Ұйқы безінде синтезделетін ферменттерді атаңыз. Осы ферменттермен катализденетін реакцияларды схемалық түрде жазыңыз. Трипсин және химотрипсин – гидролазалар класы,пептидазалар тобы,эндопептидазалар топшасына жататын ферменттер.Пептидазалар бір компонетті фермент, яғни жай белоктарға жатады.Құрамында тек белоктар ғана болады,простетикалық тобы болмайды, сондықтан оларды протеиндер деп атайды. Біркомпонентті ферменттер гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Трипсиннің молекулалық массасы 24 кДа, 6 дисульфидтік байланыстан тұратын бір полипептидтік тізбегі бар, оған 223 аминқышқыл қалдығы кіреді.Химотрипсиннің молек.массасы 25 Кда,оған 2 дисульфидтік байланыс,241 аминқышқыл қалдығы кіреді.Белсенді орталығы серин мен гистидин аминқышқылдарының қалдығынан тұрады.Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.
Белок + Н2О = полипептидтер Лейцилцистеилглицин + Н2О = лейцин+цистеин+глицин
Глицилаланин + Н2О = глицин + аланин Казеиноген + Н2О = казеин + альбумоз
2)Оларды іске қосу тәсілдерін көрсетіңіз, проферменттердің активаторларын атаңыз. Трипсин ұйқы безінде трипсиноген проферменті түрінде синтезделеді және осы формада панкреатин сөлінің бөлігі ретінде он екі елі ішекке енеді.Трипсин сілтілі ортада протеолитикалық фермент энтеропептидаза әсерінен трипсиноген молекуласынан гексапептид алынып, трипсиннің биологиялық белсенді құрылымы қалыптасады.Трипсинді оның активаторы энтеропептидазамен белсендіргеннен кейін автокатализ процесі басталады және трипсин ұйқы безінің басқа да ферменттерін,оның ішінде химотрипсиноген проферменттерін белсендіретін фермент ретінде әрекет етеді.Трипсиннің активтендіруі арқылы профермент химотрипсиноген белсенді формадағы химотрипсин ферментіне айналады.Трипсин үшін оптималды орта рН 7,8-8
3)Ұйқы безінің тінінде олардың активтенуінің салдарын түсіндіріңіз. Трипсиноген + Н2О = трипсин + гексапептид.Реакция барысында 229 аминқышқыл қалдығынан тұратын профермент трипсиноген энтеропептидаза активаторының әсерінен 223 аминқышқыл қалдығынан тұратын активті трипсинге айналды.
Химотрипсиннің активтенуі 2 сатыда жүреді:
1.Трипсин лей-13-сер-14 және арг-15 пен иле-16 арасындағы байланыстарды үзгеннен кейін А пептидтік тізбек түзіледі.Бұл тізбектен дипептид сер-арг бөлініп шығып,п-химотрипсин түзіледі.
2.Енді трипсин п-химотрипсиндегі тир-146 және тре-147 арасындағы байланысты үзеді де екінші дипептид бөлініп шығады.Реакция нәтижесінде А,В,С полипептидтік тізбектер пайда болады,олар екі дисульфидтік байланыспен қосылып,активті фермент альфа-химотрипсинді береді.
19-сұрақ
Асқазан жарасы бар науқаста оның бір бөлігі алынып тасталады. Бірақ операциядан кейінгі тексеру науқаста ақуыздарды сіңіру процесі айтарлықтай өзгермегенін көрсетті. Сауалнама нәтижелерін түсіндіріңіз Себебі асқазанда асқазан сөлінде болатын ферменттердің синтезделу орны мен активтенетін орны кеңістікте бөлінеді.