сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Осы белгілерге биохимиялық түсінік беріңіз



бет39/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
3)Осы белгілерге биохимиялық түсінік беріңіз.
Ретиналь опсин белогымен бірігіп,родопсин түзеді.Оның арқасында адам қараңғыда көре алады. Ретиналь мен ретинол екі түрлі формада,тұтас транс-формада және 11-цис-формада бола алады. Жарық әсерінен цис-ретиналь изомерленіп транс-ретинальға айналады да опсиннен бөлініп шығады.Бұдан кейін транс-ретиналь қараңғы кезде қайтадан 11-цис-ретинальға айналады,ал 11-цис-ретиналь опсинмен байланысады да родопсин түзеді.Бұл фотохимиялық реакция бұзылған жағдайда көздің торлы қабығындағы таяқша тәрізді нейрондардың родопсин пигменті түзілмей қалады.Таяқшалар ымырт кездегі рецепторлар болып саналады,оның негізгі құрылымдық бірлігі – көру пигменті родопсин болып табылады.Бұл пигмент опсин пен ретинолдан құралған,егер бұл процесс бұзылса адам ымырт кезде көре алмайтын ақшам соқыр немесе тауық соқыры ауруына шалдығады.Және А-авитаминозынан коъюктивит дамып,көздің шырышты қабығы кеуіп,ісінеді.ч
28-сұрақ
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқаста остеопороз дамыды. Бүйректегі синтездің бұзылуы қандай минералды зат алмасуды реттегіш остеопороздың негізгі себебі болып табылады?
1)Бұл белгілерді қандай витамин тапшылығы тудырады?
Д витаминінің авитаминозы:

  • Балаларда: рахит,мешел ауруы

  • Аяқ-қол сүйектерінің жұмсаруы, қисаюы

  • Баланың еңбегінің бітпеуі,кеуде сүйегінің деформациясы

  • Тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.

  • Бұлшық еттің гипотониясы,іш ұлғаюы

  • Желке тұсындағы шашы түсіп қалады

Ересектерде: кариес, остеомаляция, қарт кісілерде остеопороз ауруының дамуына себеп болады.
2)Витаминге әріп белгісін, оның химиялық және биологиялық атауын және тамақтану көздерін беріңіз.
Д/D витамині – химиялық атауы кальциферол,биологиялық атауы антирахиттік витамин.Таза Д витамині – ол Д2 витамині эргоферол болып саналады.Классификациясы бойынша майда еритін витаминдердің қатарына жатады,олар тек майлы орталарда,май қышқылдарынд ериді және өт қышқылының әсерінен жылдам ыдырайды.Жануарлардың және адам терісінде Д провитамині 7-дегидрохолестерол болады.Ол ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде Д3 витамині холекальцеферолға айналады.Сонымен қатар Д4 витамині 22-дигидроэргокальциферол, Д5 витамині 22-этилхолекальциферол бидай дәнінен бөлініп алынған формалары.Д6 витамині 22-дегидроэтилкальциферол бұршақ тұқмдас өсімдік майынан алынған формасы,ал Д7 витамині кампекальциферол синтездік жолмен алынған формасы болып табылады.
Д витамині жануар текті өнімдерден балық бауыры,сиыр,қой,тресканың бауыр майы,сары майда,сүтте,жұмыртқада,ашытқыда көп болады.Сонымен қатар өсімдік майында,саңырауқұлақтарда кездеседі.Тәуліктік қажеттілігі 0,012- 0,025 мг


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет