1.Тері қабатында,тыныс жолдарында және ас қорыту жолдарына эпителий жасушаларының түзілуін реттейді.Өсіп келе жтқан организмнің клеткаларының бөлінуі мен көбеюіне қатысады
3.А витамині альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп,көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді.Қорғаныш белоктар мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.
4.А витамині кератиндену реакциясын ұстап тұрады.Кератин жиналған кезде цилиндрлі эпителий жасушалары жалпақ түрге айналып түсіп отырады.
5.Ретинол цистеинді цистинге тотықтыратын ферменттің активтілігін тежейді. Цистин кератиннің синтезіне қажет.Ретиной қышқылы эмбрионның, жас организмнің жасушаларының қалыпты өсуі мен дифференциациясын реттейді.
6.ГАГ синтезіне қатысады. Гликозилдену, сульфаттану реакцияларын тездетеді.
Авитаминозы:
Гемералопия,ақшам соқырлық,қараңғыда көрмеу
Ксерофтальмия көз жасы жолдарының бітеліп қалуы
Конъюктивит.Көздің қасаң қабығының ісінуі мен кебуі
Барлық мүшелер мен тін жасушаларының керетозы.Терінің шамадан тыс мүйізденуі
Стоматит,трахеит,бронхит,колит,гастрит,энтерит және цистит аурулары
Гипервитаминозы:А витаминінің гипервитаминозы витаминді және балық майын шамадан тыс қолданғанда байқалуы мүмкін. Симптомдары: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, тәбеттің жойылуы, жүрек айну,құсу, іш өту, бас ауыруы, буындардың ауыруы, бауырдың үлкеюі, организмнің титықтауы.
2)Осы витаминнің провитамині қалай аталады; қандай тағамдарда витамин және оның провитамині бар? А витамині көкеністерде,әсіресе қызыл-сары түсті көкеністерде көп болады. Себебі оларда қызғылт сары түсті пигмент каротиноидтар болады.Ондай пигменттер адамда және жануарда А – авитаминоз ауруын болдырмайды.Каротиноидтан көміртегінің 40 атомынан құралған және олар ретинолды құрайтын провитаминдер болып табылады.Каротиноидтар каротинге және ксантофильге бөлінеді.Каротиндердің альфа,бетта және гамма деп аталатын үш түрі белгілі.Бұлар ас-сумен бірге организмге түскеннен кейін каротиназа ферменті көмегімен бауырда ыдырайды да А1 витаминін түзеді.Каротиноидтардың ішінде әсіресе активтісі бета-каротин,ол каротиннің бір молекуласынан ретинолдың екі молекуласын түзеді.Ал альфа мен бета біреуден ғана ретинол түзе алады.Ксантофильдер ыдырап айырылу арқылы А витаминін түзеді.