Сұрақ-тапсырма №1 (Ұлпан)



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі42 Kb.
#72868
1   2   3
Оқушы жауабы :Біжікен-Есеней мен Ұлпанның жалғыз перзенті. Ауыл молдасынан оқыған. Әкесін алғаш көргенде қатты шошиды.Торсанға тұрмысқа шығады. Аяғы ауыр кезінде қайтыс болады. Ең соңғы сөзі :-«Апа,Торсан жаман жігіт екен...» . Жұмбақ өліммен өледі.
Сұрақ-тапсырма № 11 (Торсан) 
1.Торсанның күшік күйеу болып Есенейдің үйіне кірудегі арам ойын айтыңыз.
2. Біжікен мен Торсан (Торсанның екіжүзділігі).
3. Ұлпанға көрсеткен қорлығы (дәлелдеп айту).
Оқушы жауабы. Торсан уақ-сыбан елінің пысық жігіті. Есенейден қалған бар байлыққа арам жолмен ие болады. Ұлпанға тіл тигізеді. Екінші рет үйленеді. Әйелі екеуі – «Шық бермес Шығайбайлар...» Ол 1920 жылы қайтыс болады.
Сөз соңы. Шайдан кейін Ұлпан Біжікеннің зиратына барып келді де, қызыл іңірден жатып қалады. Дәмелі үйіне кетерде :
-дәмелі апа, біреуді Шынарға жібере қойшы. Күн шықпай осында келсін,-деді.
Бір кішкене алтындатқан сауыттың ішінде ауызы желімделген шыны болар,-деген еді бір кезде Есеней.
-У ма №-деп сұрады.
-Жорықта жүргенде жау қолына түсіп қалсам керек болар деп жоңғар саудагерінен аттың құнын беріп алып едім...
Ұлпан байламын жасады... Бір сөзді еді.Айныған жоқ... (255-бет)
Сабақты бекіту .
Мен ұзын сапты бақырашпен пештің ішіндегі балқып жатқан тастарға екі рет су шашып қалдым. Бір тастан «Ұлпан» деген сөз шыға келді. Жазу сонша таныс көрінді,мен іркілместен «Ұлпан» деп оқыдым...
Аяусыз қолдар ақ мраморды талқандап сындырып,моншаның пешіне салыпты.
 -Ғабит-ау,Ұлпан сорлының көрмеген азабы бар ма ?.. Ана бір жылдардағы ауыр кезде Ұлпанның басына қойылған ақтас жоқ болып кетті. Осы елдің жігіттері сатып жіберді деген өсек те бар...-деді Исахмет қария. (259-бет)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет