32. Патологиялық физиология негізгі бөлімдері.
1. Жалпы нозология;
2. Жалпы этиология және патогенез;
3. Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер.
Жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттейді.
32.Патологиялық физиология негізгі бөлімдері.
Жауап: Патологиялық физиология жалпы патологиялық физиология және жүйелік патологиялық физиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады.Жалпы патофизиология ауру туралы жалпылама түсінікпен(жалпы нозология) және біртектес дерттік үрдістермен сипатталады.
Жалпы патофизиология организмдегі біртектес үрдістерді (қабыну, қызба, зат алмасудың бұзылуы, ісіктің өсуі, т.б.); жүйелік патофизиология жекелеген органдар мен жүйелердің (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек және қанайналым, тыныс алу жүйелері, т.б.) жұмысының бұзылуын зерттейді.
33. Патофизиология әдістері.
Жауап: Патофизиология қалыпты физиология сияқты эксперименттік әдісті қолданады.Лабораториялық жануарларда адам ауруларының,үлгісін алады.Аурудың үлгісі деп зертханалық жануарларда адам ауруларының кейбір түрлерінің көшірмесін алуды айтады.Адамның көптеген ауруларының үлгілерін тәжірибелік жануарларда алуға болады.Жарақаттық сілейме,қант диабеті,атеросклероз,артериялық гипертензия т.б.Психикалық,өспенің кейбір түрлерін,аллергиялық ауруларды жануарларда қайталауға мүлдем болмайды.
34.Эксперименттің маңызы. Медико-биологиялық эксперименттерді құрастырудың жалпы ұстанымдары және олардың нәтижелерінің интерпретациясы.
Жауап: Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады;
Аурудың эксперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы сатысына дейін байқауға болады;
Аурудың емделмеген түрін байқап,толық тексеруге болады.
Жаңа ашылған аурудың қандайда болмасын ем тәсілдерін жануарларда тексеру(эксперименттік терапия) мүмкіншілігі болады.Клиникалық бақылау қазіргі зерттеу құралдары арқылы(кт,улз т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |