Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?



бет2/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк

Терминалды жағдай (Ақтық жағдай) — өлім мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім халіндегі күйі. Бұл кезде әртүрлі патологиялық процестердің әсерінен гомеостазды қолдап отыратын әртүрлі мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік-маңызды қызметі бұзылады. Терминалды жағдайларға алып келетін себептер әртүрлі болып келеді: ауыр жарақаттар, жедел қан жоғалту, жоғары және төмен температура әсері, ауыр жедел интоксикация, коронарлы қан айналым бұзылыстары т.б. терминалды жағдайларда әр түрлі себептерге қарамастан ағзада жалпы өзгерістер байқалады.
2. Постреанимациялық ауру дегеніміз не?
Жауап: Постреанимациялық ауру – Терең гипоксияның пайда болуына байланысты, әсіресе қан айналымы сипатындағы, органикалық және реанимациялық шаралар кезінде барлық органдар мен тіндер де, сондай-ақ метаболитикалық өнімдермен улану салдарынан туындайтын, органикалық жеткіліксіздіктің алғашқы синдромы.


3. Постреанимациялық аурудың қандай кезеңдері болады?
Жауап:  Постреанимациялық аурудың 5 кезеңі бар:

  • I кезең (алғашқы 6-8 сағат) ағзаның негізгі функцияларының тұрақсыздығымен сипатталады. Артериялық қысымның тұрақтануына, циркуляторлық гипоксияның, лактоацидоздың құбылыстарына қарамастан, тіндердің перфузиясы 4-5 есе төмендейді, фибриногеннің деградация өнімдерінің (ПДФ) және фибрин-мономерлердің (РКФМ) еритін кешендерінің құрамы артады.

  • ІІ кезең (10-12 сағат) — ағзаның негізгі функцияларының уақытша тұрақтану кезеңі және науқастардың жағдайын жақсарады. Бірақ тіндердің перфузиясының айқын бұзылуы, лактоацидоз сақталады, ПДФ деңгейінің одан әрі жоғарылауы және РКФМ анық өсуеді, гиперкоагуляцияның фибринолиз – белгілері баяулайды. Бұл айқын гиперферментемия құбылыстары бар «метаболикалық дауыл» сатысы.

  • ІІІ кезең (1-ші – 2-ші тәуліктің соңы) клиникалық және зертханалық деректердің динамикасы бойынша науқастардың жай-күйінің қайта нашарлауымен сипатталады. Гипоксемия, тахипноэ, тахикардия, артериялық гипертензия, жас және орта жастағы адамдарда — жіті өкпенің зақымдану синдромының немесе жіті респираторлық дистресс-синдромның (СОЛП/ОРДС) ұлғайып келе жатқан қан шунттануының белгілері дамиды.

  • IV кезең (3-және-4-ші тәулік) бұл немесе асқынусыз сауығып, ағза функцияларының тұрақтану және одан әрі жақсару кезеңі; немесе жүйелі қабыну жауабы синдромының (ССВО) өршуіне байланысты полиоргандық жеткіліксіздіктің (СПОН) өсуімен науқастардың жай-күйінің одан әрі нашарлау кезеңі. Гиперкатаболизммен, өкпе және ми тіндерінің интерстициальды ісінуінің дамуымен, гипоксия мен гиперкоагуляцияның тереңдеуімен, полиорганды жеткіліксіздік белгілерінің дамуымен сипатталады: АІЖ мүшелерінен қан кетулер, галлюцинаторлық синдромы бар психоздар, қайталама жүрек жеткіліксіздігі, панкреатиттер және бауыр қызметінің бұзылулары байқалады.

  • V кезең (5-7-ші тәулік және одан да көп) ПРБ қолайсыз ағымында ғана дамиды: қабыну іріңді процестердің өршуі (пневмония, жиі абсцедирлеуші, жаралардың іріңдеуі, операция жасалған науқастардағы перитониттер және т.б.), инфекцияның генерализациясы — адекватты антибиотикотерапияның ерте жүргізілуіне қарамастан септикалық синдромның дамиды. Бұл кезеңде паренхиматоздық органдардың зақымдануы дегенеративті және деструктивті сипатқа ие болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет