Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?


Апоптоздың қандай сатылары болады?



бет7/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк

20. Апоптоздың қандай сатылары болады?
Жауап: Апоптоздың даму кезеңі:
1.Хроматин конденсациясы және клетканың сығылысуы (цитоплазма конденсациясы салдарынан).Хроматин ядроның шетінде тығыз гомогенді масса түрінде орналасады. Бұл кезде цитоплазма көлемі кішірейіп, клетканың жалпы құрылымы өзгереді.
2. Ядро және цитоплазманың фрагментациясы, яғни апоптозды денешіктің пайда болуы, ядро қабықшасымен қоршалған және тығыз хроматин фрагменттерге ыдырайды.Клеткада терең өсінділер болады, қалақтар пайда болады, олар біртіндеп үзіледі және оларды апоптозды денелер деп атайды. Оларда ядролы фрагменттер немесе цитоплазма бөліктері болуы мүмкін.
3. Апоптоздық денешіктерді қоршайтын клеткалар фагоцитозы. Апоптоздық денешіктердің фагоциттоздауға фагоциттер ғана емес, және де қоршайтын барлық клеткалар да қабілетті. Клеткалар апоптозды денені плазмолеммалар үстінің өзгеруі бойынша тани алады.
Апоптозды денешік дегеніміз - клеткадағы орналасқан терең өсінділердің үзілуі нәтижесінде түзілген құрылым.
21. Автономды апоптоз дегеніміз не?
Жауап: Эмбриогенез сатысы бойынша жасушаның бағдарланған бұзылысы (автономды апоптоз). Автономды апоптоздың үш сатысын ажыратады:
морфогенездік, гистогенездік және филогенездік.
Морфогенездік апоптоз -әр түрлі тіндік бастамалардың бұзылысына
қатысады:
• саусак аралықтағы жасушалардың тіршілігін жоғалтуы;
• қатты таңдай түзілуі кезінде таңдай өсіндісімен қосылған жерінде «артық» эпителий жасушасының тіршілігін жоюы;
• жүйкелік түтіктің және сонымен байланысқан мезодерманың екі жақты
эпителийінің бірігуі үшін, жүйкелік түтіктін жабылуы кезіндегі сырткы
жаға бөлімі жасушасының тіршілігін жоюын қамтамасыз етеді.
Гистогенездік апоптоз - тіндердің және мүшелердің нақтылануында орын
алады, мысалы, тіндік бастамалардан гормонға тәуелді жыныс мүшелерінің
нактылануы. Сертоли жасушаларымен еркек аталык безінде гормон түзіледі,
олапоптоз жолымен Мюллер өзегінің кері дамуын шақырады, одан әйел адамдарда жатыр түтігі, жатыр және қынаптың жоғарғы бөлімі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет