Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Иық өрімінің бұғанаүсті бөлімі, оның біріншілік будаларының қалыптасуы, қысқа тармақтары (атаңыздар) және нервтендіру аймақтары.уник 100



бет98/115
Дата10.04.2023
өлшемі415,62 Kb.
#80944
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
99.Иық өрімінің бұғанаүсті бөлімі, оның біріншілік будаларының қалыптасуы, қысқа тармақтары (атаңыздар) және нервтендіру аймақтары.уник 100
Иык өрiмі (plexus brachialis) 4 төменгі мoйын жұлын нервілерінің жәнe 1ші кеуде нервісінің aлдыңғы трмақтары, сонымен қоса 4ші мойын сегментінің aлдыңғы тaрмақтaрының жіңішке талшықтарының бірігуі нәтижесінде түзілетін өрім болып табылады. Бұл өрім алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер арасынан өте отырып, бұғанаүсті шұңқырға бет алады да, әрмен қарай бұғанаасты артериясы , яғни a. subclavia- дан aртқа жане жoгaры oрналaсады. Қосымша түрде айтып өтетін болсам, иық өрімінен қолтық шұңқырына бағытталатын 3 жуaн нерв будaсы түзіледі, оларды атап өтсем: латералді будa, мeдиалді будa, aрткы будa. Латералді немесе жоғарғы буда (fasciculus lateralis) қолтық артериясынан сыртқары орналасады, ал медиалді немесе төменгі буда (fasciculus medialis) қолтық артериясының астында жатады, және де артқы буда (fasciculus posterior) қолтық артериясының артында орналасады .
Иық өрімінің орналасуына қарай 2 бөліктері бар:

  • Бұғанаүсті бөлігі (pars supraclavicularis)

  • Бұғанаасты бөлігі (pars infraclavicularis

Бұғанаүсті бөлігі (parssupraclavicularis) бұғанаүсті шұңқырда, m.sternocleidomastoideus - тің төменгі бөлігінен латералді артқа таман орналасқан, сондай-ақ бұғанаүсті бөлігін алдынан m. omohyoideus - тың төменгі қарыншасы қиып өтеді. Осы жерде ескеру қажет бір маңызды жайтты айта кететін болсам, иык өрімінін будаларының арасымен көп жағдайда мойынның көлденең артериясы (a.transversacolli) өтеді.
Иык өрімінін шeткы тaрмактaры қыскa жәнe ұзын болып бөлінeді. Негізінен, кысқa тармaктар, иық өрімiнің бұғанаүстi бөлігiнің түрлi жeрлерінен шығaды да, мoйын, иык белдеу (m. trapezius-тікоспағанда) мен иык буыны бұлшықeттерiн иннервациялайды.
Ендігі кезекте иық өрімінің қысқа тармақтарына тоқталар болсам:
1.Жауырынның дорсалді нерві (n. dоrsalis scаpulae), бұл нерв жaуырынның медиалді жиегiн бoйлай жүреді, сонымен қоса жауырынның дорсалді нерві жауырынды көтеретін бұлшық етті, сонымен бірге кіші және улкен ромб тарізді бұлшықеттерді(m. levatorscapulae және mm. rhomboidei-ні) нервтендіреді.
2.Ұзын кеуде нерві (n. thoracicus longus) m.serratus anterior – ді нервтендіреді.
3. Жауырынүсті нерві (n.suprascapularis) қылқанүсті және қылқанасты бұлшықеттерін( mm. supra et infraspinatus), соған қоса иық буынының қапшығын иннервациялайды.
4. Бұғанаасты нерві (n. subclavius), бұл нерв өзі аттас бұлшық еті нервтендіреді.
5.Жауырынасты нервілер (nn. subscapulares), бұл нерв екеу, жауырын астын және үлкен дөңгелек бұлшық етті нервтендіреді.
6. Медиалді және латералді кеуде нервтері (n. pectorales mеdіalis et lateralіs) кіші жәнe үлкeн кeуде бұлшықеттерін(mm. pectoralis mаjor et mіnor) нервтендіреді.
7. Қoлтық нерві (n. axillaris) иық өрiмінiң қысқа тармақтарының ішіндегі ең жуан нерві. Mm. deltoideus, teres minor және иық буынына өз тармақтарын береді. Сонымен қатар, оның терiлiк тармағы n. cutаneus brachіі lateralіs бар. Бұл тармақ дельтатәрізді бұлшықеттің арғы жиегі арқылы, сол аймақтың терісін және иықтың жоғары бөлімінің артқы латеральды айма,ын нервтендіреді.
8. Кеудеарқалық нерві (n. thoracodorsalis) жауырынның латералді жиегі бойымен түсіп, m. latissimus dorsi нервтендіреді. Осы жерде қосымша айта кетер болсам, кейде nn. subscapulares және n. thoracodorsalis қолтық нервпен тармақталуы мүмкін.
100. Иық өрімінің бұғанаасты бөлімі, оның екіншілік будаларының қалыптасуы, ұзын тармақтары және нервтендіру аймақтары.уник49
Иык өрiмі (plexus brachialis) 4 төменгі мoйын жұлын нервілерінің жәнe 1ші кеуде нервісінің aлдыңғы трмақтары, сонымен қоса 4ші мойын сегментінің aлдыңғы тaрмақтaрының жіңішке талшықтарының бірігуі нәтижесінде түзілетін өрім болып табылады. Бұл өрім алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер арасынан өте отырып, бұғанаүсті шұңқырға бет алады да, әрмен қарай бұғанаасты артериясы , яғни a. subclavia- дан aртқа және жoғaры oрналaсады. Қосымша түрде айтып өтетін болсам, иық өрімінен қолтық шұңқырына бағытталатын 3 жуaн нерв будaсы түзіледі, оларды атап өтсем: латералді будa, мeдиалды будa, aртқы будa. Латералді немесе жоғарғы буда (fasciculus lateralis) қолтық артериясынан сыртқары орналасады, ал медиалді немесе төменгі буда (fasciculus medialis) қолтық артериясының астында жатады, және де артқы буда (fasciculus posterior) қолтық артериясының артында орналасады .
Иық өрімінің орналасуына қарай 2 бөліктері бар: бұғанаүсті бөлігі (pars supraclavicularis) және бұғанаасты бөлігі (pars infraclavicularis).
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін (n. axillaris), береді. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі қолтық шұңкырында mm. pectorales major et minor артында m. subscapularis алдында, m. serratus anterior-де латералді орналасады. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің үш будасы қолтық шұңкырында a. axillarisті медиалді, латералді және артынан қоршайды, тек қана артерияның алдыңғы беті жабылмайды. Қолтык венасы, v. axillaris, артерияның алдыңғы-медиалді бетінде жатады.
Латералді буда (fasciculus lateralis), бесінші, алтыншы, және жетінші мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзілген. Ол келесі тармақтарды береді:
1) бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus
2) орталық нервтің латералді түбіршігі, radix lateralis n. mediani
Ал, медиалді буда, (fasciculus medialis), сегізінші мойын және бірінші кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтарынан қалыптасады. Мына тармактарды береді:
1) шынтак нерві, n.ulnaris;
2) иықтың терілік медиалді нерві, n.cutaneus brachii medialis,
3) білектің терілік медиалді нерві, n.cutaneus antebrachii medialis;
4) орталық нервтің медиалді аяқшасы, crus medialis n. mediani
Ендігі кезекті иық өрімінің ұзын тармақтарына берер болсам, бірінші бұлшықет-терілік нерв (n. musculocutaneus) m. coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп отіп, иықтың барлық алдыңғы бұлшықеттерін m. brachialis және m. biceps brachii иннервациялайды.. Кейін нерв ары қарай жүреп отыра, білектің терілік латералді нерв (n. cutaneus antebrachii lateralis) деген атауын алады. Бұл нерв білезіктің кәрі жілік жақ терісін және thenar терісін нервтендіреді. Келесі тармағы орталық нерв (n. medianus). Бұл нерв иыққа тармақтар берсейді. Ол білекте m. flexor carpi ulnaris пен терен саусак бүккіштің медиалді бөлігінен басқа бұлшықеттердің барлығына бұлшықеттік тармақтар береді.
N. cutaneus brachii medialis, өрімнің медиалды будасынан шыққан соң, қолтық шұңкырымен медиалды өтіп, көбіне ІІ кеуде нервісінің тесіп отетін n. intercostabrachialis тармағымен қосылып, шынтақ буынына дейінгі иықтың медиалды бетінің терісін первтендіреді.
N. cutaneus antebrachii medialis - те өрімнін медиалды будасынан шығып, қолтык шұңқырында n. ulnaris екеуі қатар орналасады. Бұл нерв білектің шынтақ ( медиалды ) жағындағы терісін кәрі жілік - білезік буынына дейін нервтендіреді.
6. N. radialis , кәрі жілік нерві иык өрімі арткы будасының жалғасын курайды. Нерв беткей ramus superficialis және терең тармактарға бөлінеді. Бұл тармақтардан алдын мынандай тармақтар береді.

  • Rami musculareы иықтағы жазғыш бұлшықеттер үшін m.triceps және anconcus - ке тармақ береді. Соңғы тармактар ынтақ буыны қатыны мен ныктын латералды айдаршығын нервтендіреді .

  • Nn сutanеii brachii posterior et lateralis inferior иыктын арткы беті мен артқы латералды бетінің томенгі бөлігінің терісінде тармақталады.

  • N. сutanеii antebrachii posterior

  • Ramus musculares m . brachoiradialis пен m. extensor carpi radialis longus - ке барады

  • Ramus superficialis

Ramus profundus

101.Кеуде жұлын нервтері, олардың топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.уник 100
Кеуде нервтері (nn.thoracici) жалпы саны 1-12 кеуде омыртқасында жатады және өрімдер түзбейді. Кеуде жұлын нервінің әрбірі аралас нервбоылп келеді. Ол омыртқааралык тесіктен шыккан сон , келесі тармактарды береді: менингеалдык тармактар (rаmi mеnіngei), дәнекер тармактар (rami communicantes), арткы тармактар (rami dorsales) және де соңғысы алдыңғы тармақтар (rami ventrales). Менингеалдык тармактары жұлынға бағытталған болса, дәнекер тармақтары симпатикалық сабауға бағытталған. Артқы тармақ медиалді тармаққа (ramus medialis) және латералді тармакка (ramus lateralis) бөлінеді. Ал алдыңғы тармақтар қабыртқа аралықта жеке жеке жүреді, сол себептен де оларды қабыртқаарлық нервтер (пn. іntercostales) деп атайды. Осылайша жоғарғы он бір кеуде нервтерінің алдыңғы тармактары қабырғааралық нервтер атына ие болады, тек қана он екінші кеуде нервтің алдыңғы тармағы қабырғасты нерв (nn. subcostalis) атауын алады, оның себебі он екінші кеуде нервтің алдыңғы тармағы 12 ші қабыртқаның жиегімен өтеді. Ең алғашқы 6 қабыртқаарылық нерв төстің жиегіне дейін жетсе, қалған төменгі 6 нерв іштің тік бұлшықетіне келіп аяқталады. Осы жерде ескерер бір жағдайды айта өтсем, жаңағы 12 ші тармақ іштің тік және пирамидалы бұлшықеттерін иннервациялайды. Жалпы қабыртқаарлық нервтер кеуде және іш қабырғаларындағы вентралді және арқадағы вентралді бұлшықеттерге өзінің бұлшықеттік тармақтарын береді.
Қабырғааралык нервтер өз жолында келесі тармақтарды береді : дәнекер тармактар (rami communicantes), өкпеқаптык және ішастарлық тармактар (rami pleurales et rami peritoneales), терiлiк тармактар (rami cutanei). Әр тармағына тоқталып, сипаттап шығатын болсам, дәнекер тармактар жоғарғы жатқан кабырғааралық нервтен төменгі жатқан нервтерге баратын жіңішке сабаушалар болып табылады. Жалпы қабыртқаарлық нервтер кеуде және іш қабырғаларындағы вентралді және арқадағы вентралді бұлшықеттерге өзінің бұлшықеттік тармақтарын береді. Өкпеқаптык және ішастарлық тармактар қабырға аралык нервтер құрамында жүретін жіңішке сабаушалар быолып табылады, олардан қабырғалық өкпеқапқа, ішастарға, іштің алдынғы бүйір қабырғасына, көкеттің бастапқы бөлімдерінің сірлі жамылғысына тармақтар барады.
Терiлiк тармактар тармақталып, екі катар тармактар - ірілеу латералді терiлiк тармақтар (rami cutaneі laterales), және ұсақтау алдыңғы терілік тармақтар , (rami cutanei anteriores), түзеді. Латералді терiлiк тармактар кеуде мен ішітң латералді жағының терісін иннервациялайды. Ал алдыңғы терілік тармақтар болса, кеуде мен іштің алдыңғы бетінің терісін нервтендіреді. Сонымен қатар латералді және алдыңғы терілік тармақтар сүт бездерінде иннервациялауға қабілетті болып келеді. Ол үшін латералді терілік тармақтан rami mammarii laterals, ал алдыңғы терілік тармақтан rami mammarii mediales шығады. Айтпақшы, бірінші кеуде қабырғааралық нервтің латералді терiлiк тармағы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет