Абайдың 45 қара сөзі, прозалық шығармалары, 3 мыңнан астам өлеңдері-бәрінің басты арқауы- қазақ елінің саяси-әлеуметтік жағдайы, жастардың бола-шағы, оқу, өнер, адамгершілік, еңбек туралы оқып, тәрбие алуы болып келеді.
Абай «Отыз екінші қара сөз»де ғылымға талаптанушыларға алты түрлі шартты ұсынады. «Адамның көңілі шын мейірленсе білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі….дей келе,..ғылымды дүниені тануы үшін қоғам, ел мақсаты үшін үйрету керек» деп, оқытушы қауымға білім берудегі ғылыми принципті ұсынады.
А. Байтұрсынов (1873-1938)
Тұңғыш лингвист-ғалым, қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуының көш бастаушысы, бірнеше әдістемелік мақа-ланың авторы. Көп ізденген, көптеген мақалалар, еңбектер жазған ғалым-әдіскер.