1 Кіріспе
2. Допты ойынға қосу түрлері
3. Допты жоғарыдан ойынға қосу тәсілін нығайту.
4. Допты төменнен ойынға қосу
5. Тапсырманың дескрипторлары
6. Волейбол ойыны
7.Қорытынды
8. Пайдаланған әдебиеттер
Допты ойынға қосу
Допты ойынға қосудың бірнеше түрі бар. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады,екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады.
1. Допты ойынға қосу кезінде ойыншы торға бетін бағыттап тұрады.
2. Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.
3. Сермеу кезінде түзу оң(сол) қолды артқа апарады.
4. Допты 40-50 см жоғары лақтырады.
5. Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен алға-жоғары орындайды.
6. Доптың ұшу күші жоғалмау үшін соққыдан кейін қолын жоғары-алға қарай бағыттайды.
Осыдан кейін допты жоғарыдан ойынға қосу әдісін үйрену үшін білім алушыларды екі топқа бөліп, волейбол алаңының 3 м сызығының сыртына тұрғызып, тор арқылы келесі тапсырмалар беріледі:
допсыз қимылын (имитация) орындайды;
доппен орындайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары: Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Волейбол ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;
Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен алға-жоғары орындайды;
Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.
Топтар тордан 3м сызық артындағы сапта орналасады. Екі топ ойыншылары кезекпен алты рет допты тура жоғарыдан ойынға қосады. Цифрлы шаршыға түсіруге және көп ұпай жинауға тырысады. Допты лақтыруда қате орындаған жағдайда қайта орындауға рұқсат берілмейді және ұпайлар есептелмейді. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары: Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Волейбол ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;
Ойын кезіндегі төрелік ету ережелерін түсінеді.
Волейбол ойыны- әл дегеннен ойын допты ойынға қосудан басталады. Шабуыл есебіне жататын мұның әдістік орындалуы мынадай: допты ойынға қосу кезегі келген волейболшы шабуыл жасайтын алаңның шетіндегі орында тұрып, бір қолмен допты жоғары көтеріп, екінші алаңға қарай соғады.Орындалу жағынан бұл екпінді, кезделген, қалықтаған болып бөлінеді. Екпінмен соғудың мақсаты- қарсы жақтың допты қабылдауын қиындатып, қателестіріп өз командасына ұпай әперу. Қөзделген соққының мақсаты- допты қарсы жақтың әлсіз ойыншысына немесе нашар қорғалған тұсқа саңылау тауып жіберу, қалықтап ұшу кезінде доп айналып ұшпайды және жолының кез келген бөлігінде өзінің бағытын өзгертіп жібере алады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986