Жалаң жаккардты трикотаждың оң және теріс жағының фактурасы бірдей емес.
Жайманың оң жағындағы түрлі-түсті өрнек әсем және айқын, олар түсі әр-түрлі жіптерден тоқылады.
Жайманың теріс жағында түрлі-түсті жіптерден алынған созылмалар айқын көрінеді, олар бір горизонтальді қатарда бір түстес ілмектерді біріктіреді, сонымен қатар созылмалар жіптердің қосымша қабатын құрайды да, жылусақтағыш қасиетін арттырады.
Жалаң жаккардтың суреті ұсақ, содай-ақ ұзын созылмалары бұйымның созылымдылығы мен беріктігін азайтады, суретті құру кезінде бір түстен горизонтал қатарында қатарынан 4-5 ілмектен артық құруға болмайды.
Қосарлы жаккардты трикотаж түрлі-түсті ірі өрнектермен сипатталады. Оң және теріс жағының сипаттамасына байланысты толық және толымсыз жаккардты түрлеріне бөлінеді.
Толық қосарлы жаккардтың оң ілмектері теріс ілмектен ұзынырақ болады.
19, б сур. Қосарлы толық екі түсті жаккардты өрім
Толымсыз косарлы жаккардтың оң жағы толық түріне ұқсас, ал теріс жағында әр түсті ілмектер кезегімен алмасады, яғни инелер біреуден кейін жұмыс істейді.
Мұны орындау үшін теріс ілмектерді құрайтын инешекте екі позициялы инелерді біреуден кейін орнатады және жұмысқа кезекпен қосады.
Жаккардты трикотаж салыстырмалы түрде қалың және ауыр болады, созлымдылығы мен тарқатылуы шамалы. Осы өрімнен жемпір, жәкет, көйлек, әйелдер костюмын, шулық-ұйық бұйымдарын, биялай мен қолғаптарды өндіреді.
Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылады. Әлмектер қатарлары жіптің бірізді иілеу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауысады, кейін үшіншіге.
Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (вертикаль бағытпен) тез сөгіледі.
Желіжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (желіжіп) құралады.
Ілмекті қатарда алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіпөз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, сонан кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.
Мұны орындау үшін бір жіп кезегімен екі шектес инеге салынады: ІІ қатардағы 2 инеге салынған жіп, ІІІ қатарда 3 инеге салынады, ал ІV қатарда қайтадан 2 инеге.
Сонымен желіжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді.
Желжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен тым аз тарқатылады.
Желіжіптік трикотажда ілмектін құрылысы, иілмегеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Желіжіптік трикотаджың ілмегі таяқшалардан, ілмек басы және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан тұрады.
Трикотаж құрылысының негізгі сипаттамалары және оларды есептеу әдістер
Трикотаж тығыздығы, жіптің қалыңдығы, ілмектің ұзындығы жіне массасы трикотаждың маңызды параметрлері болып табылады.
Трикотаж тығыздығы оның бірлік ауданына келетін ілмектер санымен сипатталынады.
Трикотаждың бірлік ауданына ұзындығы 100 мм тең квадрат қабылданған. Тығыздық екі бағытта анықталынады: горизонталь және вертикаль бойынша.
Гризонталь бойынша тығыздығы трикотаждың ені бойынша 100 мм келетін кесіңдіде қанша ілмек бағаншасы бар екенін көрсетеді, және ПГ деп белгіленеді. Вертикаль бойыншатығыздығы трикотаждың ұзындығы бойынша, 100 мм келетін кесіндіде қанша ілмек қатары орналасқанын көрсетеді, және ПВ деп белгіленеді. Тәжірибеде тығыздықты трикотаждың үлгісі, жайма немесе бұйым бойынша 100 мм тең кесіндідегі ілмек қатары мен ілмек бағаншаларын есептеу арқылы анықтайды.
Трикотажды жобалаған кезде тығыздығты жіптің берілген сызықтың тығыздығы немесе машинаның классы бойынша теориялық түрде есептейді. Тығыздықтарды есептелген кезде тығыздық бойынша анықталатын ілмек қадамы А деп және ілмек қатарының биіктігін В деп білу қажет.
Ілмек қадамы А деп ілмек қатарындағы екі қатар орналасқан ілмектердің өстерінің ара қашықтығын айтады.
Ілмек қадамын, мм, горизонталь бойынша тығыздығына кері пропорционалды өлшем ретінде анықтауға болады:
А = 100 / ПГ
Горизонталь бойынша тығыздығын, ілмек қадамының өлшемі бойынша келесі формуламен есептеуге болады
ПГ = 100 / А
Ілмек қатарының биіктігі В деп бір ілмек бағаншадағы биіктігі В деп бір ілмек бағаншадағы қатар орналасұан екі ілмек өстерінің ара қашықтығын айтады. Ілмек қатарының биіктігі, мм, вертикаль бойынша тығыздығына кері пропорционалды шама ретінде анықталынады:
В = 100 / ПВ
яғни, қыншалықты вертикаль бойынша тығыздығы жоғары болса, соншалықты ілмек қатарының биіктігі төмен болады.
Вертикаль бойынша тығыздығын ілмек қатарының биіктігі бойынша анықтауға болады:
ПВ = 100 / В
Трикотаждың дұрыс құрылуы тығыздықтар қатынасына байланысты. Тегіс тркотажда вертикаль бойынша тығыздығы горизонталь бойынша тығыздығынан жоғары болады. Горизонталь бойынша тығыздығының вертикаль бойынша тығыздығына қатынасын тығыздықтардың қатынас коэффициенті деп атайды және С әрпімен белгілейді және келесі формуламен анықтайды:
С = С*А
Достарыңызбен бөлісу: |