Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы техналогиялық университеті
СРСП Желіжіптік қиысытырылған өрімдер.Өрімдердің құрлысымен қасиеттері Орындаған: Қожақ Ділбар
Қабылдаған: Орманова Мөлдір
Алматы 2022 Кез келген басты өрімнің грунт жіптеріне түкті құру үшін ұзартылған созылмаларды құрайтын, қосымша жіптерді не штапель талшықтардың шоғын енгізеді осылай алынған трикотажды пүліш өрімді трикотаж деп атайды.
Пүліш өрімдерін екі жіптен тоқиды, бірі грунтты оң ілмектерін, басқасы пүліш теріс жағында ұзын, еркін салбыраған созылмаларды (платиналы доғаларды) құрайды. Осы созылмалар ілмекті түкті немесе пүлішті бетті құрайды.
Пүліш өрімдері жалаң не қосарлы, жамылғылы не арқау, толық не толық емес, тегіс не суретті (өрнектері бір түсті не шұбар тоқылған), түгі кесілген не ұйпаланған, жайманың бір не екі жағында болуы мүмкін.
Тегіс пүліштің теріс жағында әр ілмектің түгі болады.
Суретті пүліште ілмектердің бір бөлігі бір түсті, ал екінші бөлігі басқа түсті, немесе ілмектердің бір бөлігінде түгі болады, ал басқа бөлігі түксіз, немесе түктердің биіктігі әр түрлі болу мүмкін.
Иірмелі жалаң жамылғы пүлішті өндірген кезде, жамылғыға ұқсас барлық инелерге екі жіп салынады. Өндіру ерекшелігі екі жіптің иілдіру тереңдігі әр түрлі болады.
Пүлішті өндіргенде грунтты жіптер қысқа ілмек болып иіледі, де астарды құрады; пүліш (түкті) жіптері тоқыманың теріс жағында платина ілмектерін не созылмаларды ұзарту арқылы ұзын ілмектерді құрады, яғни түктер пайда болады.
Бұл үшін әр түрлі иілдіру тереңдікті қамтамасыз ететін арнаулы формалы платиналар қолданылады, демек ұзындығы әр түрлі (грунтты мен пүліш) ілмектерді қамтиды.
Жамылғы пүлішті (шеңберлі шұлық және шеңберлі тоқу машинасында) алу үшін екі тойтарыс жазықтығын: грунт ілмектерін және түкті ілмектерді иілдіру үшін пайдаланады.
Іліптоқу машинасында бір инешекте тілшікті инелерді, ал басқа инешекте инелердің орнына штифтерді орнатады. Грунт жіптері инелердің үстіне, бірақ штифтердің астында, ал пүліш жіптері штифтерге де, инелерге де салынады. Осылай екі жіпте инелермен ілініп алынады да, иіледі, пүліш жіптерінен ұзартылған созылмалары бар ілмектер, ал грунт жіптерінен қысқа ілмектер құрылады.
Трикотажды пүліштің маталыдан айырмашылығы түкті ілмектерді жеткілікті берік ұстамайды. Сондықтан түкті ілмектерді бекіту үшін тоқудың тығыздығын ұлғайту қажет. Грунттың тоқу тығыздығын ұлғайтып, түктің жиілігін көбейтуге болады, сонымен қатар түкті ілмектерді көтеріп, оларды жайма бетінде перпендикулярды болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, пүліш трикотажды өндіргенде мынаны ескереді:
мүмкіншілігінше қалың грунтты және түкті жіптерді пайдалану, бұл грунт және түктердің жоғары тығыздығы мен жиілігін қамтиды;
грунт ілмектерін мүмкіншілігінше минимальді құру.
Трикотаж пүліштің сырт сипаты әдемі, жылусақтағыш және созылғыш қасиеттері өте жоғары. Пүліш өрімдерін кейбір сырт және іш киімдерде, шұлық-ұйық бұйымдарында қолданылады. Осы өрімдерді шеңберлі тоқымалы, интерлокты, шеңберлі шұлық автоматтарында өндіреді.
Жаккардтыөрімді трикотажда инелер жұмысқа іріктеліп, берілген өрнекке сай қосылады. Егер инеге жіп салынбаса, онда осы кезде бұрынғы ілмек түсірілмейді мұндай өрімдерді жаккардты деп атайды.
Жүйелі жаккардты трикотаж,яғни жүйелі тәсілмен тоқылған, тоқыманың екі жағы бір ілмек құрау циклында құрылады. Сондықтан оның әр қатары қанша түс болса, сонша жіптер жүйелі салынумен құрылады. Мысалы, екі түстіде – екі жіп, үш түстіде – үш жіп және т. б.
Жүйесіз жаккардты трикотаж, яғни жүйесіз тәсілмен тоқылған, ілмек құраудың әр циклында алынады. Сондықтан ілмектердің мөлшері әр түрлі болады, себебі оның ілмек қатары бір немесе бірнеше жіптерден құрылады.