Қарым - қатынас серіктестер арасында дұрыс жүзеге аспай жатады. Бұған сыртқы шектеулермен қатар, біршама терең қарама-қайшылықтар себеп болуы мүмкін. Мұндай қарым-қатынастың шектеулері, деп көрсетеді әйгілі отандық психолог Д.С. Парыгин жасанды қарым-қатынастардың кейпін киіп, "стереотипін", "стандартты тәрбиелік реакциялармен" орнын ауыстыра отырып, бұл "адамдар арасында психологиялық кедергі" туғызады дейді. Бұл кедергілер адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, өзара қарым-қатынасына кедергі жасайтын қарама-қайшылықтар ретінде көрінеді. Кез келген адамның қарым-қатынас процесінде алдынан кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды жеңе алмауы, бұл оның эмоцианалдық күйі, физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Қақтығыс - (латын тілінен conflictus - қақтығыс) қарама - қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының, бағыттарының қарама-қайшылықтары. Қақтығыс жағдайы - ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі. Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері әр түрлі болуы мүмкін. А.Б.Добрович қарым-қатынастағы екі жақтың қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп береді.
Шартты түрдегі шектеулер - адамдар расында "конвенция" болған жағдайда пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала қалыңдығын қамқорына алу керек, қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т.б.
Жағдайлық шектеулермен - біз толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа тұлғалардың серіктес ретінде қатысуы жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.