Срсп Тапсырма-2 Тақырыбы



бет4/5
Дата25.11.2023
өлшемі26,49 Kb.
#127629
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕШТ-212 Психология СРСП

Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің біреуі тұлғааралық қарым-қатынасқа дайын болса, басқасы қандай да бір себептер арқылы бұдан өтіп кетіп, вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып, өзінің серіктесін тура соны істеуге мәжбүрлеуінен көреміз. Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның Капулетти әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады. Осындай шектеудің ішінен мынандай кедергілерді көрсетуге болады:
Жек көрушілік кедергісі - мінездің бейнеленуін көрсетеді, бірақ бұл кейде нәсілдік немесе ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. Кейбір жағдайда ғана болмаса, оны жеңу қиын.
Қабылдау кедергісі - түсініксіз ойды айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс құрылмауы, т.б. жағдайда пайда болады.
Ойдың дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз эмоционалды сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы қиын.
Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас кедергісі ретінде басқа да факторлар конфликтінің пайда болуына әсер етеді. Көбіне ішкі психологиялық кедергілермен қақтығыс жиі кездеседі. Кез- келген конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді. Кез-келген әрекеттің астында қарым-қатынастағы әріптестердің мақсаттар, ал конфликтінің артында - қарым-қатынастағы серіктестердің мақсаттары мен тілегінің келіспеушілігі жатады. Әйгілі психолог М. Аргайл қарым-қатынастың маңызды мотивтері, конфликтінің себептері ретінде: өзіндік таным, рухани және эмоционалдық байланыс, басқару, агрессия, басқаларды өзіне бағындыру сияқты т.б. себептерді көрсетіп береді/9/.
Қақтығыста соңғы қарым-қатынастағы табыс өзгереді, яғни адамдар арасындағы бір-бірінен күткен, тәртіп сәйкестілігі. Қарым-қатынас әрқашан және барлық жерде жақсы жүреді және ішкі қарама-қайшылықтардан азат болуы мүмкін емес. Кейбір жағдайларда келіспеушілік байқалады, мақсат пен тапсырмаларды шектелуін бейнелейтін антогонизм позициясы, бұл кейде өзара жауласушылықты - өзара конфликт пайда болады.
"Қақтығыс" аударғанда қақтығыс деген мағынаны береді. Кез-келген конфликтінің негізі болып бір жағдай жатады, оған қарым-қатынастағы серіктестердің қарама-қарсы бағыттағы мақсат, позиция, көзқарас, ойының қақтығысуынан болады. Қақтығыстың әлеуметтік маңызы әр түрлі болып келеді және тұлғааралық қарым-қатынаста негізінен қандай құндылықтар жатқандығына байланысты.. Бұл былғанған жейдеден туған конфликт бір бөлек, ал мемлекеттік мәселелері өз алдына бір бөлек болып табылады.
Қатысушылардың санына байланысты қақтығыс тұлғааралық, тұлға-топ арасында, топаралық болуы мүмкін. Тұлғааралық қақтығыс бірнеше қатысушылардан тұрып, олардың әр қайсысы басқаларына қарсы өзіндік ойымен қарсы шығады. Мысалы: 3 мектеп оқушысы өзара келісе алмай, бүгін кешке қайда барарын шеше алмай жатыр. Егер бір жақтың ойын басқа қатысушылар қолдаса, онда ол тұлға - топ арасындағы қақтығысқа айналады. Топаралық конфликтіде әр түрлі топтардың көзқарасының қақтығысы жүреді. Қақтығыс қандай қысқа мерзімді немесе шулы болмасын, оның өзіне тән заңдылықтары бар. Әдетте, конфликтінің негізгі 5 кезеңін атап көрсетуге болады: Қақтығыстық жағдайдың пайда болуы, конфликтіні тану, конфликттік тәртіп орнату, қақтығыстың тереңдеуі және оның шешілуі. Оларды тереңдетіп қарастырайық.
Қарым – қатынас процесінде кері байланыстың нәтижелілігін көтеретін белгілі бір ережелер бар. Бұл ережелерді өз іс-әрекеті процесінде адамдармен: қол астындағылар, ұжымдастар, жоғарғы басшылармен үнемі қатынаста болатындықтан әрбір жеке тұлға білуі тиіс. Бұл ережелер бірнешеу:
1. Сіз айтқан ескертулерде тұлғаға тиіспеу керек, ал сіздің әріптесіңіздің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескеру керек.
2. Көбірек қорытынды туралы емес, бақылау туралы айту керек. Бақылау – Сіздің көргеніңіз бен естігеніңіз, ал қорытынды – Сіздің фактіге негізделген қайта толқталуыңыз.
3. Бағалау формасында сөйлемеу керек. Егер сіз кейбір бағалаулар айтатын болсаңыз, мейірім және жауыздық, дұрыстық және дұрыс еместік, жағымды және жағымсыздық туралы т.б. сияқты қарапайым категорияларды қолданасыз. Бұндай типтегі баға сіздің құндылық жүйеңізге негізделеді. Баға қарым – қатынас процесіндегі жақсы түсінушілікке көмектеспейді.
4. Маңызға ие жағдайларда алыс өткенге емес, жақын уақытқа назар аудару керек.
5. Кеңесті барынша аз беру керек. Әріптесіңізбен ой, ақпарат алмаса отырып, өз бақылағаныңызды ғана айтуыңыз керек.
6. Сұқбаттас әріптесіңіздің тұлғасына және оның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді сынға алу мәнсіз, оған ықпал ету мүмкін емес.
7. Әріптесіңізге керекті ақпаратты жеткізу үшін қолайлы жағдай және оның жеткізілуінде дәлдік формасын таңдау керек. Қақтығыстық жағдайдағы мінез-құлық моделінің әр түрі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет