Стамбекова жазира курмангалиевна


Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық- мазмұндық моделі



бет25/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

2.3 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық- мазмұндық моделі
Педагогикалық ғылым саласында зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық міндеттерін шешуде модельдеудің алатын орны ерекше. Модель – ойға алған нысанды қай қырынан қарауыңа байланысты, көздеген нәрсеңді анықтауға мүмкіндік беретін ерекше құрылым. Модельде зерттеуде басшылыққа алынатын категориялардың, ұғымдар мен терминологияның көрінісі беруі міндетті болады.Педагогикалық модельді біз екі мақсатта: біріншіден, диссертацияның зерттеу нысанын түсіндіру, айқындау, нақтылау мақсатында, екіншіден, зерттеу нысанын модельдік үлгіде көрсете отырып, оның құрылымы мен функциясына талдау жасау құралы ретінде қолданамыз.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау қазіргі бакалаврлардың келешекте еңбек ететін педагогикалық жүйенің білім беру мен тәрбиелеу тиімділігін жоғарылататын мақсатты өзгерістерді жүзеге асыруға дайын мамандарды қалыптастыру деп түсінілетіні белгілі.
Педагогикалық жүйенің дамуын зерттеген ғалымдардың көрсетуінше, инновациялық әрекеттің келесідей негізгі функциялары белгілі:

  • педагогикалық жүйеде өзгерістер енгізудің өзекті қажеттілігін айқындау, нақты айтсақ, мәселені айқындау;

  • қолда бар әдістемелік-дидактикалық құралдардың мазмұнындағы білім беру барысының сапасын жоғарылататын әлеуетін танып, сол арқылы педагогикалық жүйенің даму мүмкіндіктерін анықтау;

  • көздеген келешек нәтижелерді жобалау және оған қол жеткізу жолдарын жоспарлау;

  • педагогикалық үдерістің жекелеген бөлімдерінде жүзеге асырылатын инновациялық әрекеттерді топтау;

  • инновациялық әрекетті нақты тәжірибеде жүзеге асыру.

Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың ең басты сипаты осы мақсатқа бағытталған әдістемелік жүйенің тиімділігі мен нәтижелілігі болып табылады. Нәтижелілікті инновациялық әрекеттің қойылған мақсатқа қаншалықты сәйкес келіп, нәтижеге қол жеткізгені деп түсінетін болсақ, тиімділік дегенді алға мақсат етіп қойылған нәтиженің және сол үшін жұмсалған шығындардың, мысалы уақыт пен құралдың сәйкестігі деп түсінуіміз керек. Нәтиже көзделген мақсатқа сәйкес болса, жұмсалған уақыт пен құрал тиімді болып саналады [162].
Осы уақытқа дейін инновациялылықтың мектептегі білім беру үдерісіндегі нәтижелілігін еңбек етіп жүрген мұғалімдердің араласуымен өлшеп, бағалап келе жатқаны белгілі. Тәжірибелі мұғалімдердің ізденіс үстінде инновациялық әрекетке қосылуы немесе өз бастауы – игілікті іс, қолдау табуы тиіс үдеріс. Ал болашақта мұғалім болуға дайындалып жүрген бакалаврларды инновациялық әрекетке арнайы даярлау жүргізілетін болса, онда олар педагогтік кәсіпке кіріскенде инновациялық әрекет педагогикалық әрекеттің бір компоненті ретінде бірден іске қосылады. Осылайша, университетте қалыптастырылған инновациялық әрекет болашақ мұғалімді педагогтік тәжірибенің алғашқы сәтінен бастап әрдайым жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін дидактикалық үдерістің барлық компоненттеріне жаңаша көзқараспен қарауына жетелейді.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда көздеген нәтижелерге қол жеткізу үшін бакалаврларда инновациялық әрекетке деген өзінің ұмтылысы болуы және оның маңызды орын алуы қажет. Болашақ педагогтік қызметінде инновациялық әрекеттің жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тірек болатынына бакалавр сенімді болуы керек, сол бағытта өзіне жауапкершілік ала білуі тиіс. Бакалаврларды инновациялық әрекетке даярлауда оны жүзеге асыратын оқу-әдістемелік, дидактикалық құралдар мен оқытудың түрлі әдістерін, педагогикалық амал-тәсілдерді таңдай алу дағдыларын қалыптастырудың мәнісі зор. Сонымен бірге болашақ мұғалімдерді инновациялық әрекетті жүзеге асырудағы мәдени әдіс-тәсілдерін біліп, түсініп қолдануға дағдыландыру маңызды орын алады.
Болашақ бастауыш сынып педагогінің жеке тұлғасының инновациялық әлеуетінде, сонымен бірге келесілер болуы керек деп ойлаймыз:

  • жоба жасауға шығармашылықпен кірісе білу;

  • жобаны нақты тәжірибелік түрде көрсете алу;

  • жаңалыққа сыни көзқараспен, бірақ ішінен «маңызы бар дәнді» танитындай ашық болу;

  • өзінің мәдениетанымдық біліміне сүйене отырып, кәсіби тәжірибесіне жақсы серпін бере алатындай білімді болу;

  • ойға келген, ойша модельдей алған, тәжірибелік түрде модельдей алған инновациялық әрекетін жетілдіріп отыруға дайын болу;

  • инновациялық санасын барлық уақытта дамытып отыру.

Нақты айтқанда, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда оған өзінің барлық әлеуметтік, коммуникативтік резервтерін жұмсай білу жолдары меңгертілуі керек. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетке даярлығы студенттің ерекше тұлғалық күйі, өзінің болашақ педагогтік кәсібіне деген мотивациясының құндылық-аксиологиялық дәрежеде танылуы, сол дәрежеге жеткізе алатын тиімді педагогикалық әдістер мен амал-тәсілдерді толыққанды танып, меңгеруі, шығармашылық пен рефлексия жасау қабілеттерінің әлеуеті зор болуы арқылы танылады.Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даяр болуы студенттің ой-санасында «ішкі инновациялық қазығы» пайда болуына көптен-көп байланысты. Ол «инновациялық қазық» студенттің бойындағы үлкен жан-дүниесінің қуатты болуын, ерік-жігерінің мықты болуын қажет етеді, тек сондай күштің арқасында ғана «инновациялық қазық қағылады». Ол инновациялық қазықтың құрылымы күрделі, ал құрылымы түрлі адамдық, кәсіби қасиеттерді, қабілеттерді, сапаны, білімді, дағдыларды кіріктірген түзілім болып табылады.
Педагогикадағы инновациялық әрекетті қарастырған еңбектерде инновациялық әрекетке даяр болуының келесідей деңгейлері көрсетіледі.

  1. Инновациялық әрекетке даярлығы қалыптасуының интуитивтік деңгейі.

  2. Инновациялық әрекетке даярлығы қалыптасуының репродуктивтік деңгейі.

  3. Инновациялық әрекетке даярлығы қалыптасуының ізденімдік деңгейі.

  4. Инновациялық әрекетке даярлығы қалыптасуының шығармашылық деңгейі.

Бұл деңгейлерден әрбір алғашқы деңгейдің өзінен соң басталатын деңгейдің сатысы есебінде қызмет ететінін көруге болады (сурет 19).



Сурет 19 – Инновациялық әрекетке даяр болу деңгейлері

Бұл жерде интуитивтік деңгейдегі мұғалімнің инновациялық әрекетінде дәстүрлі педагогикамен салыстыра жүру көбірек аңғарылады. Бірақ жаңаны тану, оны қабылдауға іштей дайындық әрекеттері айқын танылады.


Ал репродуктивтік деңгейде мұғалім жаңашылдық педагогтердің тәжірибесімен теориялық және практикалық тұрғыдан жақсы таныс. Жаңа идеяларды өзінің сабақтарында қолданады. Бірақ, ол қолданыс жүйелі, бірізділікпен жүрмейді, бөлшектелген түрде, жекелеген сабақтарда, жекелеген элементтер болып қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет