Стамбекова жазира курмангалиевна



бет26/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Ізденімдік деңгейде мұғалім жаңаша әдістемелер мен технологияларды қолдануға деген ықыласы артып, бетбұрыс жасағысы келеді. Танымал, кең тараған әдістемелер мен технологияларды танып, ерекшеліктетін талдап, өзінің сабақтарында эксперимент жүзінде қолданады. Қол жеткен жетістіктер мен кемшіліктерін ашық айта алады, инновациялықтың болмысын түсінуге құлшынысы зор болады.
Шығармашылық деңгейде мұғалім инновациялық әрекетке саналы түрде, ғылыми және практикалық білімі аясын кеңейтіп, жаңа оқыту технологияларымен терең танысып, олардың педагогикалық тетіктерін талдай алатын болады. Ендігі ретте өзінің инновациялық әдістемесін немесе технологиясын жасайды, оны өзінің шығармашылық әлеуетіне және әріптестерінің қолдауына сүйене отырып, педагогикалық үдерісте эксперимент ретінде жүйелі сабақтар бойынша қолдана бастайды. Инновациялық әрекетке даярлауда болашақ мұғалімнің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру арқылы оның болашақ тұтас педагогикалық әрекетінің маңызды бағдарын айқындау мүмкіндігі туады. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың көрсеткіштері туралы педагогикалық еңбектерде берілген түрлі көзқарастар мен ұсыныстар саралай келе, педагогтің инновациялық әрекетке даярлығын танытатын келесі көрсеткіштер жүйеленді.
Біріншіден, өзінің педагогикалық кәсібіи қызметінде инновациялық әрекеттің қажеттілігін сезінуі және түсінуі керек.
Екіншіден, жаңа педагогикалық технологиялар туралы білімі, ақпараттары мол және сенімді болуы керек.
Үшіншіден, жаңа әдістемелермен жұмыс жасай білетін арнайы дағдылары болуы тиіс.
Төртіншіден, өзінің тәжірибесіне сүйене отырып жаңа шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар, тақырыптарды өту әдістемелерін жасай білуі керек.
Бесіншіден, педагогикалық эксперименттер өткізу, оны талдау, жақсы нәтижелерін жетілдіру дағдылары болуы қажет.
Алтыншыдан, инновациялық әрекет етуі барысында мазмұнына және ұйымдастыруға байланысты кездесетін қиындықтарға төтеп беруге дайын болуы керек және күрмеулі мәселелерді шеше алатын дағдылары мен күш-жігері болуы керек.
Жетіншіден, инновациялық әдістемелерді игеру үшін қажетті дағдыларға ие болуы тиіс.
Сегізіншіден, өзінің жаңа инновациялық жобаларын жасауға дайын және іске асыруға керекті қабілеттері мен жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерді мол білуі керек.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлығының бұл көрсеткіштері жеке-жеке көрініс таппайды, олар бір-бірімен байланыста болып келеді және біртұтас мәселенің бірнеше қыры болып табылады. Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлану үдерісі дәрісте не семинарда қалыптаспайтыны белгілі. Ол үшін арнайы ұйымдастырылған курс жүйесінің толық инновациялық әрекеттің туындау, қалыптасу, даму үдерісінен өткерілуі тиіс екендігі белгілі. Ол үшін инновациялық әрекетке даярлықтың өлшемдері де айқын танылуы тиіс.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда инновациялық әрекетке даярлық өлшемдерінің анықталуы маңызды болып табылады. Өйткені инновациялық әрекетке даярлығының компоненттері мен өлшемдерінің негізінде болашақ педагогтерді инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемелік/технологиялық жүйесін дұрыс құруға болады деп ойлаймыз.Инновациялық әрекетке даярлығының компоненттері мотивациялық, когнитивтік, инновациялық-әрекеттік, жеке тұлғалық деп анықтаймыз (сурет 20).



Сурет 20 – Педагогтің инновациялық әрекетке даярлығының


компоненттері

Көрсетілген суреттегі мотивациялық компонент – болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда негізгі болып табылады. Оның себебі де белгілі, өйткені инновациялық әрекетке деген мотивациялық компонент болмаған жағдайда, жалпы инновациялық әрекеттің болуы немесе оның нәтижелі болуы екіталай. Сондықтан да мотивациялық компоненттің маңыздылығы болашақ бастауыш сынып педагогтерінің қазіргі бакалаврдың жеке тұлғасының белсенділігіне, оның университетте оқып жүрген тұтас оқу үдерісінің инновациялыққа бетбұрыс жасауына серпін береді. Мотивациялық компонент студенттің инновациялық әрекетке деген ішкі дайындығын және өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби деңгейін шыңдауға деген ұмтылысын анықтайды. Мотивациялық компоненттің берілген көрсеткіштері де осыны танытады.


Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық даярлығының келесі компоненті – когнитивтік. Студент арнайы даярлану барысында инновациялық әрекеттің мақсаттарын, шешілуі керек болған міндеттерін, қажетті әдістері мен амал-тәсілдерін жақсы меңгеріп, инновациялық педагогикалық технологияларды тануға, қабылдауға, сараптай алуға дағдыланады. Сонымен қатар өзінің инновациялық педагогикалық технологиясының жобасын жасауға талпынып, ол жаңа жүйенің логикалық құрылымын, кезеңдері мен іске асырылу тетіктерін де қажетті деңгейде меңгеруі керек болады. Когнитивтік өлшем студенттің инновациялық әрекетті жүзеге асыруда сенімді тірек болатын жүйелі теориялық білімнің болуын керек етеді.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық даярлығының келесі компонент – инновациялық-әрекеттік. Бұл өлшемнің негізінде болашақ педагог инновациялық әрекеттің функционалдық іс-әрекеттері мен операцияларының жүйесін дұрыс және үйлесімді етіп құру дағдыларын меңгереді. Сол арқылы өзінің болашақ педагогтік әрекетінде жаңа педагогикалық технолоияларды пайдалануға дайындығын көрсетеді, жаңа технологияларға талдау жасап, сараптамалық пікірлер айтуға дағдыланады, өзінің инновациялық жобасын әзірлеуге, оны қолдану жолдарын тиімді ұйымдастыруға дағдыланады. Инновациялық-әрекеттік компонент – болашақ бастауыш сынып педагогінде келешекте немесе өзінің педагогикалық практика өтуі кезінде инновациялық әрекетті жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Болашақ бастауыш сынып педгогтерінің инновациялық даярлығының келесі компоненті – инноватордың жеке тұлғасы. Инновациялық әрекетке даяр мұғалімнің болмысында инновацияны жүзеге асыруға қажетті қабілеттер мен қасиеттер тоғысқан болып келеді. Олардың бойында шығармашылық, креативтік, табандылық пен қуатты ерік-жігер, білімділік, толеранттылық қасиеттер ерекше байқалады. Инноватор мұғалімнің педагогикалық міндеттерді, педагогикалық жағдаяттарды креативтікпен шешу дағдылары қалыптасқан, жаңалыққа жаны жақын, инновацияның адамзаттың өркениеті жүйесіндегі маңызын терең түсінеді.
Әрбір болашақ педагог өзіне дейін инновациялық жүйені жүзеге асырған табысты ұстаз-тұлғаларды көре отырып, солардың ізімен жүруге ұмтылатыны белгілі. Сондықтан да болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда, әсересе, студенттердің жеке тұлғалық болмысын қалыптастыруға назар аударады. Бұл ретте қазақтың ұлы ұстаздарының өмірі мен ағартушылық-педагогикалық қызметі туралы ақпараттар молынан іріктелінеді. Өйткені студенттің өзіне сенімді тұлғаға айналуы үшін оның кәсіби білімімен бірге, өзіне дейінгі ұстаздардың өмірі мен педагогикалық жолы, еңбектерінің жүзеге асырылғаны туралы тарихи ақпараттарды білуі үлкен маңызға ие болады.
Осы бағытты ұстана отырып, ол өлшемдер мен олардың көрсеткіштерін келесі 4 кестеде көрсетеміз.
Кесте 4 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлаудың компонентері мен көрсеткіштері



Компоненттер

Өлшем

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Танымдық қығығушылығы



  • жаңашылдыққа деген құштарлық;

  • инновациялық әрекеттің қажеттілігін ұғыну;

  • жүзеге асыратын инновациялық әрекет барысында өзін-өзі дамыту;

  • инновациялық әрекетке қызығушылығының болуы;

  • педагогикалық саладағы өзгерістерге ұдайы ұмтылыстар, табандылық, адалдық пен мақсат қоюға және оған жетуге деген талпыныс.

  • педагогикалық инновациялар жасауға, іске асыру, таратуға деген ниет;

  • инновациялық технологияларға танымдық қызығушылықтың болуы.

Когнитивті

Инновациялық әрекет туралы білімінің болуы

  • инновациялық әрекет туралы әдіснамалық-танымдық білімі;

  • инновациялық әрекеттің мақсаттарын, міндеттерін, амал-тәсілдерін жақсы меңгергендігі;

  • инновациялық әрекетті ұйымдастыруда, жүзеге асырудағы сыни пікір алмасу, шешім қабылдай алу және тәуекелге бара алу қабілеті;

  • жаңашылдыққа деген бейімділігі.

Инновациялық-әрекеттік

Педагогикалық-инновациялық дағдысы




  • инновациялық әрекетті жүзеге асыруы;

  • білім беру үдерісінде қолданылатын инновациялық әдістемелерді саралай алуы;

  • жаңа ақпаратты іздестірудегі, іріктеудегі қабілеттілігі;

  • инновациялық әрекетке түзету жасап, нәтижесін бағалай алу қабілеті;

  • ғылыми-зерттеу жүргізу барысындағы қарым-қатынас және зерттеушілік дағдылары.

Жеке тұлғалық

Өзін-өзі жетілдіру шеберлігі




  • тұлғаның өзін-өзі талдау, өзін-өзі дамыту, бастамашылдық, стереотиптерді жеңуге қабілеттілік, зерттеушілік белсенділік, ақиқатқа ұмтылыс, шынайылық, субъектілік дағдылары;

  • тұлғаның зерттеушілік белсенділігінің механизмі бола отырып, рефлексия жеке кәсіби іс-әрекетін өзінің ықпалының нысанына айналдыра отырып, жобалауға және болжауға мүмкіндігі;

  • шығармашылық, креативтік, табандылық пен қуатты ерік-жігер, білімділік, толеранттылық қасиеттерінің болуы;

  • ойлау, талдау және бағалау үдерістерінің жоғары деңгейі.

Сонымен қатар, студенттің болмысында оң өзгерістерге деген қажеттілік болуы тек кәсіби ғана емес, өмірінің барлық қырынан танылуы тиіс. Ойлауының икемділігі оның жаңаға деген оң көзқарасын дамыта түседі және креативтік, шығармашылық қабілетін ұштайды. Студенттің жобалау және модельдеу қабілетін дамыту арқылы болашақ мұғалімдік қызметінде жаңа инновациялық технологияларды өзінің күнделікті тәжірибесіне енгізу жолдары қалыптастырылады. Университетте оқу кезеңіндегі педагогикалық практикадан өтуде студент инновация, инновациялық әрекет туралы білімін өзінің нақты практикасында іске асырады. Соның негізінде инновациялық әрекет туралы ғылыми-педагогикалық ой-санасы қалыптасады, педагогтік қызметінде инновациялылықтың басты бағдар ретінде орнығуын мүмкін ететін жолдарды таниды. Бүгінгі таңда білім берудің басты мақсаты – оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың жалпы оқу шеберлігін, пәндік және коммуникативтік құзыреттілігін, кең ауқымды дағдылары мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда бастауыш сынып педагогтерін инновциялық әрекетке даярлаудың тиімділігі жайында баяндалған [150,с. 237].


Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау бакалаврлардың ізденімдік және зерттеу қабілеттерін ұштауға, теорияның тәжірибемен байланысын таныту арқылы білімін тереңдетуге, әдістемелік және технологиялық дағдыларын қалыптастыруға сенімді тірек болады.
Осылайша болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтап, жүйелеу арқылы студенттердің педагогтік қызметке, оның ішінде басты әрекеттерінің бірі инновациялық әрекетке қажетті білімі мен дағдыларының бірізділікпен қалыптасуына арналған әдістемелік жүйе жасауға қажетті мүмкіндіктер танылады.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтай отырып, болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекеттінің төменгі, орта және жоғары деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алдық.
Төменгі деңгей – инновациялық әрекет туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, инновациялық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.
Орта деңгей – инновациялық әрекетке деген көзқарасы жақсы, инновациялық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс – тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады, өзінің кәсіби іс - әрекетіне баға бере біледі, мәдени қарым – қатынасқа икемді.
Жоғары деңгей – инновациялық әрекетке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте инновациялық әрекеттің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.
Жаңартылған бағдарлама негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды модельдеу барысы жүйелі-әрекеттік тәсілдеме негізінде жүзеге асырылады деп санағандықтан, бұл үдерісті ұйымдастыруға қажетті келесі талаптар ұсталынуы тиіс деп белгіленді. Олардың қатарында:

  • болашақ бастауыш сынып педагогін инновациялық әрекетке даярлауды нормативтік құжаттармен, жаңартылған оқу бағдарламасымен және теориялық-әдіснамалық негіздермен қамтамасыз ету;

  • болашақ бастауыш сынып педагогін инновациялық әрекетке даярлаудың мазмұны және арнайы әдістемесі студенттердің инновациялық, шығармашылық, рефлексивтік-импровизациялық қабілеттерін дамытуға соған сәйкес тәсілдеме тұрғысынан келу;

  • болашақ бастауыш сынып педагогін инновациялық әрекетке даярлауда үдерісінде субъект-субъектілік дидактикалық қатынас ұстану;

  • әдістеменің құрамындағы әрбір дидактикалық элементтің инновациялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін алдын ала танып, талдап, сұрыптау;

  • әдістеменің мазмұнындағы әрбір тақырыптың инновациялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін айқындау.

Болашақ бастауыш сынып педагогін инновациялық әрекетке даярлау үдерісі оң нәтижелерге қол жеткізетін жаңа тәжірибені студенттерге меңгертетін инновациялық-педагогикалық үдеріс болып табылады.
Бұл үдерісте студенттерді жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде инновациялық әрекетке даярлайтын арнайы әзірленген технологиялық модель іске қосылады (сурет 21).
Ұсынылған модельде студенттің жеке тұлғасын болашақ инновациялық әрекеті дайын педагог тұлғасына дейін өсіру жолының барлық жағдайлары көрініс табады. Оның мазмұнында студенттің жаңа идеялар ойлап табу, генерациялау, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамыту әдістері мен амал-тәсілдерінің жүйесі, оқыту формалары мен нәтижелерін бақылау мен тексеру формалары орны алады.
Студент инновациялық мазмұндағы алған теориялық білімі мен практикалық сабақтардағы тәжірибелік дағдыларына сүйене отырып, жаңалық ойлап табуға дағдыланады. Инновациялық моделін сыртқа сурет, сызба символ түрінде көрсетіп, басқаларға таныстыра білу, пайдалана білу, нәтижеге қол жеткізу жолдарын анықтау қабілетін көрсетеді.
Студенттердің инновациялық әрекетке белсенді кірісуі және оның табысты болуы, көп жағдайда, әлеуметтік-педагогикалық ортамен тығыз байланыста бола алу қабілетіне байланысты.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет