Стамбекова жазира курмангалиевна



бет30/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

К нақты
К макс.
мұндағы К нақты дегеніміз – студенттер алған баллдың нақты саны, ал Кмакс дегеніміз – алуы мүмкін максималды 18 балл. Студенттердің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейін анықтауда келесі көрсеткіштер қолданылады:
К ˂ 0,45 – төмен деңгей;
0,45 ˂ К ˂ 0,65 – орта деңгей;
0,65 ˂ К ˂ 0,85 – жоғары деңгей;
Бірінші сауалнама бойынша алынған жауаптарды саралауда келесі нәтиже алынды (кесте 7).

Кесте 7 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейін анықтау сауалнамасының нәтижесі





Топтар

Жалпы саны

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Студент саны

Көрсет-кіш

Студент саны

Көрсет-кіш

Студент саны

Көрсет-кіш

Эксперименттік топ

67

22

0,43



27

0,61

18

0,83



Бақылау
тобы

66

25

0,43



28

0,61

13

0,83



Сауалнама жауаптарын талдау нәтижесінде студенттердің көпшілігінің, атап айтқанда эксперименттік топта 67 студенттің, бақылау тобында 66 студенттің инновациялық әрекетке өздігінен даярлану деңгейі төмен немесе мүлде сын көтермейтіні анықталды. Бұл жағдай, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы инновациялық әрекетке даярлаудың қажеттілігін айқын танытты деп айтуға дәлел болады (сурет 23).



Сурет 23 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейінің экспериментке дейінгі нәтижесі


Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекеті олардың қалыптасу шарты ретінде қарастырылады; әрекеттің қозғаушы күші ретінде болашақ педагогтерінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау үшін студенттерден «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау» сауалнамасы алынды.


Студенттерімен осы сауалнама өткізілген соң, нәтижесі келесідей талданып, алынған мәліметтер бойынша студенттермен қорытынды әңгімелесу жүргізілді. «Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау» жауаптарының нәтижелері педагогтің инновациялық әрекетке деген даярлығын танытатын сипаттар бойынша топталды.

  • Болашақ педагогтің инновациялық әрекетке деген мотивациялық-шығармашылық бағдары:

0 – 10 төменгі деңгей
11 – 20 орта деңгей
21 – 30 жоғарғы деңгей
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет