Стамбекова жазира курмангалиевна


Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау кезеңдерінің мазмұны



бет32/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

3.2 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау кезеңдерінің мазмұны
Зерттеу жұмысымыздың келесі міндеті жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік сынау кезеңдерінің мазмұнын анықтаумен, сипаттаумен, баяндаумен байланысты. Бұл міндетті шешуде зерттеу жұмысы болжамының шынайылығын тексеруде ғылыми-педагогикалық, тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің әдістерін кешенді түрде қолданамыз.Тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыруда болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесін жүзеге асырудың жолдары анықталды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастыру төмендегідей жоспарланды:

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесінің тиімділігін тексеру;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесі бойынша элективті курс бағдарламасын әзірлеу және оны эксперимент барысында тексеру;

  • элективті курстың құрамындағы инновациялық дәрістер мен оларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;

  • элективті курстың құрамындағы практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;

  • элективті курстың құрамындағы СӨЖ, СОӨЖ, өзіндік жұмыстар мен оларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;

– болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлығын бақылайтын тапсырмалар мен оларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлығын тексеретін тест жүйесі мен оларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу.

Осы көрсетілген әрекеттер түрлеріне тоқталып өтуді жөн санаймыз. Біріншіден, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесінің тиімділігін жетілдіруде жаңартылған бағдарлама негізгі тірек ретінде алынатынын атап өткен жөн. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы – инновациялық әрекетке даярлаудың құралы болғандықтан, ол арнайы зерттеу пәні болады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін жаңартылған бағдарлама негізінде инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесі жүйелілік, кәсіби педагогикалық және инновациялық құзыреттілік тәсілдемеге негізделетіні белгілі. Оның өзіндік мазмұндық-құрылымдық мазмұны келесідей ішкі өзара байланыстағы құраушылары бар, олар: әдістеменің мақсаты, міндеттері, оқытуды ұйымдастыру формалары, оқытудың әдістері мен тұтас технологиялық болмысы. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін жаңартылған бағдарлама негізінде инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесінде беріліп отыр (сурет 28).



Сурет 28 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесі




Екіншіден, тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастырудың тағы бір жолы – болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда элективті курсқа арналған бағдарламасын әзірлеу және оны эксперимент барысында тексеру. «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсы болашақ педагогтерді инновациялық әрекетке даярлаудың негізгі қырлары мен басты мәселелерін қамтиды. «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы 3 кредитке, яғни 135 сағатқа жоспарланған. Оның 15 сағаты – дәріс, 30 сағаты – практикалық сабақ, 45-і – СОӨЖ, 45-і – СӨЖ.
Курстың мақсаты: Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын арттырып, сабақты инновациялық тұрғыдан құрылымдаудың әдістемесімен қаруландыру негізінде инновациялық әрекетке даярлау.
Курстың міндеттері:

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау мәселелері бойынша білімдерін жинақтау және тереңдету;

  • «Инновация», «инновациялық әрекет» ұғымдары жайында теориялық білімінің болуы және ұғымдық-категориялық аппаратын талдауы, моделдеуі және жүйелеуі;

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда оқытудың белсенді әдістері мен құралдарын таңдаудың негізгі тәсілдерін анықтау;

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауға мүмкіндік беретін құралдар кешенінің теориялық және практикалық негіздемесін кеңейту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет