Стамбекова жазира курмангалиевна



бет33/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Күтілетін нәтиже:

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауға бағытталған оқу стратегиялары, әдістері мен тәсілдері жүйесін біледі;

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерінінің «инновация», «инновациялық әрекет» туралы теориялық білімдері қалыптасады;

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау жайында білім, білік және дағдыларын меңгереді;

  • Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда әртүрлі әдістерді, құралдарды және оқыту технологияларын қолдана отырып, оларды пайдаланудың орындылығын анықтай отырып, оқу-танымдық қызметті басқаруды жүзеге асырады.

Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесі негізінде әзірленген элективті курстың бағдарламасының мазмұны келесідей белгіленді (кесте 13).

Кесте 13 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау элективті курсының бағдарламасы





Тақырыптар аталымы

Дәріс

Практик. сабақ/ семинар

Лаборато-
риялық
сабақ

Өзіндік жұмыс



СӨЖ



1

2

3

4

5

6

Инновация, инновациялық процесс туралы түсінік

Интерак
тив дәріс

Эвристикалық семинар

Презентация

Шағын-зерттеу жүргізу

Педагогика
дағы инновациялық үдерістері тақырыбына реферат әзірлеу

13 – кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

Әрекет теориясы Педагогикалық әрекет теориясы. Инновациялық әрекет теориясы

Проблемалық дәріс



Дөңгелек үстел



Инновациялық шеберхана



Эссе





Инновациялық әрекет: құрылымы мен жүйесі

Ізденімдік-дәріс

«Ми шабуылы»

Иннова-
циялық шеберхана

Озық өзіндік жұмыс

Компьютермен жұмыс «Иннова циялық әрекет құрылымы мен жүйесінің 3D моделін жасау»

Инновациялық әрекеттің аксиологиялық, акмеологиялық, мотивациялық, креативтік, операционалдық, рефлексивтік мәні

Зерттеу-дәріс

Эвристикалық семинар



Ғылыми эксперименттік талдау сабағы

Баяндама әзірлеу



Инновациялық әрекеттің функциялары

Проблемалық дәріс

«Ми шабуылы»

Инновациялық шеберхана

Реферат әзірлеу

Инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері



Пресс-конференция-дәріс



«Кейс-стади»



Инновациялық шеберхана



Шағын-зерттеу жүргізу



Компьютермен жұмыс «Ин
новациялық әре
кетке даяр болу көрсеткіштері мен өлшемдері
нің 3D моделін жасау»

2-4 сыныптарға арналған жаңартылған «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мазмұны және оның инновациялық потенциалы: SWOT-талдау

Интерактивтік дәріс



«Менің мұғалімдік портфолиом»


талқылау семинар

Ғылыми эксперименттік талдау сабағы


Күрделі аннотация жасау



SWOT-талдауды


Инфо- графика түрінде әзірлеу

Инновациялық әдістеме және инновациялық технологиялық жүйе: мазмұндық-құрылымдық талдау

Шолу дәріс

Дөңгелек үстел

Презентация

Озық өзіндік жұмыс

Инновациялық әдістеменің моделін жасау

Инновациялық әрекет
ке даярлану процесін
дегі стратегиялық, тактикалық, оператив
тік іс-әрекеттер

Эвристикалық дәріс

Эвристикалық семинар

Инновациялық шеберхана

Баяндама әзірлеу

Ы.Алтынсариннің мектеп-интернат жобасына талдау жасау

13 – кестенің жалғасы





1

2

3

4

5

6

Инновациялық әрекетті оқу процесіне енгізу кезеңдері және ерекшеліктері

Интерактив дәріс

Пікірталас-семинар

Инновациялық шеберхана

Реферат әзірлеу

Жаңартылған «Қазақ тілі бағдарламасының» әзірлену, мектепке енгізілу процесі туралы ізденіс жобасы

Инновациялық әрекеттің мотивациялық компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Ізденімдік-зерттеу дәрісі

Конференция
-семинар

Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Инновациялық әрекеттің құраушы компоненттеріі: белгілері, жүзеге асырылу жолдары тақырыбына топтық веб-презентация әзірлеу



Инновациялық әрекеттің когнитивтік компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Визуалдық дәріс



Белсенді тренинг



Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Инновациялық әрекеттің креативтік компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Зерттеу дәрісі



Белсенді тренинг



Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Инновациялық әрекеттің операционалдық компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Ізденімдік-зерттеу дәрісі



Белсенді тренинг



Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Инновациялық әрекеттің рефлексивтік компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Ізденімдік-зерттеу дәрісі



Белсенді тренинг
Белсенді тренинг

Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Инновациялық әрекеттің ақпараттық компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары.

Ізденімдік-зерттеу дәрісі



Белсенді тренинг



Бақылау жұмысы

Педагогикалық эксперименттік жаттығу

Жаңа педагогикалық технологиялар және оларға талдау- сараптама жасау

Эвристикалық дәріс

Дөңгелек үстел



Презентация



ТРИЗ
Шығармашылық тапсырма

Жаңа педагогикалық технологиялар тақырыбына графтық талдау сызбасын жасау



13 – кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

Авторлық инновациялық жүйені жобалау әдістері

Проблемалық дәріс

Оқу ойыны «Мен әзірлеген авторлық инновациялық жүйе» жобасын қорғау

Инновациялық шеберхана

Озық өзіндік жұмыс



Инноватор-мұғалімнің 3D моделін жасау



Инновациялық әрекетке даярлаудың түлек моделі

Интерактивтік дәріс

Эвристикалық семинар

Инновациялық шеберхана

Баяндама әзірлеу

Қазақстан Республикасының білім беруді инновацияландыру бағыты және инновациялық үдерісті басқару тетіктері және олардың ерекшеліктері

Эвристикалық дәріс



Проблемалық семинар



Бақылау жұмысы



Реферат әзірлеу



«Қазақ- стандық иннова-циялық педагоги-калық техноло-гиялар» мультимедиалық шолу жасау

«Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курс бағдарламасы болашақ педагогтерді инновациялық әрекетке даярлаудың негізгі қырлары мен басты мәселелерін қамтиды.


Үшіншіден, элективті курсты оқыту үдерісі келесідей оқыту формалары, оның ішінде инновациялық дәрістер, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық сабақ, өзіндік жұмыс, жоба әдісі арқылы жүзеге асырылады. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін жаңартылған қазақ тілі бағдарламасы негізінде инновациялық әрекетке даярлаудың арнаулы курсында қамтылған инновациялық дәрістердің дәстүрлі дәрістерден ерекшелігі жоғарыдағы кестедегі атауларынан көрінеді. Дәстүрлі бірқалыпты дәрістерден инновациялық дәрістер заманауи ойлау және қарым-қатынас жасау әдістері мен құралдарының қолданылуымен ерекшеленеді. Инновациялық дәріс үдерісінде оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы қарқынды қалыпта болады және алға қойылған мәселенің шешімін біріге іздеп табу міндеті шешіледі. Инновациялық дәрістер, ғалымдардың атап көрсетуінше, проблемалылығымен және көрнекілігімен, шығармашылығымен, студенттердің оқытушымен бір жүйелі ғылыми ой логикасына түсуімен ерекше болады (сурет 29) [163, 164].



Сурет 29 – Элективті курста пайдаланылған инновациялық дәріс түрлері


Инновациялық дәрістердің мазмұны, ерекшеліктері, олардың әрқайсысының «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» арнаулы курсында пайдаланылу орындары туралы арнайы «Инновациялық дәрістер: мазмұны, ерекшеліктері және әдістемелік нұсқаулықтар» әзірленіп, эксперимент өткізуші оқытушыларға, студенттерге таратылды.


Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың келесі қадамында «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курстың құрамындағы инновациялық бағыттағы семинарлар және практикалық, лабораториялық сабақтар мен оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеу міндеті шешілді. Инновациялық семинарларда және практикалық сабақтарда студенттердің болашақ педагогтік қызметіндегі инновациялық әрекеттің мазмұны мен құрылымы, өздерінің болашақ инноватор-педагог ретіндегі келбеті, инновациялық жүйелерге сараптама жасау әдістері, инновациялық педагогикалық жүйе құрудың жолдары туралы пікірлері, ойлары, білімдері ашық айтылуы, ойларын ортаға еркін сала білуі үйретіледі. Инновациялық семинарлар мен практикалық сабақтардың мақсаты – студенттердің инновациялық әрекет қалыптастыру әдістемесі мен оның әдіснамалық-теориялық тұғырларын ғылыми ойлау негізінде танып-білуін мүмкін ету. Сол арқылы инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру, жаңартылған «Қазақ тілі» оқу бағдарламаға терең талдау жасай отырып, оның инновациялық мазмұнын түсіну, соған сәйкес инновациялық әрекеттер орындауға даяр болу керектігін түсіндіру, «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының мазмұнын зер сала меңгерту. «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсында төменде көрсетілген инновациялық семинар және практикалық, лабораториялық сабақ түрлері қамтылды (сурет 30).



Сурет 30 – Инновациялық семинар және практикалық сабақ түрлері





Сурет 31 – Инновациялық лабораториялық сабақ түрлері


Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың келесі қадамында «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының құрамындағы инновациялық бағыттағы өзіндік жұмыстар мен жоба жұмыстарын орындау туралы қарастырылады. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін жаңартылған бағдарлама негізінде инновациялық әрекетке даярлауға арналған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курстың құрамындағы студенттердің өзіндік жұмыстары мен жоба жұмыстарының түрлері мен пайдаланылатын орындары және олардың әдістемелік ерекшеліктері нақтыланды, студенттер орындайтын өзіндік жұмыстар мен Жоба жұмыстарының тақырыптары ірктелінді, оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді (сурет 32).



Сурет 32 – Өзіндік жұмыс түрлері

Өзіндік жұмыстың түрлілігі оны ұйымдастыруға түрлі қырдан келу мүмкіндігін танытатыны белгілі [165]. Студенттер инновациялық әрекет туралы біліміне сүйене отырып, дәріс пен семинар, лабораториялық сабақтарда меңгерген теориялық және практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, белсенді іс-әрекеттер орындау арқылы инновациялық әрекетке даяр болудың ішкі санасындағы қуатты көзін ашуға дағдыланады. Түрлі өзіндік жұмыстарды орындай отырып, студент инновациялық әрекетке дайындалудың күрделі жолдарын танып-біледі, алдағы міндеттерді шеше алатын болады.Бұл айтылғандардың барлығы, негізінен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың екінші, яғни оқыту-қалыптастыру кезеңіне ұйымдастыру үшін жасақталынған оқу-әдістемелік құралдар болғаны белгілі.Ал тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың тағы бір маңызды қадамы – оқыту-қалыптастыру кезеңінен соң өткізілетін бақылау кезеңін қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету. Осымен байланысты, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлығын бақылайтын тапсырмалардың кесінділері мен оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлығын тексеретін тест жүйесі мен оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді.Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың екінші кезеңінде, 2019-2020 жылдары жүргізілген қалыптастыру кезеңінде, ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдістемелік-технологиялық әдебиеттер мен зерттеулерді талдау арқылы жүйеленген теориялық-әдіснамалық тұғырлар негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлығын қамтамасыз етуге арналған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курс пен «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» оқу-әдістемелік құралының тиімділігі тексерілді.Сонымен бірге арнайы әзірленген «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курс пен қосымша оқу-әдістемелік құралдардың кешенін пайдалана отырып, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке арнайы даярлау үдерісін ұйымдастыру, өз кезегінде, студенттерді кәсіби педагогті дайындаудың тұтас педагогикалық үдерісіне үлкен ықпал етіп, зор әсерін тигізуі үшін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастыру кезеңіне кафедра ұжымымен келісе отырып, зор көңіл бөлінді.


Элективті курстың бағдарламасында белгіленген тәртіппен өткізілетін дәрістердің, семинарлық, практикалық және лабораториялық сабақтардың контенттері әзірленді. Элективті курстың әрбір тақырыбы мен дәрістің таңдалған түріне қарай көрнекіліктер мен оқу және қосымша оқу құралдары жинақталды. Дәрістер мен семинар, практикалық сабақтардың, лабораториялық жұмыс пен өзіндік жұмыс түрлерінің мазмұндары туралы қысқаша тоқталып өтіледі. Дәрістер түріне интерактив дәріс, проблемалық дәріс, эвристикалық дәріс, ізденімдік дәріс, зерттеу, пресс-конференция дәрісі, шолу дәрісі таңдалып алынды.Дәрістер жүйесінің алғашқы тақырыбы «Инновация, инновациялық үдеріс туралы түсінік» деп аталады, дәрістің түрі – интерактивтік дәріс деп таңдалынды. Интерактивтік дәрістің ерекшелігі онда білімдік ақпараттың оқытушыдан тікелей емес, мультимедиалық құралдар арқылы және студенттердің оқытушымен және өзара қарым-қатынас жасауы арқылы берілуінде. Дәрістің интерактивтік түрінде оқытушы дәстүрлі ақпарат берушіден, білімді бірге іздеуде кеңесші «рөліне» ауысуы басты орын алады.
Интерактивтік дәрісте оқытушы да, студенттер де белсенді қатысушы болып, алынып жатқан ақпаратты үздіксіз өңдеуші болып әрекет етеді. Бұл жерде дәстүрлі дәріс пен тренингтік әдістердің, ойын әдістерінің өзара кіріге өрілуін көреміз.
Интерактивтік дәрістің ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар мен әдіскерлердің берген анықтамаларына орай, оның өзіне тән ерекшеліктері келесідей етіп топтауға болады деп ойлаймыз:

  • интерактивтік дәрісте студенттер оқытушымен және өзара үздіксіз тақырып туралы пікір алмасып отыруы міндетті;

  • оқытушы міндетті түрде презентация жасауы тиіс;

  • оқытушы да, студенттер де дәріске белсене қатысып, алынып жатқан ақпаратты үздіксіз өңдеп отырады;

  • оқытушы әрдайым кері байланыс алып отырады, бұл өте маңызды.

  • оқытушы студенттердің пікір алмасуын тақырыптың берілуі тәртібіне қарай реттеп отыра алады;

  • интерактивтік дәріс – студенттердің енжар/пассив тыңдаушыдан актив /белсенді білім алушыға айналуын мүмкін ететін тиімділігі зор дәріс түрі.

Интерактивтік тақта қолданылып, интернетпен жұмыс белгіленді, студенттердің оқытушымен жәнне өзара интерактивтік байланыста болуы техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілді. Интерактивтік тақтаның инновациялық және дәстүрлі әдістерді бір нүктеге тоғыстыру мүмкіндігі зор екендігі белгілі. Сондықтан дәріс тақырыбы мен оның тезистері интерактивтік тақтада көрсетіліп, SMART Board бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы оқытушының мәтіндік, аудио және бейне материалдармен, интернет-ресурспен, скайппен тікелей жұмыс жасау мүмкіндіктері анықталды және пайдаланылды. Дәрістің өткізілу бойында студенттермен бірге ақпаратты іздеу және оны көшіру, сақтау, түрлі шығармашылық жұмыстар орындау жүргізіліп отырды. Интерактивтік тақтамен жұмыс жасау барысында компьютерлік симуляция, яғни компьютердің көмегімен инновациялық үдерістің динамикасын, ерекшеліктерін көрсету мүмкіндігі қолданылды.
Келесі жолдарда «Инновация, инновациялық үдеріс туралы түсінік» тақырыбының интерактивтік дәріс арқылы оқыту үдерісінің технологиялық картасы беріледі (кесте 14).

Кесте 14 – «Инновация, инновациялық үдеріс туралы түсінік» тақырыбы бойынша интерактивтік дәрістің технологиялық картасы





Интерактив дәрістің ішкі кезеңдік құрылымы

Кезеңде қарастырылатын мәселе

Оқытушы әрекеті

Студенттің әрекеті

Көзделген нәтижеге қол жеткізу

1

2

3

4

5

Ойталқы



Инновация деген не?
Инновациялық үдеріс деген не?

Мәселені қояды.
Ортақ пікірге келу алгоритмдері таныстырылады.

4 топқа бөлінеді, Көшбасшы сайлайды.
Топ болып талқылайды.
Оқытушымен ақылдасып, өз жауаптарын береді.

Инновация, инновациялық үдеріс туралы студенттердің өзіндік түсінігі анықталады, қарапайым анықтама алынады.

Шығармашылық тапсырма орындау

Әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыстық салалардағы инновация қалай танылады?

Әлеуметтік, экономика, мәдени-тұрмыстық салалардағы инновация туралы аз көлемде ақпарат береді

Өмірдегі салалар бойынша нақты инновация мысалдарын келтіру.



Студенттердің инновация, инновациялық процестің өмірінде орын алып отырғанына зер салуы.

Презентация

«Инновация», «инновациялық үдеріс» туралы анықтама, ұғым, ереже, мазмұны мен құрылымы туралы тиімді

Интерактив тақтаны, мульти-медиалық амал-тәсілдерді қолдана отырып, студенттің сезім мүшелеріне (көру, есту, сезіну) біртұтас әсер

Презентация мазмұнымен танысып, өздерінің алдыңғы кезеңде жасаған түсініктер мен анықтамаларға түзетулер

«Инновация», «инновациялық үдеріс» туралы білім мазмұны беріледі.

14 – кестенің жалғасы





1

2

3

4

5




және көрнекі түрде ақпарат беру

етуге ұмтылады.

жасайды, қысқаша конспект жасайды.




Пікірталас

«Педагогикадағы инновация: мазмұны мен ерекшеліктері»

Пікірталас сұрақтары мен алгоритмдерін таныстырады, қосымша интернет-ресурс материалдарымен таныстырады.

«Студент-оқытушы» және
«студент-студент» бойынша қысқа пікірталастар жүргізіледі.

Педагогика саласындағы инновациялар, түрлері, оларды мазмұны мен ерекшеліктеріқандай болуы тиіс, мақсат пен міндеттер қандай болуы тиіс деген мәселені студенттер оқытушымен бірге және өзара талқылай отырып, түсінуі көзделеді.

Іскери-педагогикалық ойын

Педагогикадағы инновациялық технологиялар туралы студенттермен біріге отырып ақпарат ізделінеді, алынады.

Интернет-ресурс пен презентацияны қолдана отырып, педагогикалық инновациялар туралы қысқаша ақпарат беріледі.

Бірнеше топқа бөлініп, интернет-ресурстан белгілі бір педагогикалық технология туралы ақпа
рат іздейді, олардың ерек
шеліктетрін жүйелейді. Топқа таныс
тырудың оң
тайлы жолын таңдайды.

Бірнеше топтан бір-бірден «лектор» дайындалып, кезекпен «Педагогикадағы инновациялық технологиялар және олардың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама мен мүмкін болса презентация жасайды. Нәтижесінде студенттер педагогикадағы инновациялық үдерістің, жаңа технологиялардың инновациялық өнім екенін түсінеді.

Нақты жағдаяттық талдау

2-4 сыныптағы жаңартылған «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогикалық жағдаяттар ұсынылады. Оны инновациялық жолмен қалай шешуге болатынын анықтау.

Студенттердің аналитикалық ойлауын дамыту үшін теориялық мәліметтерді нақ
ты практикалық жағдаятпен бай
ланыстыра білуге дағдыландыру әдістерін қолда
нады.Қысқаша инновациялық оқу бағдарламасы ту
ралы ақпарат береді.

2-4 сынып Қазақ тілі пәні бойынша бір тақырыпты алып, оны қандай технологиямен оқыту тиімді болатынын ұсынады.

Инновация, инновациялық үдеріс туралы теориялық білім мен болашақ педагогтік қызметіндегі мәселені ұштастыруға дағдыландыру.

14 – кестенің жалғасы





1

2

3

4

5

Қорытынды

Инновация, инновациялық үдеріс, педагогикадағы инновациялар туралы білім мазмұнын түйіндеу.

Интерактив тақтаны қолда
нып, «Инновация, инновациялық процесс, педа
гогикадағы инно
вациялар» атты қысқа ғана пре
зентация көрсе
теді.

Барлық студенттер пропонент ретінде бү
гінгі дәрісте қарастырылған мәселе туралы өз ойын айтады.

Инновация деген не?
Инновациялық үдеріс деген не?
Деген сұрақтарға студенттердің оқытушы
ның жетекшілігімен жауап іздеп табуы.
«Инновация, инновация
лық үдеріс» атты сызба жасау.

Интерактивтік дәрісте, көрініп отырғанындай, аз ғана уақытта студенттер өте белсенді жұмыстар орындап, бірнеше кезеңнен өтеді және түрлі әдістерді пайдалана отырып, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Интерактивтік дәрістің әр кезеңінің өзінің мақсаты бар, ал соңғы кезеңдегі соңғы күтілетін нәтиже – алдыңғы кезеңде қойылған мақсат ретінде қолжетімді болуы көзделеді. Интерактивтік дәрістің нақты тақырыптарға байланысты бейімделуі үлкен нәтижелерге қол жеткізеді және барлық тақырыпты бірдей интерактивтік дәріс формасы негізінде меңгерту тиімді болмайды деп ойлаймыз. Дәрістің түрлері мол, сондықтан тақырыптар бойынша дәрістерді де түрлендіріп отыру қажет. Нақ осындай ретпен элективті курстың бағдарламасында көрсетілген барлық дәрістердің технологиялық картасы әзірленді.


Дәрістерді әзірлеуден басқа, жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың оқыту-қалыптастыру кезеңіне қатысты практикалық сабақтар, семинар, лабораториялық сабақтар, өзіндік жұмыс, жоба жұмыстарының барлығына «Технологиялық карта» мен олардың әдістемелік нұсқаулар әзірленді.
Инновациялық семинар – күрделі тақырыпты меңгеру бойынша, сол тақырыптағы мәселелерді шешу жолындағы оқытушы мен студенттің бірлескен әрекетінің ерекше формасы. Инновациялық семинардың мазмұнындағы басты мәселе – студенттердің инновациялық ойлауын дамыту, инновациялық әрекетін қалыптастыру. Инновациялық семинарда оқытушының рөлі – педагог, зерттеуші, сарапшы, әдіскер, жетекші. Студенттің рөлі – білім іздеуші, зерттеуші, (қосалқы) сарапшы, оқытушы жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуші. Төменде «Ми шабуылы» семинарының өткізілуінің технологиялық картасы түрінде сондай бір практикалық сабақтың үлгісі көрсетіледі.
Тақырыбы: «Инновациялық әрекет: құрылымы мен жүйесі»
Семинардың форматы: «Ми шабуылы»
«Ми шабуылы» әдісі – шығармашылықтың психологиялық белсенділігін мүмкін ететін әдіс. Оның өткізілу барысында ішкі келесі сәттер қамтылады:

  • шешілуі тиіс мәселенің қойылымы;

  • мәселені талдау және қажетті кіріспе ақпаратты баяндау;

  • мәселені шешу мүмкіндіктерін анықтау;

  • мәселені басқаша етіп бірнеше нұсқада қайта құру;

  • қайта құрылған мәселе нұсқаларының біреуін біріге отырып таңдау;

  • мәселенің басқа салалардағы ұқсас үлгілерін табу;

  • мәселенің түрлі шешімін ойлап табу/ ұсыну;

  • ең оңтайлы шешімді не/немесе шешімдерді таңдап алу (кесте 15).

Кесте 15 – «Инновациялық әрекет: құрылымы мен жүйесі» тақырыбындағы «Ми шабуылы» форматындағы семинардың технологиялық картасы





Ми шабуылыкезеңдері

Кезең мақсаттары

Оқытушы әрекеті

Студенттер әрекеті

Қолжетімді нәтиже

1

2

3

4

5

Бірінші кезең



Инновация-лық әрекет» ұғымының құрылымын жүйелеуге байланысты жаңа идеяларды анықтайтын
«Ми шабуылын» жасауға дайындық.

«Ми шабуылына» қатысатын әрқайсысы
10-15 студенттен құралған 2 топ жасақтау.



Әр топ өз ішінен таңдап 1 студентті аналитик/талдаушы етіп тағайындайды.



Топ өзінің алдына қойылған мәселені шеу үшін «Ми шабуылын» жасауға дайын.

Екінші кезең

Шешілуі тиіс мәселемен танысады.

Студенттік 2 топқа келесі екі міндетті шешуді тапсырады:

  1. «Инновациялық әрекет» ұғымының құрылымын анықтау

  2. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекеті қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеу.

«Инновациялық әрекет» ұғымының құрылымын анықтауға дайындалады.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекеті қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеуге дайындалады.

Топтың өз алдына шешілуі тиіс күрделі мәселені проблемалық жағдаят ретінде анықтап қоя біледі.

Үшінші кезең

Жаңа идеяларды ойлап табу (генерациялау)

Студенттерге 20 минуттан 50 минутқа дейін уақыт береді. Студенттердің жаңа идеыларды тудыру процесін, пікірталасы мен ойталқыларын

  1. «Инновациялық әрекет» ұғымының құры

лымына байланысты және «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің иннова
циялық әрекеті» ұғымына

«Иннова-циялық әрекет» ұғымының және «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің

15 – кестенің жалғасы



1

2

3

4

5










бейнеролик етіп жазып алады.

  1. байланысты жаңа идеяларын ұсынады.

инновациялық әрекеті» ұғымының құрылымдық-мазмұндық жүйесін анықтайды, мәселеге байланысты білімін жинақтайды.




Төртінші кезең

Ойлап табылған жаңа идеяларды жүйеге түсіру

Студенттерге генерацияланға жаңа идеяларды жүйелеудің реті-тәртібін үйретеді.
Әрбір топтың идеяларын бөлек жианқтайды.

Студенттер:

  1. айтылған барлық идеялардың тізімін құрайды;

  2. идеялардың барлығын белгілі бір терминмен «таңбалайды»;

  3. бірін-бірі қайталайтын идеяларды сұрыптайды;

  4. қайталанған немесе толықтыру үшін айтылған идеяларды мәселенің басқа қырларын таңбалау мүмкіндіктерін анықтайды;

  5. Барлық идеяларды біріктіретін ортақ мағынасын анықтайды.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекеті» ұғымына қатысты жаңа идеялар жүйеленеді.




Бесінші кезең

Жүйеленген идеялардың жүзеге асырылуы барысында кездесетін сын-қатерлерді анықтау

Жүйеленіп іріктелінген идеяларды «Ми шабуылына» қатысушылардың барлығы кезектесе отырып, сыни тұрғыдан бағалауы керек.
Бұл идеяларды жүзеге асыру барысында кездесуі мүмкін кедергілерді анықтау жолын хабарлайды.

Студенттер жүйеленген жаңа идеяларға қарсы контридеялар ойлап табады.

Жаңа табылған идеяларды жан-жақтан талдайды, жүзеге асырылу барысында кездесуі мүмкін сын-қатерлерді анықталады.

15 – кестенің жалғасы





1

2

3

4

5

Алтыншы кезең

Сыни идеяларды ескере отырып, тәжірибеде пайдаланы-латын идеяларды тізімдеу.

Сыни бағалаудан соң тәжірибе үшін ең оңтайлы жаңа идеялардың ерекшелігі туралы қысқаша айтып береді.

Сыни бағалаудан соң тәжірибе үшін ең оңтайлы жаңа идеялардың ерекшелігі туралы қысқаша айтып береді.

Шынайы тәжірибеде пайдаланы-латын жаңа идеяларды анықтау арқылы «Инновация-лық әрекет» ұғымының құрылымын жүйелейді.

Кестеде көрсетілгеніндей, «Ми шабуылы» форматында өткізілген семинарда студенттер алты кезеңде бөлек-бөлек қойылған оқу мақсаттарының алгоритміне сәйкес, қорытынды нәтижесінде шынайы тәжірибеде пайдаланылатын жаңа идеяларды анықтау арқылы «Инновациялық әрекет» ұғымының құрылымын жүйелейді. Осы «Ми шабуылы» форматындағы семинарлардың тиімділігі студенттерге әзірге терең таныс емес мәселені шешуде әрқайсысының өзіндік ойын айтып, бірін-бірі түзетіп, оқытушының жетекшілік етіп қатысуымен, идеяларын түзете/коррекциялай алады. Нәтижесінде жаңа идеялардың барлығы ізденіп отырған ұғымның мазмұнын кеңейтуге көмек болады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дайындық жасау үдерісінде инновациялық лабораториялық сабақтардың да әрқайсысы бойынша технологиялық картасы әзірленіп, әрбір лабораториялық сабақтың мазмұны мен құрылымының нақты сценарийлері негізінде сабақтың технологиялық картасы құралды. Элективті курста көрсетілген бірнеше лабораториялық сабақтардың («Инновациялық шеберхана», «Ғылыми-эксперименттік талдау», «Бақылау жұмысы», Презентациялық сабақ) біреуіне кеңірек тоқталып өтеміз.Ал басқалары болашақ бастауыш сынып педагогтеріне таныс форматтарға ұқсас болып келеді, мысалы «Инновациялық шеберхана» тренингке немесе шеберлік сыныбына ұқсас болып келеді, «Ғылыми-эксперименттік талдау» лабораториялық сабағы белгілі бір педагогикалық технологиялық әдістемені талдауға арналады. Сондықтан осы тұста «Антиципация әдісі» деп аталатын лабораториялық сабақтың технологиялық картасын сипаттауға тоқталамыз.


Антиципация әдісітің мәнісі студенттерге тек теориялық білім мазмұнын беріп қойылмай немесе сабақ жоспарын жасауды үйретіп қоймай, қандай да бір педагогикалық жағдаят кезіккенде одан жол тауып шыға білу, оқу не тәрбиелік мазмұндағы туындаған мәселені педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс шеше білу дағдыларын қалыптастыруды танытады.
Ғалымдардың айтуынша, антиципация әдісі дегеніміз – болашақты түсіну және бағалау қабілеті, пайда болған педагогикалық жағдаятты терең түсіну, соған байланысты дұрыс шешімдер қабылдай білу және қажетті іс-әрекет жасау [166].
Лабораториялық сабақта болашақ бастауыш сынып педагогтеріне 2-4 сыныптарға арналған жаңартылған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасындағы дәстүрлі білім мазмұнынан өзгеше жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті дағдылар үйретілу көзделді. Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде педагогикалық жағдаяттар тек мұғалімде ғана емес, оқушыларда да, ата-аналарда да, қоғамда да туындағаны белгілі. Педагог сол мәселелердің барлығына білімді, аргументтелген, шынайы шешімін таба алуы үшін арнайы қалыптасқан дағдылары болуы керек. Антиципация әдісі болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің құрылымдық бірлігінің бірі болғандықтан, педагогтің кәсіби саналы әрекетінің мақсаты мен шарты болып табылады. Педагогикалық есеп оқу-тәрбие және кәсіби-инновациялық ерекшеліктердің тұтасқан бірлігі болып табылады. Студенттерге арналған антиципация әдісінің мазмұнында педагогикалық технология мен шеберлік ұштаса көрініс табады, сондықтан бұл әдістер оқу-танымдық әдіс ретінде танылады. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекет даярлаудағы орындалатын антиципациялық сабақтың кезеңдері мен технологиялық картасы құрастырылды. Оның мазмұнын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 16).

Кесте 16 – «Инновациялық әрекеттің рефлексивтік компоненті: белгілері, жүзеге асырылу жолдары» тақырыбындағы антиципациялық сабақтың құрылымы және технологиялық картасы





«Антиципация әдісі» кезеңдері

Кезең мақсаты
мен мазмұны

Студенттердің оқу-танымдық әрекеті

Нәтиже

Бірінші кезең



Берілген пед.жағдаятты талдау

Берілген пед.жағдаятқа диагноз қояды, нәтижені жобалайды, педагогикалық мүмкіндіктерге болжам жасайды

Берілген пед.жағдаятты шешу жолдарын анықтайды.

Екінші кезең

Инновациялық әрекетті жоспарлау



2-4 сыныптағы «Қазақ тілі» пәні бойынша бір сабақты таңдап алып, соны ұйымдастырып өткізудің әдістемелік сценарий құрып, ұйымдастыру жүйесін нақтылайды

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 1 сабақтың инновациялық сценарийін құрастырады.

Үшінші кезең

Студенттердің инновациялық әрекетке даярлығын реттеу және түзетулер жасау

2-4 сыныптағы «Қазақ тілі» пәні бойынша таңдап алынған сабақты инновациялық тұрғыдан ұйымдастырады

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша өткізетін сабақтың инновациялық сценарийіне түзетулер енгізеді

Төртінші кезең

Қорытынды есеп жолы.

Жаңартылған бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтың инновациялық қырларын жаңаша толықтырады

Педагогикалық есепте берілген педагогикалық жағдаятты шешеді.

Эксперименттік топта өткізілген дәрістердің өз инновациялық форматта таңдалынғаны алдыңғы тармақтарда айтылды. Оқу-қалыптастырушы кезеңде өткізілген сондай инновациялық дәрістің бір түрі Пресс-конференция дәрісінің үлгісін қысқаша көрсетіп өтеміз. Бұл дәрістің ерекшелігі – оқытушы мен студенттердің сұрақ-жауап диалогы түрінде өтілетіні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет