Станциялық бекет ойын



бет4/8
Дата01.02.2023
өлшемі23,8 Kb.
#64272
1   2   3   4   5   6   7   8
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.Жалпы жануарлар дала жануарлары және үй жануарлары болып екі түрге бөлінеді.Үй жануарларына сиыр, қой, екші, жылқы, түйе жатады.
Түйенің төлі — бота
Жылқының төлі — құлын
Сиырдың төлі — бұзау
Қойдың төлі — қозы
Ешкінің төлі — лақ.-деп аталады.Үй жануарлары бізге ет, сүт береді.Жылқы малын ертеде көлік ретінде пайдаланған.Олардың адам баласына пайдасы зор болып табылады.Ал енді дала жануарларына келер болсақ;-олар:Арыстан, жолбарыс, қасқыр, аю, түлкі, қоян,т.б.Бұлар орманда мекендейтін жыртқыш аңдар.Олардың терісін пайдаланып киімдерімізге жаға ретінда пайдаланамыз.
Жұмбақтар жасырылады.
1.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой.)
2.От басында құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық.)
3.Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-да шу. (Түлкі.)
ІV.«Пайдалы қазбалар» бекеті
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет