Станциялық бекет ойын



бет7/8
Дата01.02.2023
өлшемі23,8 Kb.
#64272
1   2   3   4   5   6   7   8
Плутонның массасы 0,0015 Жер массасын құрайды немесе Ай массасынан 5есе кіші. Плутонның радиусы 1100км. 1978 жылы Плутонның Харон деп аталған серігі ашылды.
Сұрақтар
1) Көлемі мен массасы жағынан Жерге жұық ғаламшар (Шолпан)
2)Адам аяғы басқан жалғыз Аспан денесі (Ай)
3) Бетінің орташа жылдық температурасы -700С-қа жуық ғаламшар (Марс)
VІІ. «Балдәуренге саяхат» бекеті
«Балдәурен» Қазақстанның ең сұлу өлкелерінің бірі – Щучье – Бурабай курорттық аймағындағы Щучье көлінің жағасында орналасқан. Бұл орталық балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет жағдайлар жасайды.
«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығы (РОСО) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке тапсырысы бойынша 2000 жылдың 7 қарашасында құрылды. «Балдәурен» сөзінің мағынасы «балғын шақ», «балғын балалық шақ» дегенді білдіреді. «Балдәуреннің» әнұранының авторы Төлеген Қажыбай. «Балдәурендегі» күзгі және қысқы, көктемгі мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі 20 күн, ал жазғы мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі 15 күн.
2016 жылдың 6 маусымында «Балдәуреннің» Алматы қаласында «Балдәурен – Қапшағай» РОСО атты филиалы ашылды. Ал осы жылы, яғни 2018 жылдың 4 қыркүйегінде екінші филиалы «Балдәурен – Шымкент» РОСО ашылды. Бұл орталық Түркістан облысы Төлеби ауданы Нысанбек елді мекенінде тамаша тау бөктерінде орналасқан. Сіздер осы орталықтың 2 – ші ауысымының демалушыларысыздар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2005 жылдың 25-ші шілдесінде «Балдәурен» орталығының тарихында із қалдырған кездесу болды.
Сұрақ:
1. «Балдәурен» сөзінің мағынасы нені білдіреді?(«балғын шақ», «балғын балалық шақ»)
2.«Балдәуреннің» әнұранының авторы кім? (Төлеген Қажыбай)
3. «Балдәурендегі» күзгі және қысқы, көктемгі мезгілдерде ауысымдардың ұзақтылық мерзімі қанша күн? (20 күн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет