Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау Мақсаты



бет14/22
Дата22.06.2022
өлшемі0,62 Mb.
#37178
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Стандарт Акушерия

Іс-әрекет алгоритмі:
1.Бос персоналдың мобилизациясын жасаңыз (шақыру) акушер – гинекологты; анестезиологты; лаборантты;
2.Әйелдің жағдайын бағалаңыз: артериялық қан қысымын; тамыр соғысын; дене қызуын; тері жабындығын; дем алуының жиілігін;
3.Науқасты сол қырымен жатқызып, зақымдалудан сақтаңыз, бірақ қатты қыспаңыз.
4.Оттегімен қамтамасыз етіңіз.
5.Ауызкергіштің көмегімен жақты ашып, тілұстағышпен тілді ұстаңыз. Талма аяқталғаннан соң, керек болса ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалаңыз.
6. Перифериялық көктамырға (№,18, 16 катетер) катетеризация жасаңыз.Магнезиалдық терапияны бастаңыз. 7. 25 % - 20 мл магний сульфатын 10-15минут аралығында тіке баяу жіберіңіз (бастапқы дозасы)
8. Егер құрысу қайталанса көктамырға 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін тіке баяу
10мин ішінде жіберіңіз
9.Дірілге бейімділік сақталса, көктамырға 2мл диазепам(реланиум,седуксен) ерітіндісін енгізу.
10. 25% - 80,0 мл магний сульфатын 320,0 физиологиялық ерітіндіге қосып к\т тамшылату, минутына 11-22 тамшыдан тамшылату (қодаушы дозасы)
11. Тәуліктік диурезді анықтау мақсатында қуықты катетерлеу.


26.Босанғаннан кейінгі қан кетудің қадамдық терапиясы (геморрагиялықшок белгілерінсіз қан кету кезіндегі)


1 Қадам



  • Қолы бос персоналдың мобилизациясы (науқасты жалғыз қалдырмай: көмекке тәжірибелі, толық көлемде оперативті техниканы меңгерген акушер – гинекологты, анестезиолог – реаниматолог пен лаборантты шақыру).

  • Қан жоғалту көлемін бағалау.

  • Аурудың күйін бағалау және ағзаның өмірлік маңызды қызметін тексеру (ҚҚ, тамыр соғысы, дене қызуы, демнің жиілігі).

  • Жіті терапия картасын толтыру үшін бір қызметкерді тағайындау.

  • Қуықтың катетеризациясы – қуық бос болуы керек.

  • Кристалойд инфузиясын жүргізу үшін екі перифериялық көк тамырдың катетеризациясы (№№ 14 – 16G) қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынастажәне утеротоник ( бұлшық етке 10 бірлік окситоцин енгіземіз, системаға 1000 мл физиологиялық ерітіндіге 20 бірлік окситоцин ерітіп, минутына 60 тамшыдан енгіземіз).

  • Әйелді жылындыру (көрпе жабу, ылғалды жаймаларды құрғаққа ауыстыру)

  • Дымқылды оттекпен қамтамасыз ету.

  • Қанның жалпы талдауы.

  • Коагулограмма немесе қанның ұю уақыты.

  • Қан тобын анықтау, Rh – факторды, қанды үйлесімділікке тексеру.

  • Себебін анықтау

  • жатырды зерттеу (тонусын,тіндерін)

  • босану жолдарын қарау (жарақат)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет