Жатырдың бимануалдық копрессиясы утеротониктерді енгізу кезімен мезгілдес өткізілуі мүмкін
Қан кету жалғасқан кезде
Бір уақытта:
Барлық қолы бос персоналдың мобилизациясы (көмекке қосымша: бөлім меңгерушісін, анестезиолог – реаниматологты, лаборантты, стационардағы қан құюға жауапты маманды шақырту).
Қан жоғалту көлемін бағалау. 1500 мл және одан астам қан жоғалтқан кезде орталық көк тамыр катеризациясын жасау керек.
Әйелдің күйін бақылап және ағзаның өмірге маңызды қызметтеріне қадағалау жүргізу (мониторинг, ҚҚ, пульс, ЭКГ, пульссоксиметрия, дене қызуы, демнің жиілігі, диурез) жіті қадағалау картасын толтырумен.
Кристаллойдтарды енгізуді жалғастыру, қан жоғалту көлеміне арақатынасы 3: 1. Инфузияның жылдамдығы 1,0 литр 15 минут ішінде. Кейін инфузиялық терапияның бағдарламасы анестезиолог – реаниматологпен бірігіп құралады.