Стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу Орындаған: Алжанбаева Н. Т. Тексерді: Жаримбетова. Г. К



бет4/6
Дата07.12.2022
өлшемі107,06 Kb.
#55678
1   2   3   4   5   6
Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді
Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлық, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін. 
Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым. 
Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабораториялық практикумдардың қасиеттерін қамтыған, мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы. 
Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажерлар) саналады. 
Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. 
Цифрлық білім беру ресурстарына қойылатын жалпы педагогикалық талаптар
Библиографическое описание: Абилхасимова, А. Е. Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану / А. Е. Абилхасимова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 14 (304). — С. 292-295. — URL: https://moluch.ru/archive/304/68503/ (дата обращения: 28.05.2022).  Бұл мақалада білім беру үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудағы маңызы, әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, электронды оқыту жүйесі жобасы аясында жасалған ЦБР мазмұны мен құрылымын талдау қарастырлған. Сонымен қатар, ЦБР-ге қойылатын талаптар, қағидалар, топтамалардың мазмұны, және оны қолданудың әдістері көрсетілген. Түйінді сөздер: цифрлық білім беру ресурсы, электрондық оқыту жүйесі, электронды оқулық, ақпараттық технология. В данной статье рассматривается значение использования цифровых образовательных ресурсов в образовательном процессе, описание методических особенностей, анализ содержания и структуры ЦОР, разработанных в рамках проекта системы электронного обучения. Кроме того, представлены требования к ЦОР, принципы, содержание пакетов и методы его применения. Ключевые слова: цифровой образовательный ресурс, система электронного обучения, электронный учебник, информационные технологии. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі — ЭОЖ) қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр. [1] Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолданылып келеді. Қазіргі таңда мемлекет ұсынатын қызметтердің көпшілігі электрондық тәсілмен көрсетіледі. Бұл орайда шалғай өңірлерге де тарала бастаған электронды үкімет — e-gov желісінің рөлін атап өту керек. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес цифрлық ресурстарды ұлғайтуда үстіміздегі жылы білім берудің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдар желісімен біріктіру қолға алынып жатыр. Білім және ғылым мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық күш-қуаты өркендеуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ендіруге септігін тигізіп, жастарды қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға қажетті керекті білімдер мен дағдылармен қамтамасыз етеді. Ernst&Young халықаралық компаниясының зерттеу мәліметі бойынша мемлекеттің білім мен экономикасының арасында тікелей байланыс байқалады. Мәселен, бастауыш білім берумен қамтылуды 1 пайызға арттыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,35 пайызға көтереді. Жоғарғы сыныптарды оқыту мерзімін бір жылға көбейту мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,44 пайызға арттырады. Ұзақтығы 10 жылға созылатын білім берудің стартегиялық бағдарламаларын іске асыру мемлекеттің ішкі жалпы өнімін 5 пайызға көбейтеді. Бұл ретте орташа баллдан 5 балл жоғары алған мемлекет еңбек өнімділігін 2,5 пайызға және жалпы ішкі өнімді адам басына шаққанда 1,5 пайызға арттыра алады. [2] Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. [3] Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған. Стандарттағы жалпы талаптар: – Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі; – Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу; – Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу; – ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады. Цифрлық білім ресурстарға қойылатынжалпы педагогикалық талаптар: Ғылымилық қағида бойынша: – оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы; – пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі; – оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс. Түсініктілік қағидасы – оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну. – оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы. Көрнекілік қағидасы бойынша: – Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру; – Оқу материалын барынша көрінерлік ету. Жүйелілік қағидасы бойынша: ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік. Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша: – пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы. – оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру. – оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру. – шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру. Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша: – Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы. – ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы. Аталған педагогикалық талаптардан басқа Интерфейстің бір түрлілігі, яғни жазбалар, анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану, пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т. б. дизайн-эргономикалық талаптарда қарастырылады.Сондай-ақ, стандартта ЦБР-ға қойылатын техникалық талаптар, декларация құрылымы мен ресурстың сипаттамасы және де ресурстардың рұқсат етілген форматтары да берілген. [4] Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты таңдай білген жөн. Біздің елімізде ең ауқымды ЦБР топтамасы Ақпараттандырудың Ұлттық орталығының www.nci.kz сайтында орналасқан. ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер— мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу. Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу: – жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу; – пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы; – ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру; – бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау; – шығармашылық тапсырмаларды даярлау; – цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау; – Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу. Сабақ барысындағы көмек: – мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау; – лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану; – оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу; – сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары; Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу: – материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; – оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы; – Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры; – Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі; – Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту; – Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу; – Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру. [2] ЦБР топтамасының мазмұны: Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары. Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер. Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория. Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер. Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі. Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар. ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар. [5] Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері: Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс. Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін. Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі. Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде. Мұндай ЦБР –дың артықшылығы қолдануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді. Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. [6] Қорытынды Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әдебиеттер: Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты (www.nci.kz) АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz) Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (www.ripkso.kz) Роберт И. В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический аспекты). 3-е изд., доп. -М.: ИИО РАО, 2010. -356с. Савелова Е. В. Цифровые образовательные ресурсы в школе: методика использования. Обществознание. Сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов. –М.: Университетская книг, 2008. -224с. Қадірбаева Р.І. Жаңа ақпараттық-білім технологиясын пайдаланып оқытудың ерекшеліктері //Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. -Шымкент-Москва, 2009. — Т. ІІІ. — Б. 174–178.




Цифрлық білім беру ресурстарын дайындаудың ерекшеліктері



XXI ғасырдағы білім беруді дамыту стратегиясы ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігінің негізінде, «ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасы болуы тиіс мектеп бітірушілерді дайындауға бағытталған. Заңды объективтік процесс ретінде бүгінгі таңда мектеп қабырғаларында оларды дайындаудың тұғыры оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады.
Оқытудың жаңа парадигмасына өтудің тетігі оқытудың тиімділігін батыл арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагогикалық және ақпараттық қатынастық технологияларды ұштастыру негізінде электрондық оқыту болып саналады. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып электрондық оқыту мойындалған.
Оқып үйренетін пән бойынша білім мен білікті меңгеруде электрондық оқыту есебінен танымдық іс-әрекеттегі дәстүрлі оқу процесінде, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын ақпарқатынастық өзара әрекеттің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін әмбебап ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау және алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуда өзгерістер болады.
Электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету.
Электрондық оқыту жүйесінің ішкі жүйелерінің бірі контенттік (мазмұндық) жасақтама болып саналады: ашық қатынас құруда орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін цифрлық білімдік контентпен толық қамтамасыз ету жоспарланады; оқытушылар дайындайтын электрондық білімдік ресурстар дамиды (орталықтандырылған медиатек ресурстары дайындалынады және толықтырылады).
Цифрлық білімдік ресурстар Порталға қосылу орнынан тәуелсіз түрде әрбір пайдаланушы үшін ыңғайлы әр түрлі форматтағы ақпарат болып табылуы тиіс.
Цифрлық білімдік ресурстарды педагогтар сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алатын болады.
Цифрлық білімдік ресурстар оқытушыларға оқытудың әр түрлы мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік процесс субьектілерінің интерактивтік қашықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Стандарттағы жалпы талаптар:

  • Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі:

  • ·

  • Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;

  • ·

  • Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;

  • ·

  • ЦБР – дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.

Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптардың 6 түрі бар олар:
1.Ғылымилық қағида бойынша:
* оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;
* пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;
* оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.
2.Түсініктілік қағидасы:
* оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.
* оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
3.Көрнекілік қағидасы бойынша:
* оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру.
* оқу материалын барынша көрнекілік ету.
4.Жүйелілік қағидасы бойынша:
ЦБР – дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық – мақсаттық, мағыналы мазмұндық, операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.
5.Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:
* пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы. 
* оқушылар мүлдесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.
* оқушылардың белсенді ақыл – ой, іс – әрекетін ұйымдастыру.
* шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
6.Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша:
* оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.
* ЦБР – дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.
Аталған педагоикалық талаптардан басқа Интерфейстің бір түрлілігі, яғни жазбалар анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану, пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б. дизайн – эргономикалық талаптарда қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет