Стандартты бағдарламалық жасақтаманың кемшіліктері Әрине, бар SaaS кемшіліктері және басқа стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету. Ішінара бағдарламалық құралда бірнеше пайдаланушылар болғандықтан, оның көптеген функциялары болады.
Егер теңшеу іскерлік процесті 100% қолдау үшін арнайы жасалған болса, онда стандартты бағдарламалық жасақтама көптеген тұтынушылар қолданбайтын көптеген функцияларды қамтиды.
Компанияның нақты функционалын қосу әрдайым мүмкін емес.
Жеткізушіге хабарласқан кезде біз ол білетін көптеген пайдаланушылардың бірі болып табыламыз. Бағдарламалық жасақтамаға толықтырулар енгізу икемділігі ішінара басқа пайдаланушылардың қажеттіліктерімен анықталады. Шығарылымдардың функционалдығы мен басымдығына әсері шектеулі болып қалады.
Біз әдетте бизнес-процестерді бағдарламалық жасақтаманың функционалдығына бейімдеуіміз керек.
Бағдарламалық қамтамасыз ету көбінесе жиі пайдаланылмаған функционалдылықтың болуына байланысты күрделі.
Қол жетімді функционалдылық - бұл көптеген пайдаланушыларға қажеттілік туралы келісім, сондықтан көбінесе оңтайлы емес. Бағдарламалық жасақтама жасай алмайтын нәрсені, әдетте, салу мүмкін емес. Нәтижесінде біз бәсекеге қарағанда мүмкін болатын артықшылықты жіберіп аламыз.
Ұйымдар жаңа шығарылымдарды орнатуға міндетті. Уақыт өте келе пакеттегі қолдаудың мерзімі аяқталады. Жаңа шығарылымды орнату көп күш жұмсауды қажет етеді, ал ол тек шектеулі қайтарымдылықты береді.
«Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын құрастыру, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерлерді оқыту, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін сертификаттау, қызметкерлерді басқару саласындағы міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған. Осы кәсіби стандарт негізінде ұйымдар кәсіби білім деңгейін, еңбек қызметінің тізімін, өндіріс ұйымының ерекшелігін ескере отырып білімі мен дағдыларын, еңбек пен басқаруды, олардың жауапкершілігін нақтылаумен қызметкерлерге корпоративтік кәсіби стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – жұмыскердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындығының дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығы; 3) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; 5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбектің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 6) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтардың жиынтығы; 7) кәсіп – арнайы дайындықтың нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; 8) рефакторинг – ішкі құрылымдарды жақсарту мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту үдерісі; 9) салалық біліктілік шеңбері– салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 10) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы; 11) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау. 3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 1) СБШ – салалық біліктілік шеңбері; 2) КС – кәсіби стандарт; 3) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 4) БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету; 5) ОЖ – операциялық жүйе; 6) АҚ – ақпараттық қауіпсіздік; 7) ДБ – деректер базасы; 8) ДББЖ – деректер базасын басқару жүйесі; 9) ЭСҚ – электрондық сандық қолтаңба; 10) ORM-жүйелері (ағылшынша. object-relational mapping) – «деректердің мүмкіндікті объектілік базасын» құра отырып, бағдарламалаудың объектілібағдарлау тілдерінің тұжырымдамасымен деректер базасын байланыстыратын, бағдарламалау технологиясы; 11) SQL (ағылшынша. structured query language) – құрылымдалған сұраулардың тілі; 12) API (ағылшынша. application programming interface) – қолданбалы бағдарламалаудың интерфейсі. 2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты 4. КС атауы: «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу». 5. КС әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің біліміне, білігіне, дағдыларына және жеке құзыреттіліктеріне еңбек міндеттерінің, тиісті талаптардың жүйелік және құрылымдық сипаттауы. 6. КС қысқаша сипаттамасы: БҚ бағдарламалау, ретке келтіру, тестілеу, түрлендіру, біріктіру. 7. Негізгі топ: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Кәсіби топ: БҚ әзірлеу. Кәсіби кіші топ: БҚ кодтау. 3. Кәсіп карточкалары 8. Кәсіптер тізбесі: 1) Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі; 2) Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, СБШ бойынша біліктіліктің 5 деңгейі; 3) Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, СБШ бойынша біліктіліктің 6 деңгейі; Кәсіптер карточкалары осы Кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері: Біріншіден. ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер,дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
Екіншіден. оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.
Үшіншіден. ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
Төртіншіден. мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі.
Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де құрылуы мүмкін.
Бесіншіден. ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады.
Алтыншыдан. жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі.
Жетіншіден. оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.
Көркем еңбек сабағында электрондық оқытудың компоненттері
Электрондық оқыту – кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады.
Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тесттер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеушіті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электрондық оқыту – таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қаматмасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклі бір ғана жұмыспен – электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютерлік диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталаттын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізі педагогиалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Әдістемелік жүйенің бөліктеріне электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырса, оны мына сызбадан көруге болады.
АКТ-ны көркем еңбек сабақтарында пайдалану мұғалім мен оқушының қарқынды қызмет жасауына мүмкіндік береді, пәнді оқытудың сапасын арттыру,биологиялық объектілердің елеулі тараптарын көрсету, көрнекілік ретінде шынайы өмірді бейнелеу,алдыңғы қатарға ең маңызды ( оқу мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан) сипаттамалары зерттелетін объектілер мен табиғат құбылыстары қарастырылады.Осы тақырыпты таңдауыма әсер еткен, қазіргі біз куә болып отырған қоғамдағы ақпараттандырудың күн сайын өсіп келе жатқандығы . Ақпараттандыру адамзат қызметінің барлық саласын, соның ішінде білім беруді де шарпыды. Көркем еңбек оқу курсын ақпараттандыру негізінен жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде мультимедиялық құралдарды енгізу болып табылады.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе
отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
1.Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
2.Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
3.Өздерін – өздеріне бағалату;
4.Іс – әрекет барысында білім алу;
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлік білім беру ресурстарын дайындау