Стандартты ерітінділер


Екі атауы бар стандартты сұйықтықтар



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі471,9 Kb.
#130521
1   2   3
Байланысты:
стандартты ер3т3нд3лер

Екі атауы бар стандартты сұйықтықтар

Шартты атауы

Химиялық атауы

1.Liquor Burovi
Буров сұйықтығы

Solutio Aluminii subacetatis 7.6-9.2%
Алюминийдің негізгі ацетатының ерітіндісі 7,6-9,2% (8%)

2.Liquor Kalii acetates
Калий ацетатының сұйықтығы

Solutio Kalii acetatis 33-35% (34%) Калий ацетатының ерітіндісі 33-35% (34%)

3.Perhydrolum
Пергидроль

Solutions Hydrogenii perexydi concentrata 27.5-30.1% (30%)
Сутек асқын тотығының концентрлі ерітіндісі 27.5-30.1% (30%) Solutions Hydrogenii perexydi dilutum 2.7-3.0%

(3%) Сутек асқын тотығының сұйылтылған ерітіндісі 2,7-3,0% (3%)

4.Formalinum

Solutio Formaldehydum 36.5-37.5%(37%)
Формальдегид ерітіндісі 36,5-37,5% (37%)

Стандартты ерітінділерді сұйылту
Бірінші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту.
Хлорсутек қышқылының ерітінділерін асқазан сөлі жетіспеген кезде тамшы немесе микстура түрінде ішке қолдануға белгілейді.Егер жазылымда хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілмесе, онда ССРО МФ-да көрсетілгендей, Acidum hydrocloricum dilиtum 8.3% (сұйылтылған) босатылады.
Rp; Acidi hydroclorici 3 ml
Aquae purificatae 200 ml
Misce. Da. Signa. 25 тамшыдан 1/4 стакан суға қосып, ас алдында ішу үшін
Рецепте хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілмеген, сондықтан 8,2-8,4% хлорсутек қышқылы алынады.
Хлорсутек қышқылы күшті әсер ететін зат, сондықтан оның дозасы тексеріледі: Ерітіндінің жалпы көлемі:
Vж.=200+3=203
1 мл – 20 тамшы
х – 25 тамшы
х=1,25 мл
Жалпы көлемді бір рет қабылдау көлеміне бөліп 203:1,25=162 жалпы қабылдау саны анықталады.
Сонан соң хлорсутек қышқылының барлық мөлшері жалпы қабылдау санына бөлініп, ЖРД және ЖТД анықталады.
Рецепт бойынша: ССРО МФ Х бойынша
ЖРД: 3:162=0,019 мл, 1,5мл,
ЖТД: 0,019 х 3=0,057мл 4,5мл.
Сонымен дозасы аспаған.
Б.П. №1
Aquae purificatae 200 ml
Acidi hydroclorici diluti 8.3%-3 ml
Vж.=203 ml
Дәріханада 8,3% хлорсутек қышқылының 1:10 қатынасындағы сумен сұйылтылған (10 есе), ерітіндісі қолданылады, сонда тұз қышқылы ерітіндісі: 3 х 10=30ml (1:10), судың көлемі Vсу=203-30=173ml
Б.П.№2
Aquae purificatae 173 ml
Solutionis Acidi hydroclorici diluti (1:10)-30ml
Vж.=203ml
Технологиясы: Босататын құтыға N 1 бақылау паспорты бойынша 200 мл (173 мл N 2 бақылау паспорты бойынша) тазартылған су және 3 мл концентрациясы 8,3% (30мл 1:10 N 2 бақылау паспорты бойынша) хлорсутек қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, араластырып, тығындап, босатуға безендіреді.Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».Қажет болған жағдайда ерітіндіні сүзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет