Стандартты микробиологиялық зертхана. Жұмыс істеудің негізгі әдістері. Тағамдық өнімдерді бақылау зертханаларының сипаттамасы



бет3/7
Дата24.11.2022
өлшемі5,91 Mb.
#52423
1   2   3   4   5   6   7

Минералды май астында сақтау.

  • Микроорганизм дақылдарын агарланған қоректік ортада өсіреді және залалсыздандырылған вазелин майын құяды. Май қабаты (0,5-1 см) микроорганизмдердің зат алмасу үрдісін баяулатады және қоректік орта бетін кеуіп кетуден қорғайды. Маймен жабылған дақылдарды тоңазтқышта сақтайды. Көптеген сапрофитті бактериялар тіршілікке қабілеттілігін 8-14 жылға сақтайды, ал ашытқылар және мицелиалды саңырауқұлақтар 2-3 жылға сақталады. Май астында сақтаудың артықшылығы: салыстырмалы үзақ уақытқа сақтауға және қайта егу үрдісін азайтуға мүмкіндік береді.
  • Минералды май астында сақтау бактериялар мен микроскопиялық саңырауқұлақтар үшін кеңінен қолданылады. Бұл әдіс әртүрлі жүйелі топтардың микроорганизмдеріндегі таксономиялық және басқа белгілердің өміршеңдігі мен тұрақтылығын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Май ортаның кебуіне жол бермейді, метаболизм процестерін баяулатады және егу арасындағы уақытты ұзартуға мүмкіндік береді
  • Тығыздығы 0,8—0,9 болатын жоғары тазартылған медициналық вазелин майы микроорганизмдердің дақылдарын құюға ең қолайлы. Алдын ала май автоклавта 121° (1 атм) температурада 1 сағат зарарсыздандырылады, содан кейін ылғалды кетіру үшін кептіру шкафында 150° жоғары емес температурада 1 сағат қыздырылады немесе бөлме температурасында екі - үш күнге қалдырылады. Дақылдар маймен құйылады, оның қабаты ортадан немесе қиғаш ортаның жоғарғы жиегінен 1 см аспайды және бөлме температурасында немесе тоңазытқышта 4-6°температурада сақталады.

Субкультивирлеу

  • Субкультивирлеу - дақылдарды сақтаудың дәстүрлі әдісі және айына бір рет жаңа қоректік ортаға дақылды тасымалдаумен сипатталады. Тасымалдау алдында микроорганизмдерді 5-20 °С-та қараңғыда сақтайды. Бұл әдісті қолдану кезінде, үш жағдай сақталуы керек:
  • қажетті қоректік орта;
  • оңтайлы бөлме температурасы;
  • егу жиілігін сақтау;
  • Әдістің артықшылығы: қарапайымдылығы, дақылдың тазалығы мен морфологиялық өзгергіштігін визуалды бақылау, ал әдістің кемшілігі: дақылдың зақымдануы, аз уақыт сақталуы, жұмыстың қиындығы, көптеген реактивтердің шығындары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет