Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар



бет3/6
Дата22.11.2022
өлшемі6,38 Mb.
#51651
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 11 (1)

Жеткізіп беру сатып алуды ұйымдастыру сияқты жеке, шағын жүйе болып табылады. Ол жеткізілімді жоспарлау; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру; тауарды жеткізу, қабылдау, сақтау; есепке алу, жеткізілуін бақылау сияқты үдерістерді қамтиды

  • Жеткізіп беру сатып алуды ұйымдастыру сияқты жеке, шағын жүйе болып табылады. Ол жеткізілімді жоспарлау; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру; тауарды жеткізу, қабылдау, сақтау; есепке алу, жеткізілуін бақылау сияқты үдерістерді қамтиды

Қаламызда не өңірде кішігірім туристік фирма ашпақ болсақ, ол үшін қандай ресурс қажет? Алдымен, оларды топтастырып аламыз.

  • Қаламызда не өңірде кішігірім туристік фирма ашпақ болсақ, ол үшін қандай ресурс қажет? Алдымен, оларды топтастырып аламыз.

Зияткерлік ресурс.

  • Тауар белгісін тіркеп алуымыз керек. Ол үшін компания құрып, логотип, корпоративтік стилін анықтап алуымыз керек.
  • Кейін сататын туристік турларымызды нақтылауымыз керек. Содан соң қызметімізді жарналамау үшін компаниямыздың веб-сайты мен әлеуметтік желісін құруымыз керек.
  • Мұның бәрі біздің зияткерлік ресурсымыз — зияткерлік еңбегіміздің нәтижесі, кейін сол арқылы пайда табамыз.

Адам ресурсы.

  • Бізге турларды дайындап отыратын маман қажет болады. Яғни веб-сайт жасайтын бағдарламашы керек. Өнімімізді жарнамалау үшін әлеуметтік желілерді басқаратын SMM-менеджер керек.
  • Жұмысымызды жүргізу үшін туристерді алып жүретін жүргізуші; экскурсия жүргізетін туристік гид; клиенттермен жұмыс істеп, қоңыраулар қабылдайтын, экскурсиялар туралы айтып беріп, тапсырыс, төлем қабылдайтын және т.б . кеңсе менеджері; компаниямыздағы қаржы ісімен айналысатын бухгалтер керек. Өз кеңсеміз болса, тазалаушы да қажет.

Материалдық ресурс.

  • Туристерді тасымалдайтын көлік, менеджер жұмыс істейтін офис, кеңсе жабдығы: компьютер, телефон, принтер және т.б. қажет болады.

Қаржы ресурсы.

  • Бастапқы капитал болмаса, автокөлік, жабдық сатып алу үшін несие алуымыз керек. Сондай-ақ бағдарламашы, SMM маманы, тур әзірлеушіге жалақы беріп, пайда түскенге дейінгі бірінші турға кететін шығынды (жүргізушінің, гид, менеджердің жалақысын, бензин және т.б.) жабатындай бастапқы капиталымыз болуы керек.
  • Осы ресурстың бәрі болған жағдайда кәсіпкерлікті бастауға, одан пайда табуға мүмкіндік береді.
  • Тапсырма
  • Интернеттегі киім дүкенін ашу үшін қандай ресурс (зияткерлік, адами, материалдық, қаржылық) қажет болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет