Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар


Салалық ресурстардың ерекшеліктері



бет4/6
Дата22.11.2022
өлшемі6,38 Mb.
#51651
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 11 (1)

Салалық ресурстардың ерекшеліктері

  • 1-тапсырма
  • Сіздердің әрқайссыңыз оқып жатқан бір мамандықты таңдадыңыздар. Сіз оқуды аяқтап, өз бизнесіңізді ашайын деп жатырсыз деп елестетіңіз. Біреу өзінің балабақшасын, біреу – курстар немесе ивент-агенттік, өз шеберханасын, нотариалдық кеңсе, ветеринар клиникасын, стоматологиялық кабинет, дәріхана немесе оптика, дүкен, дизайнер агенттігін ашады, өзінің музыкалық тобын, киім немесе әшекейлер брендін және т.б. жасайды.
  • Қандай тауашаны таңдасаңыз да, сізге ресурстар қажет болады.
  • Енді сіз төменде ұсынылған ресурстың әрбір типі үшін сауалнама алуға және нақты сіздің болашақ бизнесіңіз үшін толық жауап беруге тиіссіз. Сіздің жауаптарыңыз қаншалықты толық және нақты көрінсе – соншалықты жақсы. Таңдау үшін қаншалықты көп нұсқау болса, соншалықты табысқа мүмкіндік болады.

HR-қызметкерлерді басқару

  • HRМ, Human Resources Management (әріп. – «адами ресурстарды басқару») немесе адами ресурстарды басқару (АРБ ретінде белгілі) бұл компания қызметінің нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін ұйымның адами ресурстарын (қызметкерлерін) тиімді пайдалану. Адами ресурстарды басқару - қазіргі таңда бизнес-ұйымдардың алдында тұрған ең күрделі міндеттердің бірі. Осы міндет ұйымның барлық менеджерлерінің жауапкершілігінде, себебі тек өз компанияңның адами ресурстарын тиімді басқара отырып, компания қойылған мақсатқа қол жеткізе алады.

Адами ресурстарды басқарудың қазіргі заманғы мәселелері.

  • Біздің уақытымызда қоршаған әлем тұрақты және болжап біліп болмайтын өзгерістерге ұшырап отырады. Осы өзгерістердің кейбірі бизнес әлеміне әсер етеді:
  • Қызметшілердің өзгерген болжалдары;
  • Әлемдік аренадағы бәсекелестік;
  • Өнімділіктің артуы;
  • Технологияның әсері.
  • Адами ресурстардың құрылымы  бұл қандай да бір белгі бойынша біріктірілген және оның ұйымның бірыңғай ресурсы ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер тобын құруға әкелетін жекелеген сипаттамалардың абсолюттік және салыстырмалы мәндерінің жиынтығы. Осы анықтамада персонал құрылымының әр элементінің өзінің белгілі бір ролі бар және басқа элементтермен байланысты екендігіне көңіл аударылады.
  • Мысалы, кез келген кәсіпорында ұйымдастырушылар, үйлестірушілер, көшбасшылар. сыншылар және рольдердің басқа типтері болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет