53
қандастарымыздың өзіндік мәдени ерекшеліктеріне жат көзбен қарамай, олардың мәдени
өзгерістеріне де түсіністікпен қарауымыз керек. «Елге ел қосылса – құт» деген осы болар.
1.
Статистика Агентігінің мәліметтері. 2015 ж.
2.
Н.Ә.Назарбаев. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. //Дүниежүзі қазақтарының
құрылтайы. Алматы, 1993.-8 б.
3.
Ә.Нысанбаев. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. Алматы,1998ж.
4.
Б.К.Қалшабаева, А.С.Сейсенбаева. Алматы облысындағы оралмандар саны және
тарихи отанға бейімделу үдерісі. //ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы №1, 2013. 107-б.
5.
Г.М.Меңдіқұлова « Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и
развитие». Алматы, 1997ж.
6.
С.Балғабаев. Атажұрт деп соққан жүрегі. // Жас алаш. 2002 -№17.
Туребеков Б.А.
2-курс магистранты «Сырдария» университеті, ҚР
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛМАЛЫ ЖӘНЕ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Статья о значении и перспективах развития казахских национальных подвижных и
спортивных игр в физическом и патриотическом воспитании школьников начальных
классов.
The article is about the concept and perspective developing of Kazakh national movable and
sports games in physical training and patriotic education of pupils in primary classes.
Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Ұрпақ жалғастығы нәтижесінде,
адамзат өмірінде түрлі өзгерістер болып, өз қажетіне керегін алып, дамудың биік шыңдарына
жетуде.
Өмірге келген әрбір нәрестенің алғашқы тәрбиесі ата-анадан өрбісе, бұдан кейінгі
тәрбиенің өзегі ұстаз міндеті. Дұрыс бапталған ағаштың өсе келе жақсы жеміс беретіні
секілді, сапалы тәрбие алған ұрпақтан ел болашағын алға апаратын дені сау, нағыз
ұлтжанды, патриот пайда болады. Яғни, ұстаздың немесе тәрбие берушінің негізгі міндеті –
келешек ұрпақ бойындағы ерекше дара қасиетті байқауы. Екінші мақсаты – осы қасиетін дер
кезінде аша білуге ықпалы. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: «Біздің
жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен
бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»,- дейді.
Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталық Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі
болады, дамыған елдер қатарына қосылып, Әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ
сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді [1].
«Eгер адам бала кезінде белгілі бір әлеуметтік себептерді, яғни тежегіш қозуларды
басшылыққа ала отырып, өз қылықтарын тежей алмаған болса, - деп жазады профессор П. К.
Анохин, - онда ол үшін алдағы уақытта эмоциялардың кез келген мәжбүрлі және үзілді-
кесілді тежелуі кенеттен болады, ал нақ осының өзі қауіпті болуы мүмкін. Біз баланың
бойында тежегіш қозулар кешенін қалыптастырамыз, яғни саналылықты кең мағынада
дамытуымыз керек. Эмоцияны тәрбиелеу адамның жеке басын үйлесімді дамытуға жеткізеді.
Ал осындай жоспарлы жаттығу жасау сәби жастан басталуы керек». Дене шынықтыру
сабақтарында, әсіресе ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балаларды үйрету процесінде
54
тәрбиеші оларды өздеріне лайық эстетикалық нормаларды сақтауға баулиды. Бала
тәрбиешінің ықпалымен эмоционалды, саналы түрде жалпы талапқа бағынады: түсіндіріп
айтқандарды көңіл қойып тыңдайды, тапсырманы дер кезінде орындайды, сабақта
белгіленген жүйелілікпен әртүрлі әрекеттерге қосылады [2].
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы бар, олардың бастауыш
сынып оқушылары үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын
әрекет саласын туғызуы – осылардыі бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын оқушылардың
күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Эмоциялық өрлеу
балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын
түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл
бағдар белгілеуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге
ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге
көмектесетін жігердің ролі артады.
Қимыл-қозғалыс ойындары оқушылардың игеріп үлгермеген қимылы дағдыларын
жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде бала
өзінің назарын қимылды орындау әдісіне және мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына
бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатқа әрекет етеді. Ойын
кезінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады,
алмасу процестерін күшейтеді.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың
бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың
әлеуметтік - экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалған әсер береді.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін – бірі
толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең – жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы
жастарды ойландырып, толғандырып қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене
күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл
ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты ептілікті,
тапқырлдықты, табандылықты т.б. мінез – құлықтың ерекшеліктеріен бірге күш – қуаты
молдығының, білек – күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл
ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары припциптеріне негізделеді.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық
сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның
шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік
маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға
жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралы мен әдістерінің бір ретінде көп
қозғалысты ойындар суықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік
ашады.
Спорттық ойын нышандары бар ойындар балалар қимыл – қозғалыс ойындарына
қарағанда балалардың жинақылықты, ұйымшылықты бқылағыштықты, айқын, қолайлы
қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін қөбірек талап етеді. Мысалы: “Ақ серек, көк серек”,
“Айгөлек”, “Соқыр теке”, “Орамал тастау”, “Ақ терек”, “Жаяу жарыс”, “Әуе таяқ”, “Жанды
дөнгелек”, “Төспа доп”, “Қара құлақ”, “Доп тебу”, “Ақ сандық”, “Тең көтеру”, “Кім түртті”,
55
“Ұшты ұшты”, “Саққұлақ”, “Қуалап соқ”, “Қан көбелек”, “Арқан тарту” спорттық ойын
нышалдары бар ойындар қатарына жатады.
Ойынның тіл дамуындағы ролі ерекше. М.Горький айтқандай, бала сөзбен де ойнайды.
Осы сөзбен ойнағанда, өз ана- тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады
[3].
Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі - оған өлең сөздің араласып келіп
отыратындығы.
Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы “ойлануды қажет ететін ойындарға” жатады.
Олар көбінесе, логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға
негізделген. Солардың төресі “тоғыз құмалақ”. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде
шахмат, дой бы ойындарының болғанын да атап өтуіміз керек. Шахмат, дойбы қазақтар
мекендеген кезде түрік заманынан белгілі екенін көрсететін деректерде бар.
Ұлттық қимыл – қозғалыс және ұлттық ойындарды үзілістердегі, ұзартылған күн
топтарындағы ерптеңгілік, кештердегі оқушылар ұжымында еркін сезіну, саналы тәртіп,
еңбексүйгіштік , мақсатқа жетудегі табандылық атмосферасын қалыптастыруға ұмтылу
қажет. Осыдан халық ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану шартары,
әдістері мен түрлерін қарастыру қажеттігі туады. Тек осындай жағдайда ғана халық
ойындары тек ермекке кетпей, оқу – тәрбие мақсаттарына бағындырылып, пайдасын тигізеді.
Халық ойындарын сабақтарда, тәрбие сағаттарында, кештер мен ертеңгіліктерде
қолдану мектептің кәсіптік бағдар жұмысының мазмұнына енгізу. Ойынның белгілі
шарттары, оның ережесі балалардың оларға өз еріктерімен бағыну қажеттігін туғызады.
Ойын кезінде жағымды әрекеттің және қылықтардың бірнеше рет қайталануы балалардың
бойында адамгершілік қасиеттері дағдысын біртіндеп қалыптастырады. Одан әрі балалар өз
беттерінше, белгілі бір сәтте тәрбиешінің әсер етуінсіз-ақ оларды саналы әрі эмоционалды
түрде көрсете бастайды. Сөйтіп, дене шынықтыру сабақтарында балаларды өздерінің нақты
жағдайында мінез-құлықтық этикалық нормаларын орындауға біртіндеп іс жүзінде үйрету
адамгершілік сезім мен сананы қалыптастыруға көмектеседі. Дене шынықтыру сабақтары
балалардың ақыл-ойының дамуына көмектеседі. Сабақ кезінде қимыл әрекеттеріне үйрету
процесінде тәрбие-білім беру міндеті жүзеге асырылады [4].
Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан
жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Дарабоз», «Толағай» атты
спорттық, ұлттық ойындар сайысын сынып аралық топтық сайыс түрінде өткізіледі. Себебі
дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге
көзқарасы ерекше. Спорт қайратты қажет етіп,өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді
сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спорт және дене
тәрбиесі жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі келеңсіз тенденциялармен анықталады. Оларға
біздің Республикамыздағы балалар ауруларының көбеюі, балалар және жасөспірімдерге
арналған спорт мектептерімен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландырудың
азаюы, дене тәрбиесінен оқушылар дайындығы деңгейлері нашарлауы,т.б.жатады.
Ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының:
- салт - дәстүрді құрметтеуі;
- ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
- намысқойлығы;
- жүйке жүйесінің шынығуы;
- ойлау қабілетінің дамуы;
- білім алуға құштарлығы;
- денсаулығының ширақ шынығуы;
- әрқашан алға ұмтылып, жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түседі.
56
Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік,
ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б. Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басының
жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім
мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге
асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі балалар орындайтын жаттығу уақыты
тәртібінің дәлдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей карқында қимыл үйлесімін,
саналылықты, жинақылықты ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар
үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және
ептілік көрсетуді (мінбеге шығу, арқаннан жасалған сатымен өрмелеу, теңестірілген
бөрененің, енсіз тақтайшаның т.б. үстімен жүру) талап етеді. Бұл жаттығуларды орындау
қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығумен, мақсатқа жетудегі
табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық
пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ
жолдастық, өзара көмек, адалдық, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете
отырып жаттығады. Сабақта балалардың аталған қасиеттерді қайталауына және тәрбиешінің
басшылығына қарай олардың белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады.
Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне
лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдай талап ететін
ықпал ету әдістерін: баланың бойында, әсіресе кішкентайлар тобындағы баланың бойында
батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде баланың
көзін жеткізетін тәсілді, баланың әр әрекеті арқылы практика жүзінде үйретуді (тәрбиешінің
көмегімен) және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әртүрлі қылықтарды (ол
қылыққа өзінің көзқарасын және барлық балалардың көзқарасын) салыстыруды, сендіруді
пайдаланады. Балалардың дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл әрекеттері олардың өзін
ұжымда ұстай білуге тәрбиелеуге, сезімдері мен тілегін балалардың бәріне бірдей ортақ
белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі баланың бойында теріс сезімдер
мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады [5].
Бәсекеге қабілетті елдің болашағы тек жалаң адамдар тобынан ғана емес,сонымен бірге
денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен
өзіндік білім алуға деген ынтасы және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы
тиіс. Салауатты өмір салты - келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын
күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған
сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен
қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.
Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектептерде
жалғастыруымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Асылов Ұ. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудің кейбір
мәселелері. //Қазақстан мектебі, №2, 2007 ж., 11-13 б.
2.
Сағындықов Е. Қазақ мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларының оқу-тәрбие
үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану.- Алматы, 2001 ж., 125 б.
3.
Айтпаева А.Қ. Қазақ халық ойындары – бастауыш сынып оқушыларының дене
дамуын жетілдіру құралы. //Қазақстан мектебі, №4, 2005 ж., 18-21 б.
4.
Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халық
педагогика элементтерін пайдалану. //Бастауыш мектеп, №2, 1991 ж., 5-9 б.
Достарыңызбен бөлісу: |