Статистические величины


Шешуі: Зерттелушілер құрылымында ер жынысты пациенттер үлесі 45% құрайды



бет3/3
Дата10.04.2023
өлшемі363,08 Kb.
#80888
1   2   3
Байланысты:
Абсолютті және салыст.шамалар

Шешуі: Зерттелушілер құрылымында ер жынысты пациенттер үлесі 45% құрайды.

Қатынастар көрсеткіштері

  • Қатынастар көрсеткіштері – екі бір-бірімен байланыспаған жиынтықтардың қатынасын сипаттайды.
  • Жиынтықтың деректері бірдей шамалармен өлшене алады, басты шарт, олардың өзгерістері бір-бірінен тәуелсіз өтуі қажет.
  • Әдетте мұндай түрде әртүрлі индекстер, коэффициенттер, тұрғындардың қамтамасыз етілу көрсеткіштері беріледі.
  • Қ.к. = (бірінші жиынтық) / (екінші жиынтық)*коэффициент

    формуласымен есептеледі.

  • Коэффициент әдетте 1 мәнін қабылдайды (индекстер үшін) немесе 10 000 (тұрғындардың қамтамасыз етілу көрсеткіштері үшін).

Қатынастар көрсеткішін есептеуге мысал:

Есеп: Казахстан Республикасы аудандарының бірінде 40 000 тұрғын тұрады. Осы ауданның емдеу-профилактикалық мекемелерінде 384 стационарлық төсектер қойылған. Ауданда тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету қандай?

Шешуі: Бізде екі жиынтық бар: тұрғындар және стационарлық төсектер. Тұрғындар санының өзгеруі стационарлық төсектердің өзгеру санына тәуелді емес және керісінше, соған байланысты берілген жиынтықтар бір-бірімен байланысты емес деген қорытынды жасаймыз. Тұрғындарды стационарлық төсекпен қамтамасыз ету көрсеткішін есептейміз:

Тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету = (төсектер саны) / (тұрғындар саны) *10 000 = (384 / 40 000) * 10 000 = 96.

Жауабы: Тұрғындарды стационарлық төсекпен қамтамасыз ету

10 000 тұрғынға 96 құрайды.

Көрнекілік көрсеткіштері

  • Көрнекілік көрсеткіштері зерттеліп отырған құбылыстың уақытқа қатысты өзгеру дәрежесін талдау үшін қолданылады.
  • Бұл көрсеткіштер салыстырылып отырған көрсеткіштердің берілген уақыт кезеңінде қанша пайызға немесе қанша рет көбейгені немесе азайғаны жөнінде мәлімет береді.
  • Көрсеткішті салыстырылып отырған шамалар қатарының алғашқы шамаға (100 немесе 1деп қабылданған, )қатынасы ретінде есептейді, нәтижесін пайызбен немесе үлеспен көрсетеді. Мұндай алғашқы шама үшін уакыттық қатардың бастапқы немесе соңғы мәндерін алады.

Көрнекілік көрсеткіштерін есептеу (1990-2010 жж. бала туу коэффициенттерінің динамикасын талдау негізінде )


1990ж. бала туу көрсеткішінің мәнін 100% деп қабылдайды. Онда 1995-2010 жж. көрнекілік көрсеткішін келесі формулалар бойынша табады:
Қорытынды:
1995ж. бала туу көрсеткіші 1990ж. қатысты 80,7% (19,3% -ға немесе 1,2 есе азайды), 2000 ж. - 56,0% ( 44,0% немесе 1,8 есе азайды), в 2005 г. - 52,4% (47,6% немесе 1,9 рет азайды), 2010 ж. - 61,4% (38,6% немесе 1,6 рет азайды).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет