Статистические величины


Аналар өлім-жітімділігін есептегенде, сирек оқиғалар ретінде , 100 000 коэффициенті қолданылады



бет2/3
Дата10.04.2023
өлшемі363,08 Kb.
#80888
1   2   3
Байланысты:
Абсолютті және салыст.шамалар

Аналар өлім-жітімділігін есептегенде, сирек оқиғалар ретінде , 100 000 коэффициенті қолданылады.

Керісінше, уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалту сияқты жиі кездесетін оқиғалардың жиілігі 100 жұмысшыға шаққанда есептеледі.

Интенсивті көрсеткішті есептеу мысалы:

Есеп: Н. ауруханасында бір жылда 360 хирургиялық ота жасалынды. Отадан кейінгі кезеңде 54 жағдайда әртүрлі асқынулар болды. Отадан кейінгі асқынулар жиілігін 100 отаға шаққанда табу керек.

Шешуі: Отадан кейінгі асқынулар жиілігі - бұл интенсивті көрсеткіш, оны құбылыстың ортаға қатынасы ретінде есептеуге болады. Мұндағы орта- жасалынған оталар (360) жиынтығы, олардың ішінде 54 жағдайда болған асқынулар - құбылыс .

Сонымен:

Отадан кейінгі асқынулар жиілігі = (Отадан кейінгі асқынулар саны) / (Жасалынған оталар саны) * 100 = (54 / 360) * 100 = 15.

Коэффициенттің мәні 100-ге тең , себебі, есептің шарты бойынша , жасалынған 100 отаға қатысты есептелген жиілікті табу керек болды.

Жауабы: Н. ауруханасында бір жылда отадан кейінгі асқынулар жиілігі жасалынған 100 отаның 15 жағдайында кездеседі.

Экстенсивті көрсеткіштер

  • Экстенсивті көрсеткіштер – құбылыстың құрылымын сипаттайды, көбіне пайызбен, кейде, сирек жағдайда – промиллмен немесе бірліктер үлесімен өлшенеді. Экстенсивті шамалар белгілі бір бірліктер тобының барлық жиынтық құрылымының қандай бөлігін құрайтынын көрсетеді.
  • Э.к. = бөлік/бүтін*100% формуласымен есептелінеді.

Экстенсивті көрсеткішті есептеу мысалы:

Есеп: Пневмонияны жаңа антибиотикті қолданып емдеу тиімділігін анықтау үшін жүргізілген зерттеуге 200 пациент қатысты, олардың ішінде 90 – ер кісілер. Зерттелушілер арасындағы ер кісілер үлесін анықтау қажет, нәтижесін % көрсетіңіз.

Шешуі: Ер жынысты пациенттер барлық зерттелушілер жиынтығының бөлігін құрайды. Демек, біз экстенсивті көрсеткішті есептеу формуласын қолдануымыз керек:

Барлық зерттелушілер ішінде ер жынысты пациенттер үлесі = (ер кісілер саны) / (барлық пациенттер саны) * 100% = (90 / 200) * 100% = 45%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет