Статистика Қазіргі кезде «статистика»


Статистика  пәні және оны зерттеу  объектісі



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі26,46 Kb.
#12814
1   2   3   4   5

Статистика  пәні және оны зерттеу  объектісі


     Статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

      Статистика  қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп  пайда болды. Статистика ғылымының даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінен Англиядан басталды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу,талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

      Статистика  тарихының  екінші бір бастауы  «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан. Неміс ғалымы  Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика, география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

      Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын айтпай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Петле(1796-1874),англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және т.б. Мысалы, А. Петле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдейді. А.Петле Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол  бірінші халықаралық статистикалық конгрестердің ұйымдастырушысы болып саналады.

      19- ғасырдың  екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәләл бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев,А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н.Бернштейн  сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

      Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық  теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынады. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика тураы 1996-жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

      Қандайда  да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттейді?

      Статистика  – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне  табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.

      Жоғарыда  келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі ерекшеліктеріне  толық тоқталайық.

      Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет