Статистика Қазіргі кезде «статистика»


Статистикалық әдістер және оны  зерттеу кезеңдері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі26,46 Kb.
#12814
1   2   3   4   5
Байланысты:
Статистика 5тапсырма.

Статистикалық әдістер және оны  зерттеу кезеңдері


      Статистика  әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның  негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қоданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді.  Олар мыналар:

  1. статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;

  2. жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және  жинақтау;

  3. жиналған,өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Осы көрсетілген  әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

      Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік – экономикалық құбылыстармен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын–ала жасалған бағдарлама бойынша жиналды. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсатты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықты толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.



      Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл – статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Мысалы, Алматы қаласында туған балардың арасында ұлдарға қарағанда қыздардың саны көп болды делік, ал бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіштерді өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұл баладан келеді. Алматы қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақталған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы  бойынша анықталады.

   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет