Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.
Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмедегідей:
Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.
Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.
Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым – қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысын қарастыра отырып,оның сапалық мәнін жасау үшін көрсеткіштер бірімен – бірі өзара байланысады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштердің өзіне қорытынды беруін айтады.
Статистика қоғамдық құбылыстар барысында біртектес элементтерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтығын және олардың әрқайсысын сипаттайтын статистика тілінде белгі деп атайды.
Бегілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы ,өндірілген өнімнің түрлері немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикадаөзгермелілік (варияция) деп атайды. Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.
Статистика еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан – жақты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |