Статистикалық және динамикалық популяцияның көрсеткіштері
Жалпы,популяция дегенге түсінік берсек-белгілі нақты бір географиялық мекенде өмір сүруге үйренген,яғни бейімделген,генетикалық жағынан шығу тегі бір,бір түрге жататын дарақтар жиынтығы.Бұл сөз латынның-халық, топ деген ұғымдарды білдіреді.Негізінен әрбір жеке түрдің өзіне сай таралу мекені болады.Олардың сол мекенде саны,мөлшері әр түрлі болуы мүмкін.Популяцияның санының аз немесе көп мөлшерде болуы әсіресе ареалдың көлеміне байланысты болып келеді немесе басқа себептерде болуы мүмкін.Негізінен популяцияның статистикалық және динамикалық көрсеткіштері яғни саны болады.
Популяцияның маңызды ерекшелігінің біріне оның динамикасы жатады.Популяциядағы дарақтар санының өсуін биотикалық факторлар үнемі ретке келтіріп отырады.
Популяцияның саны-белгілі бір мөлшердегі немесе мекендегі дарақтардың жапы саны болып келеді.Ағзалардың саны мен тығыздығы оның ерекшелігін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.Ағзалардың саны негізінен табиғатта тұрақты болмайды.Оның аз немесе көп мөлшерде болуы дарақтардың өсімталдығы мен шығуына яғни өлуіне байланысты.Популяцияның тығыздығы-нақты бір мөлшердегі немесе кеңістіктегі дарақтар санына және биомассасының салмағымен тікелей өлшенеді.Мысалға бір гектардағы шыршаны алсақ оның саны кем дегенде жүз елудей болады,немесе су дафниялардың биомассасы 0,5гр.Ендігі жерде оның тығыздығы популяция тығыздығына байланысты саны өзгереді.Тығыздық ол шексіз өсуі мүмкін емес.Ол үшін мәселен дарақтардың кең жайылуына қолайлы жағдай қалыптастыру.Яғни кеңістік болғаны абзал.
Популяцияның өсімталдығы-шығымы,яғни өлім-жітімі және жайылуы мен мекенің алмастыруы олардың тіршіліктегі санының мөлшерінің ауытқуына яғни бұзылуына тәуелді болып келуі мүмкін.Әсіресе ағзалардың көбею мүмкіндігі өте жоғары болып келеді.Біз оны ағзаның биотикалық потенциалы деп атасақ болады.Және жоғарыда айтылған популяцияның шығыны белгілі бір уақыт аралығында өлген дарақтардың саны.Ағзалардың шығыны көп жағдайда орта жағдайларына немесе популяцияның жас ерекшеліктеріне байланысты болып келуі мүмкін.
Кейбір ағзалардың өлім-жітімі жас кезінде жоғары болса ал кейбіреуінде ересек кездерінде көбірек өлуі әбден мүмкін.Ағзалардың жалпы өлім-жітімін үш категорияға бөліп қарастыруға болады.Яғни ағзалардың тірі қалуыда мүмкін.Тірі қалу мүмкіндігі бойынша бірінші категорияға көбінесе насекомдар,ірі сүтқоректілер т.с.с тән.Екінші типіне жататын ағзаларға ұзына бойы жататын тұрақты ішек қуыстылар тән болып келеді.Үшінші категорияға-көптеген ағзалар тән болып келеді.
Сонымен ағзалардың өсімталдығы мен шығынанан бөлек олардың осы кеңістікте таралуыда бар.Ол қоршаған ортаның ағзаның саны мен тығызлдығына байланысты болып келеді.Әйтседе популяциялар өзінің ареалын кеңейте алуы екі талай.Себебі жаңа жерлерде немесе жаңа орта олардың бұрынғы мекені сияқты қолайлы бола алмайды,оның үстіне шектеуші факторлар кедергі келтіріп отырады.Мәселен популяция күрт жоғарылаған сәтте-оларды өсімталдығы жоғары топқа жатқызамыз.Ондай топты көбінесе ұсақ ағзалардың өкілдері құрайды.Кей кезде популяцияның күрт азаюы абиотикалық фактордан болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |