М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы:Жалпы дене шынықтыру
Орындаған:Ортай Назерке
Тараз
Жоспары:
I)Кіріспе
Дене шынықтыру
II)Негізгі бөлім:
1.Дене тәрбиесінің маңызы мен мақсаты, міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы. 3.Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары
III)Қорытынды
Кіріспе:
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы. Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығыныңнығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика т.б. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік, сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Дене шынықтыру пәнінің маңызын барлығы түсінеді, алайда кез келген адам жеке қозғалыс белсенділігіне ерекше мән беріп, оны өмір сүру салтының міндетті бөлігі ретінде қарастырмайды. Өз денсаулығына мән бермеудің басты себебі – адамның өзінің салауатты өмір салтының бағдарламасын іздеуге бағытталатын ішкі ынтасының жеткіліксіздігі.Денсаулықты нығайтуда дене шынықтыру маңызды рөл атқарады. Дене тәрбиесі және валеология сауықтыруға, адамның физикалық тұрғыда дамуына, заманауи кәсіби маман дайындауға негізделеді.Дене шынықтыруға мән бермей, оны лайықты бағаламау Ресейде дені сау жас ұрпақтың қалыптасуында денсаулық деңгейінің төмендеуі мен халықтың өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне әсер етеді.Дене шынықтыру мен валеологияның маңыздылығын жоғарылату – халықтың денсаулығын нығайту мен көптеген әлеуметтік мәселелердің шешіміне негіз болады.
II)Негізгі бөлім:
1.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген: 1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады. 3.Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген. Сауықтыру тобына келесі міндеттер кіреді: адам орга- низмінің морфофункционалды көрсеткіштерін жоғарылату (жүйенің құрылымына да, жүйесіне де қатысы бар); физикалық қасиеттердiң жас ерекшеліктеріне сай дамуын қамтамасыз ету; организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне төзімділігін күшейту. Білім беру тобына келесі міндеттер кіреді: салауатты өмір салты, қозғалыс белсенділігі, валеология саласында арнайы білім беру жүйесін қалыптастыру; өмір сүру процесінде қолдану үшін қозғалыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру; дене жаттығуларын жеке және топпен жасау кезіндегі гигиеналық білім жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелеу тобына келесі міндеттер кіреді: әлеуметтiк, адамгершiлiк, зияткерлiк, ерiктiк қасиеттерді, таным белсендiлігiн қалыптастыру, қозғалыс қызметі негізінде этикалық және эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Тәрбие процесі дене тәрбиесi оқытушысының, тренердің тұлғасына, оның моральді этикалық қасиеттеріне бағынышты болады, себебі тренерсіз жеке немесе топпен жасалған дене жаттығуларының тәрбиелік маңызы болмайды.Қозғалыс, музыка, жақсы қарым-қатынастар - бұлар дене тәрбиесі процесінде тұлғаны тәрбиелеуде қарапайым да қол- жетімді факторлар.Мiндеттердi сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу деп бөліп қарастыру шартты түрде ғана жүзеге асады, алайда дене тәрбиесінің жалпы процесінде олар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. Дене шынықтыру жаттығулары ең басты құрал болып табылады, жаттығуларсыз адамның физикалық потенциалына әсер ету мүмкiн емес. Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; - қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
3.Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары: Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары: Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар: 1. Жалпы дене дайындығы. 2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық. 3. Спорттық дайындық. Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады. Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз. Дене тәрбиесi екі бағытта түсіндіріледі: қозғалыс іс-әрекетіне үйрету және физикалық (қозғалыс) қасиеттерiн дамыту, бұл жұмыстардың арқасында адамға өмір сүру процесінде қажет болатын қозғалыс дағдылары қалыптасады. Дене тәрбиесi жүйесiнің мақсаты - адамның дамуына, оның әлеуметтік маңызы бар қызметтерді орындап, қоғамдағы жаңа құрылымдарға белсенді қатысуына әсер ету. Бұл мақсаттар келесі топтар арқылы жүзеге асады: ■ сауықтыру; ■ білім беру; ■ тәрбиелеу. Сауықтыру тобына келесі міндеттер кіреді: адам орга- низмінің морфофункционалды көрсеткіштерін жоғарылату (жүйенің құрылымына да, жүйесіне де қатысы бар); физикалық қасиеттердiң жас ерекшеліктеріне сай дамуын қамтамасыз ету; организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне төзімділігін күшейту. Білім беру тобына келесі міндеттер кіреді: салауатты өмір салты, қозғалыс белсенділігі, валеология саласында арнайы білім беру жүйесін қалыптастыру; өмір сүру процесінде қолдану үшін қозғалыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру; дене жаттығуларын жеке және топпен жасау кезіндегі гигиеналық білім жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелеу тобына келесі міндеттер кіреді: әлеуметтiк, адамгершiлiк, зияткерлiк, ерiктiк қасиеттерді, таным белсендiлігiн қалыптастыру, қозғалыс қызметі негізінде этикалық және эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Тәрбие процесі дене тәрбиесi оқытушысының, тренердің тұлғасына, оның моральді этикалық қасиеттеріне бағынышты болады, себебі тренерсіз жеке немесе топпен жасалған дене жаттығуларының тәрбиелік маңызы болмайды.Қозғалыс, музыка, жақсы қарым-қатынастар - бұлар дене тәрбиесі процесінде тұлғаны тәрбиелеуде қарапайым да қол- жетімді факторлар.Мiндеттердi сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу деп бөліп қарастыру шартты түрде ғана жүзеге асады, алайда дене тәрбиесінің жалпы процесінде олар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Қорытынды:
Қорытындылай келе,дене шынықтыру – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін ептілікті, жылдамдықты т.б. дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады.Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,
психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.Оның адамдар үшін қоғам үшін пайдасы өте зор.Барлық адамдар дене шынықтыру саласына бей -жай қарағаны дұрыс емес деп ойлаймын. Дене шынықтыру ең алдымен,адамдардың өздері үшін ,денсаулықтары үшін өте пайдалы болып табылады. Сондықтан қоғамды дене шынықтырумен айналысуға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |