Ұстаздық Ұлы қызмет №40 (1275)



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата09.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#8534
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жалпы әдеби бәсекеге  50-ден астам үміткер қатысты. Қазылар 

алқасының іріктеуінен 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алған. 

Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, 

Өскемен    қалаларынан  жас  ақындар  қатысты.  Жыр  додасына 

«Қазақстан» РТРК төрағасының шығармашылық жөніндегі орын-

басары Қайнар Олжай, ақын Жанат Аймұхамбетова, Дәулеткерей 

Кәпұлы, Алмас Темірбай және жас ақын Ажар Ерболған төрелік 

етті. Жыр кешін танымал ақын Қалқаман Сарин жүргізді. Мүшәйра 

барысында марапаттау салтанатымен қатар, белгілі әншілер Клара 

Төленбаева мен Ибрагим Ескендір өнер көрсетті. Сонымен қатар, 

шара басында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали 

Қышқашбаев  бұрынғы  Целиноград  пен  Ақмоланың,  бүгінгі 

Астананың қазақылануына үлес қосқан бір топ адамға «Қазақ 

хандығына – 550 жыл» мерекелік медалін табыстады. Аталмыш 

медальмен марапатталғандардың арасында Еуразия гуманитарлық 

институтының ректоры Амангелді Құсайынов, саясаттанушы Зәуре 

Қадырова, мәдениеттанушы Отызбай Сүйіндіков, ақындар Серік 

Сейітман, Балғынбек Имашев және Қалқаман Сарин болды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша 1-орын Л. Гумилев атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінің  студенті  Әлімжан  Әлішерге 

бұйырса, 2-орынды халықаралық «Шабыт» шығармашыл жас-

тар фестивалінің дипломанты Айжан Тәбараққызы мен жерлес 

әріптесіміз Наурызбек Сарша  иеленді.  Ал, 3-орынның жүлдесін 

Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің студенті Абай 

Ораз бен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің студенті Дәулетберді Жекей бөлісті. Бұдан бөлек 

бес ақынға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жас ақындардың барлығы Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің 

атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



ортасынан оза шыққан оғландар

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-

саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өткен көркемсөз оқу шеберлерінің 

Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауына еліміздің әр өңірінен 

келген 15 үміткер бақтарын сынаған. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, 

тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан 

талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткен байқау 2 бөлімнен тұрды. 

Алғашқы бөлімде қатысушылар Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан проза оқыса, 

екінші бөлімде патриоттық тақырыпта  поэзиялық шығарма оқыған. Дәстүрлі түрде 

өтіп келе жатқан республикалық байқауды мемлекет қайраткері, ғалым, филология 

ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Жазушылар одағы 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Оразалин, ҚР мәжілісінің депутаты Оразкүл 

Асанғазы және Оралхан Бөкейдің туған қарындасы Ғалия Исаханова бастаған қазылар 

алқасының мүшелері үміткерлердің шығарма таңдаудағы талғамы мен оны оқудағы 

мәнеріне баға берді.

- Байқауға бармас бұрын қатты қобалжығанымды жасырмаймын. Әр өңірдің 

аудандық, қалалық, облыстық байқауларынан сүрінбей өткен қатысушылар ғой. 

Сондықтан  іштей қобалжу болды. Бірақ танысып-білісіп, жақын араласқаннан 

кейін барлығымыздың мақсатымыз ортақ екендігін түсіндім. Байқау барысында 

бір-бірімізге дем беріп, басты мақсат жүлде емес, сапалы өнер көрсету парызын 

ұғындық. Жалпы байқау барысында бірінші бөлімде, Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» 

атты прозасын оқысам, екінші бөлімде ақын апамыз Күләш Ахметованың «Сен 

қазақсың» өлеңін оқыдым. Байқауға дайындалу барысында шығарма таңдауға өз 

көмегін көрсеткен жетекшім, «Асыл Арман» Ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев ағамыздың еңбегі орасан. 

Сондай-ақ Жамбыл облыстық драма театрында қызмет атқаратын аға-әпкелерім де 

дайындығыма көмектесті. Нәтижесінде, байқау қорытындысында жүлделі бірінші 

орынды иелендім,- дейді Қонысбай. 

Оралхан Бөкейдің көркем шығармаларын ерекше орындауымен қазылар 

алқасының да, көрермендердің де жүрегін жаулай алған Қонысбайды жеңісімен 

құттықтай отырып, жетер  жетістіктерінің тоқтамауын тілейміз!  

 

„

Астана 



қаласында 

Қазақ ханды-

ғының 550 жыл-

дығына орай 

«Тарих пен тіл 

тамырлас» атты 

республикалық 

жас ақындар 

мүшәйрасы 

өтті. мүшәйра-

ның ережесі 

алдын-ала 

жолданып, 

газеттер мен 

әлеуметтік 

желілерде 

жарияланған 

болатын.

Айсана НҰРБАП

Негізінде бұл шара блогерлерге арналған 

екен.  Жергілікті,  оның  ішінде  аудандық 

газеттердің  ғаламтордағы  сайттарын 

дамытудың  бір  қарқыны  шығар  деп  түйе 

салдық.  Шараны  ұйымдастырып  жүрген 

«Инфо Плюс» ҚБ басшысы Лариса Шилина 

таңғы сағат 8:00-ге шақырып, бір жарым сағат 

күттіріп  қойғанын  да  түсіністікпен  қарауға 

тырыстық. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда 

көресің»  дегендей,  Лариса  ханым  Қаратау 

қаласында өткен жиында да халықтың алтын 

уақытын босқа шашып, екі сағаттық орысша 

баяндамасын  тыңдауға  мәжбүрлеп  қойды. 

Тақырып  ғаламтордағы жергілікті БАҚ-тың 

ресми сайттары жайлы. Алыстан ат терлетіп 

келген аудандық газет тілшілерінің өзі әзер 

шыдап отырған жиынға үйдегі бала-шағаның 

қамымен  таңертеңнен  кешке  дейін  жұмыс 

жасап жүрген былайғы халық қалай шыдасын. 

Блогерлердің  ғаламтордағы  ақпарат  тарату 

әрекеттері жайлы екі сағаттық баяндамаға  аудан 

орталығындағы мұғалімдер мен медбикелердің 

қандай  қатысы  бар?  Ол  аздай,  Алматыдан 

арнайы келдім деп презентация жасаған Ксения 

Шилина    айдаладағы  «KceLL»  байланыс 

операторының жұмысы туралы тағы бір ұзын 

сонар әңгімесін бастады. Әңгіме барысында 

Ксенияның ешқандай алматылық емес, Таразда 

туып өскен, №41 мектепті аяқтағаны, Қаратауда 

да талай рет болғандығы мәлім болды. Жиын 

барысында  нүктесі  жоқ  баяндамадан  мезі 

болған халық олардың сөзін бөлуге мәжбүр 

болып, ымға түсінбегендерге қолдарын бірақ 

сілтеп, тайып тұрды. Бұл шараға Сарысу мен 

Жамбыл, Талас аудандарының және жергілікті 

газеттердің тілшілері шақырылған болатын. 

Ұйымдастырушылардың  салғырттығынан 

Жуалы  ауданындағы  әріптестеріміз  бұл 

жиынға келе алмады. Бір жағынан келмегені 

де  жөн  болды.    Түскі  астан  кейін  Лариса 

ханымның  жетегіне  ерген  журналистер 

қауымы  сандалғанның  көкесін  тағы  көрді. 

Тағы  да  екі  сағат  уақыт  өткізіп,  тілшілер 

Қаратауды көрмей жүргендей базар аралатып 

қойды.  Ұйымдастырушылық  қабілеті  бар 

болса, бар шығар. Дегенмен, бұл іс-шараның 

қалай    өткеніне  өзіміз  де  куә  болдық.  Бұл 

шарасыздықтан бізді Қаратау қаласының әкім 

орынбасары  Нұржан  Садықбек  пен  Талас 

ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы 

Жақсылық  Берікұлы  құтқарды.  Тілшілерді 

«Орталық» және «Жастар» саябағы мен қазіргі 

таңда  құрылыс  жұмыстарының  80  пайызы 

аяқталып  біткен  «Жамбыл  Недр»  ЖШС 

жұмысымен таныстырды. 

- Қазіргі таңда 215 жұмысшы жұмыс жасауда. 

Барлығы жергілікті азаматтар. Төменгі жалақы 

50 мың теңге, ал жоғарғысы 180 мың теңге. 

Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған 

болатын.  Осы  жылдың  аяғында  аяқтаймыз. 

Бұйырса, келесі жылдың мамыр айында алғашқы 

өнімдерді шығарамыз, - дейді отандық цемент 

өндіруді мықтап қолға алған «Жамбыл Недр» 

ЖШС басшысы Асқат Инкарбек.

Осы  секілді  өңірге  қарасты  өндіріс 

орындарындағы жағымды жаңалықтар жаны-

мызды  жұбатқандай  болды.  Дейтұрғанмен, 

аталмыш іс-шараның өту барысында орын алған 

кемшіліктерді    ұйымдастырушылар  алдағы 

уақытта ескереді деп сенеміз!

Журналистерді қажытқан жиын...



 

„

Қазақ интернет-журналистикасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аты дардай жиынның 



заты бізге (тілшілерге) мәлім болғанымен, халыққа түсініксіздеу болып қала берді. 

 

„

Астана 



қаласында өткен 

XVII Оралхан 

Бөкей атындағы 

көркемсөз оқу 

шеберлерінің 

республикалық 

байқауында 

м.Х.дулати 

атындағы 

Тарму-дің 1 курс 

магистранты, 

жерлесіміз 

Қонысбай 

ембергенов 

жүлделі                    

1- орынды 

иеленіп қайтты. 

9

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК  2015 Жыл  //



Шешім Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қыркүйекте №2748 болып тіркелген.  

8 қазан

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ үЙІ

9.00 - «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» атты 

республикалық конференция



М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАғЫ 

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

10.00 -  «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени 

экспедициясының қорытындысын шығару бойынша 

халықаралық форум

14.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы 

Жібек жолындағы пікірлесу: Орталық Азия: аймақ 

халқының ынтымақтастық тәжірибесі» халықаралық 

культурологиялық жобасының пленарлық мәжілісі 



«Аю ТРОПИК» ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫғЫ-

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

10.00 - Байкерлердің мотошеруі

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ИНСТИТУТЫ

11.00 -  «Қазақ хандығы» энциклопедиясының 

тұсаукесері



«БАЛАСАғҰН» ОКЗ

11.00 -  «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы 

Ы.СүЛЕЙМЕНОВ КӨШЕСІ

«ЖАСТАР» СТАДИОНЫ

«ҰЛАН» СТАДИОНЫ

«МАМЫР» АЛАңЫ

18.00 - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл 

облыстары өнер шеберлерінің концерті



ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

18.00 - Қ.Ысқақовтың «Қазақтар» атты тарихи-

драмалық қойылымы                           

 

9 қазан

«БАЛАСАғҰН» ОКЗ

10.00 -  «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы 

«КӨНЕ ТАРАЗ» АРХЕОЛОГИяЛЫҚ ПАРКІ

10.30 - «Көне Тараз» археологиялық паркі және 

музейімен танысу   



ТӘУКЕ ХАН КӨШЕСІ

11.00 -  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 

монументтің салтанатты ашылуы

  

«ТАРАЗ-АРЕНА» СПОРТ КЕШЕНІ

11.00  - Қазақ күресінен «Евразия барысы» 

халықаралық турнирі                                    



ТӨЛЕ БИ КӨШЕСІ

11.30  - Сиянь-Тараз «Ұлы Жібек жолы мәдениет 

керуені», республикалық «Ұлы Дала Елі» 

тарихи-мәдени экспедициясы,  «Тарих. Әйелдер. 

Қазақстан» конференциясына қатысушылар мен 

мотобайкерлердің шеруі                                

ҚР ТҰңғЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САяБАғЫ

12.00 - «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық кешені: 

- «Жәдігер» жылжымалы мұражай экспозициясы

- Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-

жәрмеңкесі  және шеберлер-класы 

- «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы - киіз 

бұйымдар қойылған балалар алаңқайы

- «Фольклор және өмір» - қазақтардың ғұрыптық 

жырлары


«Тарих доңғалағы» алаңқайы: көшпелі цирк 

бағдарламасы

- «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, 

мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық 

бағдарлама 

«Көк күйме» алаңқайы: «Сақтардан қазақтарға дейін» 

- «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы

«Дулыға» алаңқайы: «Ер қаруы – бес қару»: 

көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру 

бағдарламасы

«Ақ шатыр» сахна алаңы: «Мәңгілік сарын» - 

Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің 

бағдарламасы 

- «Беркініп садақ асынған» - қазақтың батырлық                 

жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт  

- «Жетісу әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 

- «Арқа әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері

- «Дала нақыштары» - ұлттық билерге арналған 

бағдарлама 

- «Қонақкәде» түркітілдес халықтар музыкасының,  

«Ғасырлар сазы» - фольклорлық-этнографиялық                 

ансамбльдер, «Тұран» фольклорлық және «Қоңыр» 

этно-тобының концерттері

«АТШАБАР» АЛАңЫ

14.00 - «Ат полосы» ойынының көрсетілімі

 «Ұлы дала ойындары»: аламан бәйге – 31 км, топ 

бәйге – 21 км, ұшқыр жарыс – 2,4 км

ОРТАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АЛАңЫ

«ЖАСТАР» СТАДИОНЫ

«ҰЛАН» СТАДИОНЫ

«МАМЫР» АЛАңЫ

15.00 - Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік 

Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының 

концерті

ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

16.00 - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық 

қазақ драма театрының «Ұлы арман» спектаклі



ОРТАЛЫҚ СТАДИОН

19.00 -  Ж.Ерғалиевтың «Қилы жол» атты драмалық 

қойылымы 

Гала-концерт. Мерекелік отшашу 

10 қазан

ҚР ТҰңғЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САяБАғЫ

11.00 - 22.00  «Ақ шатыр» сахналық алаңындағы 

бағдарламалар:

- «Мәңгілік сарын» - мемлекеттік академиялық 

симфониялық оркестрінің бағдарламасы 

- «Аспаптар шеруі» - қазақтың музыкалық аспаптары 

- «Тоғыз перне» - қазақ күйлеріне арналған 

бағдарлама

- «Батыс әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері

- «Азаттық жырлары» - қазақтың жыр-термелері

-  «Қонақкәде» - түркітілдес халықтар музыкасының, 

«Тұран» фольклорлық тобының, Тамара Асардың 

концерттері

- «Тараздың нұрлы түні» атты гала-концерт.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының 

БАҒДАРЛАМАСЫ

Не? Қайда? Қашан?

Жамбыл  облысы  Тараз  қаласының  қорғаныс  істері 

жөніндегі  басқармасы  келісімшарт  бойынша  запастағы 

сарбаздар  мен  сержанттарды  25744  әскери  бөліміне 

(Ақтау қаласы Маңғыстау облысы), 66597 әскери бөліміне 

(Қызылорда қаласы), 03811 әскери бөліміне (Луговой ауда-

ны), 91678 әскери бөліміне (Жуалы ауданы), 75488 әскери 

бөліміне (Ақтау қаласы). 

КЕЛІСІМШАРТ  БОЙЫНША  ӘСКЕРИ  ҚЫЗМЕТКЕ 

(әртүрлі  лауазымдарға)  шақырады.

Қойылатын талаптар: 

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 

әскери  оқытылған  резервті  даярлау  бағдарламасы                              

бойынша мамандандырылған азаматтарды (қыз балалар мен 

әйелдерді қоспағанда), мерзімді әскери қызметін өткерген 

(ер  балаларды),  жоғары  оқу  орындарының  әскери  кафе-

драсын  бітірген (запастағы сержанттарды) қабылдаймыз.

2. 19-35 жаc аралығындағы азаматтар;

3. Әскери-есептік мамандығының болуы шарт; 

4. Әскери билетінің болуы міндетті.

Толық ақпаратты алу үшін Тараз қаласы Абай даңғылы, 

144а, 2-ші бөлмеге хабарласуларыңызға болады. Байланыс 

тел.: 43-66-83. ЖЕКЕ КУӘЛІГІ  және  ӘСКЕРИ БИЛЕТІ  

болуы тиіс. 

 Жамбыл облысы, Тараз қаласының



 қорғаныс істері жөніндегі басқармасы 

Хабарландыру



Төртінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының

(кезектен тыс  қырық екінші сессия)

ШЕШІМІ

Тараз қаласы  

 

                   № 42-4                                                         12 тамыз 2015 жыл

 

«Бірыңғай тіркелген салықтың 



ставкаларын белгілеу туралы»

Тараз қалалық мәслихатының

2009 жылғы 28 сәуірдегі №17-5 

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік 

басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 

туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 

жылғы 10 желтоқсандағы   Кодексінің   422-бабына  сәйкес  

қалалық  мәслихат    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу 

туралы»  Тараз  қалалық  мәслихатының  2009  жылғы  28 

сәуірдегі  №17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-90 болып тіркелген, 2009 

жылдың 22 мамырында № 40 «Жамбыл-Тараз» газетінде 

жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларын», 

«ставкалары», «ставкаларының» деген  сөздер тиісінше 

«мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелері» «мөлшерлемелерінің» 

деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық 

мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық 

дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген 

күннен  бастап  күшiне  енедi  және  ол  алғашқы  ресми 

жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы          Балабек Нарбаев   

Шешім Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қыркүйекте №2748 болып тіркелген.  

10

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК   2015 Жыл  //



алуан

 

„

Облыс орталығында Қазақ 



хандығының 550 жылдығына орай 

ұйымдастырылған спорттық бәсекеде  

171 балуан бақ сынады.

 

„

Бокс сарайында  рахымжан Жаңабаевты еске алуға арналған жас 



кикбоксшылар арасында үшінші республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Жас барыстар 

бабында

ЖерлеСТер ТАлАБы ҚуАНТТы

Олжас әлем чемпионатына барады



 

„

5-15 қазан аралығында Катар астанасы дохада бокстан әлем чемпионаты өтеді. Төрткүл дүниенің кіл 



мықты былғары қолғап шеберлері жиналатын додада еліміздің намысын 8 боксшы қорғайды. Олардың 

қатарында күні кеше Азия чемпионы атанған жерлесіміз Олжас Сәттібаев та бар. 

11

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК  2015 Жыл  //



спорт

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жас балуандар Қазақстанның «Жас барысы» атану үшін 

іріктеу кезеңінен өтті. Жас балуандар өздерінің жеңісін Қазақ 

хандығының 550 жылдығына арнады. Кезінде Қажымұқан, 

Балуан Шолақ, Иман Жүсіптер жанына серік еткен спорттың 

бұл түріне соңғы жылдары  қызығушылық артқан. Шараны 

ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жастарды спортқа баулу, 

салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Осынау ұлан ғайыр қазақ даласын біздің ата-ба-



баларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, 

бүгінгі бейбіт күнге жеткізді. Ал бүгін ұлттық намысымыз-

ды қорғап, абыройымызды асқақтататын күн жетті. Яғни 

әлемдегі алпауыт елдердің көгінде біздің көк байрағымыз 

желбіреуі тиіс, - деп тартысты бәсекені ашып берген қала 

әкімінің орынбасары Маржан Қожаева, тамыры тереңде 

жатқан Қазақ хандығы мерекесінің мәнін айта келе, жас 

балуандарға жеңіс тіледі. 

Бұдан әрі сөз алған «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалы төрағасының орынбасары Балжан Пернебекова 

да бабы мен бағы таласқан балуандарға сәттілік тіледі. Бір 

күн бойы «Тараз-Арена» спорт сарайының боз кілемінде 

171 жас балуан белдесіп, шымырлық пен шеберліктерін 

сынға салды. Жалпы балуандар жас ерекшеліктеріне қарай 

үш топқа бөлініп, бақ сынады. Атап айтқанда 14-15, 16-17 

мен 18-19 жастағылар  бәсекеге түсті.  1998-99 жж. жастар 

жеті  салмақ  дәрежесінде,  1996-97  жж.  сегіз  салмақта, 

2000-2001 ж.ж.тоғыз салмақта белдесті.  Қалалық іріктеу 

кезеңінің қорытындысы бойынша, тек өз салмақ дәрежесінде 

бірінші орын иеленгендер ғана облыстық турнирге жолдама 

алды.  1998-99 жж. Б.Тусыбай (46 кг), А. Шоқанбай (51 кг), 

Б.Жармұхамбетов (57кг), Р.Махмуд  (64кг), А. Бескемпір (72 

кг), А. Рысбай (87 кг), А.Ақберді (+81кг), 2000-2001 жж. 

С.Сүйінбай (38 кг), А. Көшербаев (42 кг), Д. Кайратұлы 

(46кг), Б. Есіркеп (50кг), Қырғызбек (55 кг), М.Ғалымжанұлы 

(60 кг), Д.Улданбек (66кг), Асқаров (73 кг), Е.Әзімханұлы 

(+73), 1996-97 жж. А.Әлібекулы (55 кг), Әлібек Қашықбаев 

(60кг), Б.Самигулаев (66 кг), Ислам Ергешев (74кг), Жасулан 

Көрпебай (82кг), А.Жомартбек (90 кг), Е.Дүйсекүл (100 

кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) жауырындарын жерге 

тигізбей, жеңімпазға лайық шеберлік танытып, облыстық 

кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта аталған жеңімпаздар 

қаланың намысын қорғайтын болады.

Индира БАЙҚОНЫС

Өткен аптада бокстан ұлттық құраманың бас 

бапкері Мырзағали Айтжанов Дохада өтетін әлем 

біріншілігінде ел намысын қорғайтын былғары 

қолғап шеберлерінің тізімін жариялаған болатын.   

2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 

жолдамалары  сарапқа  салынатын  доданың 

мойнымызға артып отырған жүгі де ауыр. Мұны 

бапкерлер мен спортшылар қауымы да жақсы 

түсінеді. 

 Қазіргі таңда ұлттық құрама жігіттері елорда-

да соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Әлем чемпионатына қатысушылар тізімінде 

49 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы 

жоқ. Бұл салмақта Біржан Жақыпов АРВ жобасы 

аясында Бразилиядағы Олаимпиадаға жолдама 

ұтып алғанын жұрт жақсы біледі.

Ал  52  келіге  дейінгі  салмақта  шаршы 

алаңға жерлесіміз Олжас Сәттібаев шығады. 

Жуырда Таиланд астанасы Бангкокта өткен Азия 

чемпионатында жойқын жұдырықты боксшымыз 

қарсылас шыдатпай, сары құрлықтың чемпионы 

атанған болатын. Байрақты бәсеке алдында Олжас 

батырға қоңырау шалып, аз-кем сөзге тартуды 

жөн көрдік.

Қазір  нағыз  спорттық  бабында  жүрген 

оғланымыз Дохадағы дуы басым додаға сақадай-

сай екенін айтты.

- Бұл менің ересектер арасында үшінші 

рет  қатысқалы  отырған  Әлем  чемпиона-

тым. 19 қыркүйектен бастап, ұлттық құрама 

жігіттері  қызу  дайындыққа  кірісіп  кетті. 

Бапкерлеріміздің нұсқауы бойынша кемшін 

тұсымызды толықтырып, әрбір қарсыласқа 

тыңғылықты әзірлік жұмыстарын жүргізудеміз. 

Әлем біріншілігінде осал қарсылас болмайды. 

Сондықтан босаңсуға жол жоқ. Алла қолдап, 

олимпиада жолдамасын ұтып, елге абыроймен 

оралсақ деген ниетіміз бар,-деді Олжас.   

 56 келіге дейінгі салмақта Доха шаршы 

алаңына Қайрат Ералиев шықса, 60 келіге 

дейінгі салмақта Азия чемпионатының күміс 

жүлдегері Закир Сафиуллин бой көрсетеді. 

Десе де, бізде бұл салмақта олимпиаданың 

жолдамасы бар. Оны АРВ жобасы аясында Берік 

Әбдірахманов  ұтып алған-ды.

69 келіде ел намысын команда капитаны 

Данияр Елеусінов қорғаса, 75 келіге дейінгі 

салмақта  Жәнібек  Әлімханұлы  өз  атағын 

қорғайды.    

Таиланд шаршы алаңында топ жарған 81 

келі дейінгі Әділбек Ниязымбетов  осыған дейін 

әлем біріншіліктерінде тек күмісті қанағат тұтып 

келді. Енді осы жолы күрзі жұдырықты жігітіміз 

күмісін алтынға айырбастайды деп сенеміз. 91 

келіге дейінгі салмақта Мырзағали Айтжанов 

Василий Левитке үміт артып отыр. «Astana Arlans» 

боксшысы жақында ғана Азия чемпионатында топ 

жарды. Ал бастысы – қазақстандық боксшының 

еншісінде Олимпиада жолдамасы бар. Василий 

бұл жолдамаға WSB жобасындағы жеңісті жекпе-

жектерінің нәтижесінде ие болған еді.

91 келіден жоғары салмақта Доха шаршы 

алаңында Иван Дычко ел намысын қорғайды. 

Отандасымызда әлем чемпионатының күміс те, қола 

да жүлдесі бар. Жетіспей тұрғаны – алтын ғана.

Осыған дейін  Қазақстан құрамасы қатысқан 

бокстан барлық әлем чемпионаттарында 32 

жүлдеге қол жеткізсе, оның 10-ы алтын, 8-і күміс, 

14-і қола. 

 Естеріңізге сала кетейік, Дохадағы әлем 

біріншілігінде финалға шыққан екі спортшыға 

Олимпиаданың  жолдамасы  үлестіріледі.  

Алаштың ұлдарына Алла жар болсын!

Өмірәлі -  

жүлдегер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет