Сѕтбаев ќаласындаѓы



бет10/11
Дата16.08.2023
өлшемі0,61 Mb.
#105368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Экономикалық білім негіздері, 8-сынып, Қ.Ж.Ағанина, С.М.Мұсабеков, Ж.С.Мұсабеков, Ж.С.Абибуллаева, А.Ө.Дәулетқұлова, Ж.Г.Қасымова. 

  2. Экономикалық білім негіздері, 9-сынып, Қ.Ж.Ағанина, С.М.Мұсабеков, Ж.С.Мұсабеков, Ж.С.Абибуллаева, А.Ө.Дәулетқұлова, Ж.Г.Қасымова, Г.А.Назарова. Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

  3. Экономика негіздері 7-сынып «Достижение молодых» Алматы 2007 жыл.

  4. С.Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері »

  5. Нәрібаев Қ.Н. Экономикалық ғылыми зерттеулердің негіздері –Алматы, Қазақ Университеті, 1999 ж. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері –Алматы, 2004 ж.

  6. Арын Е, Сатыпалдин С, Аганина Қ, Қасимова Ж, т.б. Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі экономикалық білім беру тұжырымжамасы // Қазақстан мектебі, 2, 2001 ж.

6. Қосымша материалдар
1. « Қыңырдың жасы » есебі.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол:
- Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселесеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Шешуі:
Қыңырдың қазіргі жасын х деп алайық, сонда есеп шарты бойынша 3*(х+3)-3*(х-3)=Зх+9-Зх+9=18.
Тексеруі. 18+3=21;
18-3=15; 21*3-3*15=63-45=18.
Жауабы: Жасы 18-де.

№2. «Ескісіз жаңа болмайды» есебі.
Екі сегіз - он алты. Және сегіз және алты. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.
Бүл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше болады, себебі екпінді түрліше түсіруге болады.
Жазбаша келтірілген есеп соның бір жағдайы ғана, яғни
1) 2*8+8+6+6 =36.
Бұдан басқа есептің бірінші буынында мынандай жағдай болуы мүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46;
3) 2+8+16= 26, демек 26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек 88+8+6+6= 108.
Бүл қарастырғанымыз есептің бірінші буыны өзгеріп, екінші және үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар. Есептің бірінші және үшінші буыны өзгеретін болса не болады?
Үшінші буында екі жағдай болады:
7) бір алты, демек 6, мұны талдадық.
8) Бір және алты, демек 7.
Сегізінші жағдайды бірінші буыннан шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз. Сөйтіп мына жауаптарды аламыз:
1) 2*8+8+6+7 =37,
2) 26+8+6+7 =47,
3) 32+8+6+7 =53,
4) 88+8+6+7 =109.
Сонымен, есептің бірінші және үшінші буындарының өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет