Үстел теннисінің ережелері Қос теннис ережесі


Ракетканы ұстау тәсілдері



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі37,07 Kb.
#114198
1   2   3   4
2.Ракетканы ұстау тәсілдері.
Әлемдік үстел теннисінде ракетканы ұстау тәсілдерінің екі түрі бар: горизонтальдық (европалық) және тік (азиаттық). Осы екі ракетканы ұстау мәнері ракетканы ұстаудың тереңдігінен және күшінен айырады.
Горизонтальды тәсілде ракетка қабырғасын пайдаланып үлкен саусақтың бағытына (әмбебапты) немесе сұқ саусақпен ұстау мәнерінің айырмашылығын анықтайды. Саусақтардың санымен ұстау мәнеріндегі айырмашылық және олардың ракетка негіздемесінде орналасуында айырмашылығы болады. (сурет.1,б). Ұстаудың тік тәсілінде саусақтар ракетканың ойыналатын және теріскей беттерінде орналасуымен айырады. (сурет.1,а).
Европалық ұстау мәнерінде ракетканың тұтқасын үш саусақпен ұстайды, сұқ саусақты ракетканың шетіне дейін созып, ал үлкен саусақ келесі бетке ортаңғы саусақпен бірге орналасады. (сурет.1,б).
Бұл ұстау мәнері сан алуан шабуылдаушы және қорғаныс соққыларын орындауға ең жақын түрі болып келеді. Ол ракетканың екі жағымен де тең дәрежеде ойнауға мүмкіндік береді. Мұның өзінде ең күшті әсерге соққыларды солдан орындағанда және ойын барысында қорғаныста ойнағанда қол жеткізеді. Оң жақ беттен соққыларды орындауды жеңілдететін, европалық ұстау мәнерінің нұсқасы бар. Ракетканың ортасына жақын орналасқан сұқ саусақ, қол білезігінің ракетка бұрышын еңкейтуге көмектеседі, және соққының сапасына ықпал етеді.
Ұстау, Спортшы сұқ саусақ және ортаңғы саусақпен ракетка жазықтықтарынан ұстап соққы жасағанда, соққының күшін көбейтеді, бірақ сол жақтан ойнаған сәтте қателікке әкеп соқтырады өйткені доп жиі саусаққа тиіп қала береді. Саусақтың бұлай орналасуы ракетканың ішкі жағымен соққы жасағанда қол білезігінің иілгіштік қабілетін кемітеді.
Азиаттық ұстау «пером» тәсілінде, ойыншыдан жақын ұшып келе жатқан допты қайтару ыңғайлы болады. Осы ракетканы ұстау мәнері қолдану қол білезігі арқылы жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік береді. Бұл допты күрделі, айналдырып беретін тәсілдерді орындауға мүмкіндік береді.
Допты беру, ойынға қосу тәсілдері (подачи) Үстел теннисінде допты ойынға қосудың сан алуан нұсқаларының көптеген түрлері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет