Stem оқыту технологиясын химия сабағында тиімді қолдану



бет1/2
Дата22.04.2023
өлшемі20,47 Kb.
#85539
  1   2
Байланысты:
STEM оқыту технологиясын химия сабағында тиімді қолдану


STEM оқыту технологиясын химия сабағында тиімді қолдану

Қазіргі уақытта әлемде технологияның қарқынды жүру кезеңінде: ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертуде. Сонымен қатар, қоғамның сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде. Технологияның үздіксіз дамуы мамандардарды даярлау мен біліктілігіне қойылатын талаптарға сұраныс өзгерді. Бүгінгі таңда жоғары технологиялармен байланысты IT мамандары, программист, ақпарттық қауіпсіздік мамандары, үлкен деректер инженерлері сияқты мамандықтар жоғары сұранысқа ие. Қазірдің өзінде мамандар тек теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар күрделі технологиялық обьектілермен жүзеге асырылатын практикалық жұмыс тәжірибесімен қамтамасыз етіледі. Дегенмен, нарық заманына сай бәсекеге қабілетті мамандар тапшылығы күннен күнге көбеюде. Осындай мәселелерді шешу мақсатында STEАM білім беру жүйесінің облысында білім беру стратегиялары әзірленді.


STEАM білім беру технологиясын білім беру жүйесіндегі ең перспективті тренд деп саналады. STEM технологиясын білім жаңа термин жаңа технология болып табылады және осыдан жаратылыстану ғылымын технология, инженерия, математикамен үйлестіре отырып, жобалық дайындықпен кешенді пәнаралық тәсілмен келеміз.
Оқышылардың ғылыми техникалық көзқарасын қарқынды дамытумен күшейту мақсатында мектеп бағдарламасына енгізілуде. STEM оқытуды жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін арттыруына өз септігін тигізуде. Сондықтан ғылыми техникалық прогрестен қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
STEM білім беру технологиясы бірнеше ғылым салаларын қамтып және оларды біріктіре отырып, жүйелі түрде білім беретін оқыту технологиясы. Оқушылардың бәсекеге қабілетті шапшаң жан -жақты дайындауда тиімділігі өте зор.
STEM – білім беру технологиясы ең алдымен ғылым деген бағытты өз ішіне біріктіреді. Ғылым дегеніміз бұл адамзаттың ақыл ой жүйесін кешенді түрде белгілі бір мақсатта жұмылдырып, нақты нәтижеге, мұрат – мақсатқа қол жеткзу үшін жасалатын осы жүйеде оның нақты бағдарламасы болатын, белгілі уақыты жоспарланған және барлық қажет болған ресурстармен қамтамасыз етілген аса күрделі бағыт деп айтуға болады.
Мектепте, STEM оқыту технологиясы қалай жүзеге асырылады? Бұл сұраққа былай жауап берсек болады. Біз жоғарыда айта кеткендей қабілетсіз тұлға болмайтындығын. Ол тұлғаның қпндайда бір салаға немесе бағытқа қабілеті икемі және қызығушылығы болады. Дәл осыған байланысты зерттеу мен бақылау жүргізе отырып оқушылардың осыншама қабілеті мен икемдерін анықтап аламыз.
STEM технологиясын пайдалана отырып сабақ өту – еліміздегі орта мектептерде химия курсын ұйымдастыру барысында нәтижелі білім беруде тиімді әдістердің бірі болып табылады. STEM технологиясын химия сабағында қолданудағы басты мақсат: STEM бағдарламасы техникасын қолдану арқылы оқушылардың ең алдымен тақырып туралы құнды, тың мәлімет алу, идея құрастыру, алған ақпараты мен идея негізінде әрбірі жеке өзіндік жоба дайындау соңында түпкі өнім нәтижесін алу. Осы тұрғыда оқушыға басты талап – заманауи цифрлық техникалармен, компьютермен жабдықталып, құрастыру және үлгілеу, кративті ой және зерттеу нәтижесін біріктіре отырып жаңа өнімдер алуға қол жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет