Қиық конус және оның элементтері
Табаны мен табанына параллель қиманың арасындағы конустың бөлігін қиық конус деп атайды.
Конусты қандай да бір жазықтық қиғанда пайда болған дөңгелек пен оның табанын қиық конустың табандары, ал олардың центрлерін қосатын кесіндіні биіктігі (H ) деп атайды.
Табандарының радиусы қиық конустың радиустары болады.
r – жоғарғы табанының радиусы, R – төменгі табанының радиусы.
Табандарын қосып, канондық бетті құрайтын кесінділерді қиық конустың жасаушысы (l ) деп атайды.
Қиық конустың барлық жасаушылары тең.
Қиық конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберлері ұзындықтарының қосындысы мен жасаушы көбейтіндісінің жартысына тең.
Қиық конустың толық бетінің ауданы табан аудандары мен бүйір бетінің аудандарының қосындысына тең, яғни
мұндағы Sжоғ.таб – жоғарғы табанының ауданы, Sтөм.таб. – төменгі табанының ауданы.
Достарыңызбен бөлісу: |