І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең.1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең.Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
Азопирам сынамасы
Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді, құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.
Жабдықталуы:
азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;
астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).
Міндетті шарттар:
жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;
азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау
азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы
бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа
араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп
белгіленеді;
бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне
азопирам тамыздырылады.
Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал-саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтары болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.
Фенолфталеин сынамасы
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.