Стерилизация алдындағы тазарту


Стерилизация өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі



бет9/9
Дата11.03.2022
өлшемі4,23 Mb.
#27577
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Стерилизация өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі
  • 1. Әрбір аппараттың техникалық паспорты болу керек.
  • 2. Аппаратпен жұмыс істеу үшін 18 жастан асқан, медициналық
  • білімі, куәлігі бар адам жұмыс істеу керек.
  • Аппараттарды қолданған кезде көрсеткіштері О ге түспей ашуға болмайды.
  • 4. Аппараттар тұрған бөлме жақсы желдетілуі керек.
  • 5. Еденге қара резинадан немесе ағаштан жасалған дорожка болу керек (ток тартпау үшін және аяқ тайып кетпеу үшін)
  • 6. Аппараттардың сымдары, вилкасы, точкасы ашық немесе шнурлары жалғанбаған болуы керек.
  • 7. Арнайы аппараттардың монометрі дұрыс жұмыс жасайтын болуы керек.
  • 8. Аптасына бір рет қорытынды жуу жасалу керек.
  • 9. Аппараттар тұрған бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне болмайды.
    • ПРОЦЕДУРАЛЫҚ (МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ) ИНТЕНСИВТІ
    • ТЕРАПИЯ (РЕАНИМАЦИЯ) КАБИНЕТТЕРІНДЕГІ
    • САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ТӘРТІП
    • 1. Медициналық процедураларға байланысты процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер:
    • - бүлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;
    • - көктамырға инъекциялар мен ерітінділер құю үшін;
    • - ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;
    • - интенсивті терапия жасауға;
    • - емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға;
    • Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерінің кешені 12-14м2 -ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактерицидті шамдармен (ОБН-200 немесе ОБН-300 бір адам бөлменің 30м3 есебімен) міндетті түрде жабдықталады. Бактерицидті шамдарды 2 жылдан кейін ауыстыру қажет.
    • 3. Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана) жабдықтау табеліне сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін кұралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.
    • 4. Арнайы құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша дезинфекциялайды.
    • Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезинфекциялық ерітінді (дезерітінді) болуы керек.
    • 6. Медициналық қүралдарды қолданған соң шайып, дез ерітіні бар ыдысқа салып қояды.
    • 7. Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезерітіндімен ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық арнайы құралдар нұсқау бойынша өңделеді.
    • 8. Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерде журнал және басқа оқу-есептік құжаттарды толтыруға болмайды.
    • Дәрілік ампулаларды жинау және уақытша сақтау үшін арнайы ыдыс болуы қажет.
    • 10. Процедуралық кабинетте істейтін медициналық қызметшілер арнайы киім (медициналық халат, шөрке) киюі тиіс. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.
    • 11. Медициналық қызметшілер нұсқау бойынша қанды өңдеп, қан тиген орамалдарды күнделікті және күні бойы кірленуіне қарай ауыстырады.
    • 12. Қажетінше жұмыс күні ішінде залалсыздандырылған медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін залалсызданған жамылғышмен жабылған үстел әзірлейді. Залалсыздандырылған заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Залалсыздандырылған үстелді әзірлеу үшін мейірбике үстіне залалсыздандырылған халат, залалсыздандырылған резеңке қолғап немесе залалсыздандырылған пинцет (корцанг) қолданады.
    • Манипуляциядан кейін дезерітіндіні колдану арқылы ылғалды жинау жүргізіледі.
    • 14. Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау әдісімен дезерітінді қолдану арқылы 3 рет жүргізеді.
    • 15. Аптасына бір рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия) кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде 0,1% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналык кушетка залалсыздандырылады, қоқысты жандырып, еденді мұқият жуады, бактерицидті шамдарды 2 сағатқа қосады да, бөлмені желдетеді.
    • 16. Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия) палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.
    • 17. Егер мейірбике процедуралық кабинетті ылғалды жинауға қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі арнайы киімнен болек сақталады.
    • Егу бөлмесі
    • ИНЪЕКЦИЯ ЖАСАЙТЫН БӨЛМЕНІҢ ЖАБДЫҒЫ
    • 1. Күнделікті жұмысқа арналган медициналық заттарды сақтайтын жұмыс шкафы.
    • 2. Шұғыл медициналық көмек көрсету медикаменттеріне арналған шкаф (арнайы жинақталған).
    • 3. Жұмыс үстелі.
    • 4. Тоңазытқыш (инсулин, қан тобын анықтауға арналған сарысулар, қан препараттары).
    • 5. Залалсыздандырылған үстел.
    • 6. Раковина.
    • 7. Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс.
    • 8. Бактерицидтік шам.
    • 9. Кушетка, орындық.
    • 10. Көктамыр жүйесінің штативі.
    • 11. Жинау үшін қолданылатын дезерітінділер мен жуу құралдарын сақтайтын тумба.
    • Мейірбикенің жұмыс орны: Оның қарамағындағы палаталардан қашық болмауы керек, мейірбике орнында оның қажетті заттарымен, медициналық аспаптармен, дәрі-дәрмектерге арналған шкаф, ауру тарихын сақтауға арналған жабылатын жәшіктері бар үстел, телефон, үстел үсті шамы, компьютер мен тағы да басқа қамтамасыз етілу қажет. Арнайы дәрі-дәрмектерге арналған шыны шкафтар болуы керек.
    • Мейірбике посты
    • Мейірбикенің жұмыс орны (мейірбикелік пост)


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет