Сүтегінің асқын тотығы – стерильдеу үшін 6% ерітінді қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 50˚С, полимер, резина, шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экпозиция 360 минут, температура 18˚С. Уақыт өткен соң саймандар 2 рет стерильді сумен шайып стерильді контейнерге орналастырып қақпағы жабылады (стерильдік мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін стерильді аспапты үстел үстіне жайып қойылады.
Стерилизация үшін 1% жұмысшы ерітінді қолданылады (препараттың 200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура 180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.
Стерильденген саймандар стерильді сумен 3 рет шайылады, сосын стерильді стерилизациялық қорапшаға стерильді жайма үстіне орналастырылады.