Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер(жаңа сөздер);
Толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер (сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы: Жау келіп қалды… – келіп қалды.Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мысалы: Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні? );
Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.
Ғылыми стиль Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі:
Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу;
Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері
Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады;
Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады;
Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;
Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлдері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді:
Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Мысалы: Алюмений тез балқиды.
Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Мысалы: Бидай құнарлы жерге егіледі.
Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.
Ресми іс-қағаздар стилі Іс қағаздар дегеніміз- жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша(ауызша) қарым-қатынас құралы.