Ғылымистильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.
Публицистикалық стильде -риторикалық сұрақтар (сұраушының жауабын қажет етпеу), стильдік қайталау, антитеза(екі затты не құблысты бір-біріне қарама-қарсы қою) пайдаланылады.
Көркем әдебиет стилінде -ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора, эпитет т.б) қолданады.
Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді
Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:
Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.
Публицистикалық стиль
Ауызекі сөйлеу стилі Сөйлеу тілінде күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер, бейтарап сөздермен қатар диалект сөздер, кейде тұрпайылау(дисфемизм) сөздер де кездеседі.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беретін тілдесу сәттері:
Ауызекі тілдесу адамдардың бетпе-бет кездесуі үстінде жүреді;
Ауызекі тілдесу адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу жөніндегі әрекетіне тікелей қызмет етеді.