Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет10/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
6-семинар жұмысы
Тақырып: Қанатты сөздер жинағымен және фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау.
1-тапсырма
1. Қанатты сөздер дегеніміз не?
2. Сөздіктердің қандай түрлері бар?
3. Фразеологиялық сөздік дегеніміз не?
4. Қанатты сөздер мен фразеологизмдердің ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
5. Қанатты сөздердің мақал-мәтелдерден өзгешелігі қандай?
6. Фразеологизмдердің қолданылу аясы қандай?
7. Ұйытқы фразеологизмдер дегеніміз не?

2- тапсырма


Қанатты сөздер жинағынан Абайдың немесе қалаған жазушының қанатты сөздерін табу.

1.Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ


Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ (Абай).
2.Жоғалып табылған мал олжа
Ауырып жазылған жан олжа (Абай).
3.Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек (Абай).
4.Әкесі ұрысса балаға, ол да достық
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма (Абай).
5.Тіл көңілдің тілмәші (С.Дөнентаев).
6.Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр (Ғ.Мұстафин).
7.Сын шын болсын, шын сын болсын (М.Әуезов).

3-тапсырма


Фразеологиялық сөздіктен тіліміздегі ұйытқы сөздерге (тіл, жүрек, көз, жеті т.б.) және жанды- жануарларға (ит, қой, қоян, түйе, т.б.) байланысты фразеологизмдерді табу.

1. Жүрегі жұмсақ білген құл,


Шын дос таппай тыншымас (Абай).
2. Жанға жақсылық ойламайтын, жүрегі қара,
Наданнан сақта (Ш.Смаханұлы).
3. Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды (Абай).
4. Кей жақсының мінезі
Еділ менен Жайықтай
Ағып кетіп сөйлейді
Тілі жүйрік болған соң (Д.Бабатайұлы).
5. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық, келеді көзге сынық (Абай).
6. Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел (Абай).
7. Бірде тату, бірде араз құбылма дос
Досым түгел жеті ата жаудан жаман (Б.Күлеев).
8. Қой аузынан шөп алмас (жуас, момын)
Қой аузынан шөп алмас,
Қоңырқай момын мен болам (Н.Байғанин).
9. Түйе құйрығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жеткенде (ешқашан болмайтын)
10. Түйе үстінен ит қапты (икемсіз, епсіз адам)
Жаман туған баланың
Атасы жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар (Ш.Смаханұлы).
11. Қозы көш жер (өлшем) Ұлтан аулы және соның қасында Абай аулы Байқошқарда осыдан қозы көш жерде болатын (М.Әуезов).
12. Ақ түйенің қарны жарылды (молшылық)
Сол күннен бастап Итбай аулында ақ түйенің қарны жарылды (С.Мұқанов).

4-тапсырма


Мақал-мәтелдің негізінде пайда болған қанатты сөздерге төмендегі үлгіге қарай отырып мысал жазыңыздар.



Мақал-мәтел

Қанатты сөз

1.

Ер егесте, нар кешуде



1.

Жалған намыс қажет емес,
Ар сақтаған қажет (М.Әуезов).

2.

Жалқаулық аздырады
Еңбек оздырады

2.

Жалқау болсаң азасың,
Еңбек етсең озасың (М.Әлімбаев)

3.

Ұлықпен тіреспе,
Балуанмен күреспе.

3.

Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа (Ыбырай)

4.

Сұлу-сұлу емес,
Сүйген сұлу.

4.

Әркімнің сүйген жары өзіне сұңқар (М.Әуезов)

5.

Өлімнен ұят күшті

5.

Ажалдан әркім – ақ бір өлер
Ұяттан бір емес, күнде өлер
(Ж.Молдағалиев)

6.

Балалы үй – базар,
Баласыз үй – мазар

6.

Балалы үй-құт,
Баласыз үй-жұт (С.Талжанов)

7.

Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы күйік

7.

Балаң жаман болса
Көрінгеннің мазағы.
Атың шабан болса
Шыбын жанның азабы (Қазыбек)

5-тапсырма
Фразеологиялық сөздіктен төрт түлік малға байланысты фразеологимздер табу.

1. Сиыр құйымшақтату (берекесіз сөйлеу)


Матайдың сөзінің басы таудай болса да, аяғы сиыр құйымшақтанып келіп, қылдай болып кете барды. (М.Әуезов)
2. Ешкі көздену (алару, жақтырмау)
Ит көрген ешкі көзденіп,
Елерме жынды сөзденіп (Абай).
3. Қозы жауырын оқ (көне сөз, садақтың оғы)
Қозы жауырын қу жебе
Тарта алмасам маған серт (Ер Тарғын).
4. Аттың жалы, түйенің қомында (сүргіншілік, қарбалас)
Азамат аттың жалында,
Елім нардың қомында (Ауыз әдебиеті).

6-тапсырма


Қалаған ақын жазушының қанатты сөзін жатқа айту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет