Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет12/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
7-семинар жұмысы
Тақырып. Морфологиялық стилистикаға байланысты басылымдардан, әдебиеттерден мәтін жинап, сөз парақ жасау.

1-тапсырма


Төмендегі сұрақтарға жазба түрде жауап беріңіздер?
1. Морфология мен стилистиканың байланысы қандай?
2. Морфологиялық стилистиканың қарастыратын мәселелері қандай?
3. Стильдің төрт түріне байланысты қолданылатын морфологиялық тұлғалар, олардың өзіндік ерекшеліктері неде?
4. Сын есім шырайларының стильдік қолданылуы.
5. Қосымшалардың стильдік қолданылуының ерекшелігі.

2-тапсырма


Қалаған мәтіндеріңізді алып, қосымшалардың қолданылуына байланысты сөз парақ жасау.

Сәлемдесу әдебі.


Ініне дән тасу әлегіндегі құмырсқалар ісіне еш назар аударғансыңдар ма? Олар бастаушыларының соңынан ілесіп, жолдан адаспауға тырысады. Бірде-бір құмырсқа өзінің алдындағы серігін басып озуға ұмтылмайды. Ең қызығы сол әрқайсысы өзіне қарсы келе жатқан жолдасының мұртына мұртын тигізіп,«сәлемдесіп» өтеді. Бұл құмырсқалар қоғамының бір-бірімен қаншалықты дос, ынтымақшыл екенін көрсетеді.
Ал біз, яғни адамдар ше? Бірлік пен ынтымақта өмір сүруді қалайтын адамдар бір-бірімен кездескенде танысын-танымасын, сәлемдесіп өтуі ләзім.
Сәлемдесудің ең абзал түрі-кездескен адамның үлкен не кіші екендігіне қарамай, бірінші болып «Ассалаумағалейкүм» деу. Ал қарсы келе жатқан адам бұған жауап ретінде «Уағалейкүмассалам» деп әлік алуға тиіс.
Қымбатты балалар. Сәлем беруден жалықпаңдар. Таныс-таныс емес адамдарыңның көңілдері көтеріліп, сау-саламат жүрсін.
3-тапсырма
«Абай жолы» романынан алынған үзіндіден жұрнақтардың (сөз тудырушы және сөз түрлендіруші) түрлерін тауып, сөз парақ жасап келу немесе өзі қалаған үзіндіні алып тапсырманы орындау.

Жеңген Кәкітай да, жеңбеген ақындар да, шарды құптаушылар да Абайдың зілсіз мысқылына мәз бола түсті. Ең алғаш шапшаң үн қатқан Дәрмен еді. Жүргіншілер Ералының қазірде қуаң тартқан шалғынын біраз аралап кетті. Ол төбенің басына шыққанда, барлық аттылар сәл ғана томпайып жатқан екі моланы көрді. (М.Әуезов «Абай жолы» 7-бет).


4-тапсырма


Абай өлеңдерінен сын есім шырайларына байланысты өлең қатарларын табу.
Жай шырай
Сап-сап көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі – сары алтын.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
№ақтаған ақ күмістей кең маңдайлым,
Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
Салыстырмалы шырай
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Күшейтпелі шырай
Мінер атын, киімін ып-ықшам қып
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып
Бір көрмеге тым тәтті,
Қазаны мен қалбаңы (Дүтбайға).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет